Функция графигінің асимптоталары. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В бөлім: Функциялардың шегі және үзіліссіздігі | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Зинуллина С.К. | ||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Функция графигінің асимптоталары | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.1.10 Функция графигінің асимптоталары анықтамаларын біледі және асимптота теңдеуін жаза біледі; | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - Функция графигінің асимптоталары анықтамаларын біледі; - Берілген функция үшін асимптота теңдеуін жазады; | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну: - Функция графигінің асимптоталары анықтамаларын біледі; Қолдану: - Шектерді есептеу тәсілдерін қолданады және оларды кейбір функциялардың асимптоталарын жазу барысында қолданады; - Берілген функция үшін асимптота теңдеуін жазады; - Функция графиктерін салады; Анализ және Синтез: - Өз тұжырымдарын дәлелді жеткізеді; | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар Шектерді есептей алатын болады және оларды кейбір функциялардың асимптоталарын сипаттауға пайдаланатын болады. Пәнге тән лексика мен терминология: функция, үзіліс нүктелері, оң жақтан (сол жақтан) жақындау, біржақты шек, вертикаль асимптота, горизонталь асимптота, көлбеу асимптота, .
| ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды орындау (топтық, жұптық жұмыс) кезінде ынтымақтастыққа, шығармашылдыққа үйренеді. Өз арекеттерін сиппаттау барысында ашықтық, көшбасшылық, мақсаттылық қасиеттері қалыптасады. | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтада презентация арқылы жұмыстану. Графиктерді GeoGebra бағдарламасында салу. | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Функциялардың шегі және үзіліссіздігі | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут | І. Ұйымдастыру.Оқушылардың ойын шоғырландыру Мақсаты: Функция графигінің асимптоталары анықтамаларын қайталау. Сипаты: «Сәйкестендіру» тапсырмасы. Қосымша 1. Мұғалім: Оқушыларға қолдау көрсетеді, сұрақтарына жауап береді. Оқушы: Оқушылар функция графигінің асимптоталары анықтамалары бойынша «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындайды. Дескриптор: Функция графигінің асимптоталары анықтамаларын біледі Бағалау: Оқушылар анықтамалардың дұрыстығын тақтада көрсетілген жауаптарымен салыстыру арқылы тексереді және өзін-өзі бағалайды. ІІ. Ұжымдық жұмыс. Тақырыпты және оқу мақсатын ашу Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыта отырып оқу мақсатын ашу Сипаты: INSERT техникасы Мұғалім: Оқушыларға қолдау көрсетеді Оқушы: Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырыпты және оқу мақсатын анықтайды. | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6 минут 16 минут 5 минут | ІІІ. Жұптық жұмыс Мақсаты: Асимптоталарды табу алгоритмін құрастыру. Сипаты: «Алгоритм» тапсырмасы. Қосымша 2. Мұғалім: Оқушыларға қолдау көрсетеді, сұрақтарына жауап береді. Оқушылардың жауаптары бойынша кері байланыс береді. Оқушы: Оқушылар үлестірме қағаздарға жазылған сөйлемдерді ретімен орналастырып, асимптоталарды табу алгоритмін құрайды. Дескриптор:
Бағалау: Оқушылар құрған алгоритмнің дұрыстығын тақтада көрсетілген жауаптарымен салыстыру арқылы тексереді және бірін-бірі бағалайды. ІV. Жұптық жұмыс Мақсаты: Берілген функция үшін асимптота теңдеуін жазып, графигін салу дағдысын қалыптастыру Сипаты: Деңгейлік тапсырма. Қосымша 3. Мұғалім: Оқушыларға қолдау көрсетеді. Оқушылардың жауаптары бойынша кері байланыс береді. Оқушы: Оқушы құрбысымен бірге талдай отырып А және В деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды. Дескриптор:
Бағалау: Мұғалім оқушылардың жұмыс әрекеттерін бақылай жүріп бағалайды және кері байланыс береді. V. Жеке жұмыс Мақсаты: Берілген функция үшін асимптота теңдеуін жазу дағдысын қалыптастыру Сипаты: Бекіту есептері. Қосымша 4. Мұғалім: Оқушыларға қолдау көрсетеді. Әр есеп бойынша кері байланыс береді. Оқушы: Оқушылар вертикаль, горизонталь және көлбеу асимтота табуға берілген 3 тапсырма орындайды. Дескриптор:
Бағалау: Оқушылар жұмыс дәптерлерін ауыстырып, тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарымен салыстыра отырып бірін-бірі бағалайды және негіздейді. | ||||||||||||||||
Сабақтың Соңы 5 минут | 1.Үй тапсырмасы 2. Рефлексия Мақсаты: Осы тақырыпты оқушының қаншалықты игергенін анықтау. Сипаты: «Таңдау» әдісі. Мұғалім: Қажет болған жағдайда оқушы сұрағына жауап береді. Оқушы: Кесте толтырады:
| ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, деңгейлік тапсырмалар және қосымша тапсырмалар құрастырылды. | Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды. | Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: тақырыпқа шығұ 2: топтық жұмыс Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: тереңдету - дифференциацияның принципі негізінде сабақ жоспарын құру 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру