Үйлесімсіз оқиғаларды көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Оқушының жұмыс парағы №2. Үйлесімсіз оқиғаларды көбейту ережелері.

Сабақ мақсаттары: Ықтималдықтың көбейту заңдылығын үйлесімсіз оқиғалар үшін тұжырымдайды және есеп шығару барысында қолданады.

Өзіндік жұмыс.

1 вариант.

2 вариант.

1. Кеңсе заттарын сату дүкенінде 120 қаламсап бар, оның 15і қызыл, 22і жасыл, 27 фиолетовый, сондай ақ қалғанының теңдей жартысы көк және қара. Алисаның кездейсоқ көк немесе жасыл түсті қаламсап таңдау ықтималдылығын табыңыз.

1. Кеңсе заттарын сату дүкенінде 120 қаламсап бар, оның 15і қызыл, 22і жасыл, 27 фиолетовый, сондай ақ қалғанының теңдей жартысы көк және қара. Алисаның кездейсоқ қызыл немесе жасыл түсті қаламсап таңдау ықтималдылығын табыңыз.

2. Ойын сүйегі (кубик) бір рет лақтырылды. 3-тен кем емес ұпай түсу ықтималдылығын табыңыз.

2. Ойын сүйегі (кубик) бір рет лақтырылды. 2-ден кем емес ұпай түсу ықтималдылығын табыңыз.

Жұптық жұмыс.

1- Тапсырма. Екі жәшіктің бірінде 18 шар бар делік, оның 3 қызыл, ал екиншісінде 24 шар бар, оның 4 қызыл. Әр қораптан кездейсоқ бір-бір шардан алады. Екі шардың екеуі де қызыл болып шығу ықтималдылығын анықтаңыз.

2. Карточкаларда бірден тоғызға дейінгі сандар жазылған. Сан жазылған жағын төмен қаратып төнкеріп, араластырдық. Кездейсоқ бір карточка тандалып, нөмері жазылады да қайта араларына қойылады. Қайта араластырамыз. Сосын тағы бір карточка тандалынып нөмері жазылады. Екі карточканын да нөмерлері жай сан болып шығу ықтималдылығын анықтаңыз.

«Қатені тап

1. Ойын сүйегін екі рет лақтыру кезінде 6лық түсу ықтималдылығын анықтаңыз:

2. Ойын сүйегін бір рет лақтыру кезінде 6лық немесе 2 түсу ықтималдылығын анықтаңыз:

3. «Қазақстан чемпионатының келесі кезеңіне өту үшін, «Астана» футболдық командасына жоқ дегенде екі ойыннан 4 ұпай жинау керек. Егер команда ұтса онда оларға 3 ұпай, егер теңбе-тең болса онда— 1 ұпай, егер жеңілсе— 0 ұпай беріледі. Команданың келесі чемпионатқа өту ықтималдылығын табыңыз.(Әр ойында ұту және ұтылу ықтималдылығы бірдей 0,4-ке тең)».

Шешуі. Р(А)=0,4+ 0,4=0,8

Р(В)=0,2∙0,4=0,08

Р(С)= 0,2+0,4=0,6

Жауабы: 1,48

4. Батарейкалар жарамсыз екендігінің ықтималдылығы 0,06 тең. Кездейсоқ тандалынған қораптың ішінде екеуі жарамсыз. Екі батарейканың да жарамды болу ықтималдылығын анықтаңыз.

Шешуі:

Жауабы: 0,8836.

Топтық жұмыс.

1)  Тараз қаласының ауа райын бақылау кезінде::

 1. Маусым айының таңертенгі уақыты болса, жаңбыр жауу ықтималдылығы 0,1.

 2.Егер маусымның азанғы уақыты бұлтты болса, жаңбыр жауу ықтималдылығы: 0,4.

 3. Маусымның азанғы уақыты бұлтты болу ықтималдылығы: 0,3.

Маусымның кездейсоқ таңдалынған күні жаңбырсыз болу ықтималдылығын анықтаңыз.

2. Ковбой Джон қабырғадағы шыбынға 0,7 ықтималдылығымен тиеді, егер атылған мылтықпен атса. Егер Джон атылмаған мылтықпен атса, 0,3 ықтималдылықпен тигізеді. Столда 10 мылтық тұр, оның 2 ғана атылған. Ковбой Джон қабырғадан шыбын көріп, кез-келген мылтықты таңдап атады. Джонның шыбынға тигізе алмау ықтималдылығын анықтаңыз.

3. Ойын сүйегін 2 рет лақтырылды. Екеуінде де 3-тен жоғары сан түсетін ықтималдылығын табыңыз.

4. Ойын сүйегін 2 рет лақтырды. Біріншісінде 3

-тен көп, екіншісінде 3-тен төмен сан түсетін ықтималдылығын табыңыз.

5. Тиынды үш рет лақтырды. Алғашқы екі лақтыруда бірдей жағымен түсетін ықтималдылығын табыңыз.

Үй жұмысы:

1. Ойын басталмай тұрып, жетекші қай команда бірінші шығатынын білу үшін тиын лақтырады. «Физика» командасы әртүрлі командалармен үш матч ойнайды. Бұл ойындарда «Физика» командасы жребяны екі рет ұтып алу ықтималдылығын табыңыз.

2. Бөлме екі лампамен жарық болады. Бір жылдың ішінде бір лампаның күйіп кету ықтималдылығы 0,3. Жыл ішінде кемінде бір лампаның күйіп кетпеу ықтималдылығын табыңыз.

Рефлексия.

  • Бүгін мен не білдім?
  • Маған жеңіл болды ма ,әлде қиын ба?
  • Мен түсіндім ба, әлде қиындықтар болды ма?
  • Мен жаңа нәрсе үйрендім ба?
  • Мен нәтижеге жете алдым ба?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу