Функция графигінің асимптоталары. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:10.3В бөлім: Функциялардың шегі және үзіліссіздігі | Мектеп:Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жоламанова А.Т. | |||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Функция графигінің асимптоталары | |||||
Осы сабақта Қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.1.10 Функция графигінің асимптоталары анықтамаларын біледі және асимптота теңдеуін жаза біледі; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар асимптота ұғымымен танысады, берілген функция үшін асимптота теңдеуін жазуды және функция графигін схемалық түрде салуға үйренеді | |||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну: -асимтота ұғымын түсінеді; - асимптотаның анықтамасын біледі; Қолдану: - берілген функция үшін асимптота теңдеуін жазады; - функция графиктерін салады; -функция графигін GeoGebra бағдарламасының көмегімен салады; Анализ : - есептеулерден қажетті қорытынды жасайды; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар айнымалының белгілі бір бекітілген нүктеге жуықтау барысында функцияның беталысын сипаттайды; Пәнге тән лексика мен терминология: -функция -нүкте -үзіліс нүктелері - оң жақтан (сол жақтан) жақындау -шек -өсімше - асимптота… Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: функцияның мәні ... ұмтылады осы нүктеде функцияның шегі ... тең -функцияның нүктедегі шегін табу бізге ... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар математикалық тілде сөйлеу дағдысын, ақпаратты өңдеу және қарым-қатынас дағдысын жетілдіреді. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Жаңа тақырыпты игеру барысында презентация қолданылады, оқушылар қолданбалы GeoGebra бағдарламасымен жұмыс жасайды. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегін есептейді | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Жұмысқа жағымды ахуал. 2. Миға шабуыл. Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегін есептеуге берілген тапсырмалар. Мақсаты: Функция шегін есептеу дағдысын қайталау Сипаты: әр оқушыға бір тапсырма беріледі, тапсырма орындалып болған соң оқушылар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа тапсырма жауабы 1, екінші топқа тапсырма жауабы 2 шыққан оқушылар, ал үшінші топқа қалған оқушылар топтасады. Оқушының әрекеті: бір тапсырманы орындайды, жауабы арқылы өз тобын табады. Мұғалімнің әрекеті: сынып жұмысын бақылайды, тапсырма жауаптарын тексереді. Егер оқушы есепті шығара алмаса, онда басқа оқушылардың көмегін ұйымдастырады. Бағалау: ауызша бағаланады.. Дескриптор: - шекті есептейді; - шексіздіктерді анықтайды. | Қосымша 1 | ||||
Сабақтың ортасы 8 минут 3 минут Тапсырманы талдау 10 мин Таныстырылым 10 мин Бағалау 3 мин | 3. Жаңа тақырыпқа кіріспе (проблемалық оқыту) Мақсаты: оқушылардың функция туралы білімдерін тексере отырып, ойлау қызметін белсендіру, функция графигін салу үшін асимптота табудың қажеттілігін түсіндіру Сипаты: оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, содан соң оқушы жауабын нақтылау үшін қажетті слайд көрсетіледі. Оқушының әрекеті: сұрақтарға жауап береді Мұғалімнің әрекеті: әңгіме жүргізеді, жауаптарға түзету енгізеді, презентациямен жұмыстанады Бағалау: ауызша бағаланады. Дескриптор: -асимптота ұғымын біледі; -шексіздікке және фунция анықталмаған нүктеге жуықтаған кездегі функцияның графигінің бағытын түсінеді; -асимптотаның түзу болатынын түсінеді Сұрақтар: -Асимптота туралы не білесіз? - Қалай ойлайсыздар, шексіздікке және фунция анықталмаған нүктеге жуықтаған кездегі функция графигі қандай болады? -Асимптотаға анықтама беріп көріңіз. - Асимптота нені білдіреді? -Қалай ойлайсыздар, қандай асимптоталар болуы мүмкін? - Функция графигінің неше асимптотасы болуы мүмкін? -Функция графигінің асимптотасын табу дегеніміз не? 4. Оқу мақсатын ашу Мақсаты: оқушыларды оқу мақсатымен және сабақ мақсатымен таныстыру, оқушыларды бағалау критерийлерін құрастыруға дағдыландыру Сипаты: сыныпта бағалау критерийлерін талдау жүргізіледі Оқушының әрекеті: бағалау критерийлерін құрастырады Мұғалімнің әрекеті: оқушыларға қолдау көрсетеді және талдаудан кейін тақтаға бағалау критерийлерін шығарады Бағалау: мадақтау Дескриптор: - бағалау критерийлері дұрыс құрылған; 5.Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша «Жоба жұмысы» стратегиясы (Жаңа дағдыны игеру) Жұмыс түрі: топтық Мақсаты: жаңа тақырыпты игеру, оқу мақсатына жету Сипаты: әр топқа үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар тапсырмаларды талдап, флипчарттарға рәсімдейді және сынып алдында сөйлеуге әзірленеді Оқушының әрекеті: үлестірме қағаздағы тапсырманы оқиды, дәптерлеріне жазып орындайды, оны флипчартқа рәсімдейді, сынып алдында баяндайды Мұғалімнің әрекеті: оқушылардың жұмыстарын бақылайды, жетелеу сұрақтары арқылы оларға көмектеседі Бағалау: топтар бірін - бірі бағалайды Дескриптор: -асимптотаны дұрыс табады;асимптотаны дұрыс салады; -функция графигін схемалық түрде дұрыс салады; -графиктің дұрыстығын GeoGebra бағдарламасының көмегімен тексереді; -баяндау барысында оқушы тақырыпқа байланысты пәндік лексика мен терминалогияны сауатты қолданады. | Презентация Қосымша 2 | ||||
Сабақтың соңы 3 минут | 8. Рефлексия. Мақсаты: осы тақырыпты оқушының қаншалықты игергенін анықтау. Сипаты: бағалау критерийі бойынша бір оқушымен талдау жүргізіледі
Оқушының әрекеті: өз білімін бағалау критерийі бойынша бағалайды Мұғалімнің әрекеті: оқушылармен әңгімелеседі, сұрақтар қояды Бағалау: өзін- өзі бағалау жүзеге асады, алдағы сабақтарда оқушыларды қай бағытта дамытудың жолдары анықталады. 9. Үй тапсырмасы Мақсаты: жаңа тақырыпты бекіту Сипаты: әр оқушыға қағаз бетіне шығарып, дайындалған тапсырмалар беріледі Бағалау: бағалау келесі сабақта жүзеге асады Дескриптор: -асимптотаны дұрыс табады; -правильно изображена асимптотаны дұрыс салады; -функция графигінің схемасын дұрыс салады. | Қосымша 3 | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау оқушылардан күтілетін нәтиженің әр түрлілігінен көрінеді: қабілеті жоғары оқушылар сабақ барысында өз идеяларын ұсынады, кейбіреуі сол идеяны қолдайды және дамытуға тырысады, ал кейбірі бұл идеяны тек түсіну дәрежесінде қалады. | Мұғалім сыныптық талдау барысында оқушылардың осы тақырыпты қаншалықты игергендігін анықтау үшін сұрақтар қояды. Сабақ соңында оқушылар өз білімін бағалау критерийі бойынша бағалайды және алдағыуақытта өзін қай бағытта дамыту керек екенін анықтайды. | Оқушылардың оқу әрекеттерін өзгертіп отыруы олардың шаршамауына мүмкіндік береді. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру