Қолданбалы есептерді шешуде туынды қолдану. (Қайталау). Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
4 бөлім: «Математикалық модельдеу және талдау» | Мектеп: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Қолданбалы есептерді шешуде туынды қолдану (қайталау) | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару; 10.4.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару 10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару | ||||||||
Сабақ мақсаттары | - есептерді туынды көмегімен шығаруды үйрену; - қолданбалы есептің шарты бойынша математикалық модель құру. | ||||||||
Бағалау критерийлері | - туындыны пайдалана отырып, тапсырманы шешумен байланысты жағдайды моделдей алады; - алынған сөздерді зерттей алады және алынған жауапты талдай алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: түпнұсқалық есеп контекстіндегі теңдеулердің шешімдерін талқылайды және түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: Initialconditions - Бастапқы шарттар - Начальные условия. Constant of proportionality - Тұрақты – Константа пропорциональности. Rate of change - Өсу өзгерістердің қарқындары – Темпы изменений роста Proportional to –Пропорционалды - Пропорциональный. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Бастапқы шарттар. Өсу қарқыны пропорционалды... Өзгерту жылдамдығы Егер z шамасы t уақытының белгілі бір сәтінде өзгерсе, онда оның өзгеру жылдамдығы арқылы анықталады... Y функциясының t аргументіне тәуелділігі… | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу; | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Физикамен, химиямен, экономикамен және биологиямен пәнаралық байланыстар қолданбалы есептерді шешу арқылы жүзеге асырылады. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны демонстрациялық құрал және жазу құралы ретінде пайдалану. | ||||||||
Бастапқы білім | Кесіндіде функцияның ең үлкен және ең кіші мәнін табу, туындының физикалық және геометриялық мағынасы. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 2 мин | І. Ұйымдастыру сәті. Мұғалім сабақ тақырыбын жариялайды. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтайды. Бұдан әрі мұғалім бағалау критерийлерін айтады. | Презентация | |||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 18 мин 15 мин 2 мин | 2. Білімді өзектендіру. Дифференциалдау ережелерін, бірінші және екінші ретті туындының механикалық мағынасын қайталау. Туындыны қолдану мысалдары. 3. Туындыны пайдалана отырып қолданбалы есептерді шығару. Оқушылар 1-8 (презентация слайдында) физика, химия, биология бойынша қолданбалы есептерді шешеді. Шешімнің әдістері мен тәсілдерін бірлесіп талқылайды, есептеулерді орындайды, жауаптарды жазады. 4. Жұппен жұмыс істеу. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Әрбір жұп 1-қосымшаның тапсырмаларын алады. Оқушылар өз бетінше шешімдерді жұптасып талқылай отырып, тапсырмаларды орындайды, шешімін дәптерге жазады. Мұғалім қажет болған жағдайда консультациялық көмек көрсетеді, қадағалайды, түсініктеме береді, Рефлексия. Үй тапсырмасы. | Презентация Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 | |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру