Үйлесімсіз оқиғаларды қосу ережелері. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Оқушының жұмыс парағы №1. Үйлесімсіз оқиғаларды қосу ережелері.

Сабақ мақсаты: Ықтималдықтың қосу заңдылығын үйлесімсіз оқиғалар үшін тұжырымдайды және есеп шығару барысында қолданады.

Бағалау критерийі:

Оқушылар

  • үйлесімсіз оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын тұжырымдайды;
  • есеп шығару барысында, үйлесімсіз оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын қолданады;.

Қайталау.

1. Ойын сүйегінің бір рет лақтырылуына байланысты, үйлесімді және үйлесімсіз оқиғалар жұптарын анықтаңыз.

  • 3 ұпай түсті,
  • Тақ санды ұпай түсті,
  • 4тен кем ұпай,
  • 6 ұпай,
  • Жұп санды ұпай,
  • 4 упайдан артық түсті.

2. А оқиғасы: 6 ұпай түсті. B оқиғасы: 6 ұпайдан кем түсті. А және В оқиғаларын қалай атауға болады?

Егер С оқиғасы А немесе B үйлесімсіз оқиғаларының бірі орындалатынын білдірсе, онда С ықтимықтималдылығы мынаған тең: _____________________________________________________

Ықтималдықтың қарама-қарсы оқиғалар үшін қасиеті.

Қарама-қарсы оқиғалар үшін ықтималдықтың қосындысы:_____________________________

Жұптық жұмыс.

1. Математика пәні бойынша оқушыға емтихан сұрақтардың біреуі ғана түседі. Ол сұрақтың «Тригонометрия» бөлімінен болып түсу ықтималдылығы 0,25-ке тең. Ал «Тізбектер» бөлімінен түсу ықтималдылығы 0,1-ге тең. Екі бөлімге де қатысты сұрақ жоқ. Сұрақтың екі бөлімнің біреуінен келу ықтималдылығын табыңыз.

2. Екі кубиктен түскен санның қосындысы 9-дан кіші болу ықтималдылығын табыңыз?

3. 10 емтихандық билет бар. Оқушы ішінен бір билетті тандап алады. Билеттің номері жай сан немесе 7-ден үлкен сан болып шығу ықтималдылығы қандай.

Задачи для самостоятельного решения.

1. Дүкенге төрт қоймадан жәшіктерге салынган өнімдер алып келінді: төртеуі 1-ші, бесеуі 2-ші, жетеуі 3-ші және төртеуі 4-ші қоймадан. Сатылуға бір жәшік тандалынды. Ол 1-ші және 3-ші қоймадан әкелінген жәшік болып шығу ықтималдылығы қандай.

2. Лотареяда 1000 билет бар; сонын ішінен бір билетке 500 руб. ұтыс бар, 100 билетке - ұтыс 100 руб.ден , 50 билетке - 20 руб.ден ұтыс, 100 билетке- ұтыс 5 руб., қалғандары ұтыссыз билеттер. Бір кісі билет сатып алады. Сол билеттен 20 руб.кем емес ұтыс ұту ықтималдылығын табыңыз.

3. Үш қоймада, бомба атысу ойыны жүргізіледі. Бір ғана бомба атылады. 1-ші қоймаға тигізілу ықтималдылығы 0,01; 2-ші - 0,008; үшіншіге – 0,025. Кез-келген бір қоймаға тигізілген бомба, үш қойманы да жарады.Қоймалардың жарылу ықтималдылығын анықтаңыз.

4. Аңшы төрт бөлікке бөлінген нысанаға атады. Бірінші бөлікке түсу ықтималдылығы 0,5; екіншіге –0,2; үшіншіге – 0,08. Аңшы бірінші, екінші және үшінші бөлікке түсу ықтималдылығын табыңыз.

5.Жаңа сканердің бір жылдан көп уақытқа қызмет ету ықтималдылығы 0,96-ға тең. Екі жылдан астам уақытқа қызмет ету ықтималдылығы 0,87-ге тең. Бір жылдан көп, бірақ екі жылдан кем уақытқа қызмет ету ықтималдылығын табыңыз.

6.  Қорапта 10 қызыл және 6 көк түсті түймелер бар.Саттілікке орай екі түйме тандалып алынды. Олардың бір түсті болу ықтималдылығы қандай?

Рефлексия сұрақтары:

Бүгін мен не білдім? _____________________________________________________________________________________

Маған жеңіл болды ма ,әлде қиын ба? ______________________________________________________________________________________

Мен түсіндім ба, әлде қиындықтар болды ма ? ______________________________________________________________________________________

Мен жаңа нәрсе үйрендім ба?

______________________________________________________________________________________

Мен нәтижеге жете алдым ба?

______________________________________________________________________________________

Үй жұмысы:

1. Тирдағы нысан 3 бөлікке бөлінген. Бірінші бөлікке тигізу ықтималдылығы 0,15,екіншіге– 0,23,үшіншіге– 0,17. Нысанаға тигізу және тигізе алмау ықтималдылығын табыңыз.

2. Қорапта бірдей көлемді 30 доп бар: 10 қызыл, 5 көк и 15 ақ. Қарамай түрлі-түсті(ақ түсті емес) доп таңдау ықтималдылығы қандай екендігін анықтаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу