y=sin(x) функциясының графигі. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық функциялар | Мектеп: Шымкент қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | функциясының графигі | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | МН10.14 Функциялардың анықтамалары мен қасиеттеріне сүйене отырып, тригонометриялық функциялардың графиктерін салады | |||||||||
Сабақ мақсаттары | тригонометриялық функциялардың графигін салады; функциялардың графиктерін түрлендіруді орындайды; | |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
y= sin b x функциясының графигі b>1 болғанда | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу, физика | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://bilimland.kz/kk/home#lesson=5988, https://www.desmos.com/calculator | |||||||||
Бастапқы білім | бұрыштың радиандық өлшемі түсінігін біледі, тригонометриялық функциялардың анықтамаларын біледі, келтіру формулаларын біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру.
2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | 1-2 слайд | ||||||||
Сабақтың ортасы БТ 15 минут Қ 9 минут 10 минут | Алдын-ала дайындалып қойылған синустың бірлік шеңбердегі және координаталық жазықтықтағы кескіні салынған сызбаны оқушыларға таратып қоямын. 1. Білу және түсіну Оқушыларға алдындағы таратпа материалдағы синустың бірлік шеңбердегі 00 ден 3600 бұрыштардағы мәндерін координаталық жазықтыққа ауыстыруды ұсынамын. Периодты ескеріп сызбаны жалғастыруын ұсынамын. Пайда болған нүктелерді қосып, график түзуін сураймын. Синус функциясының графигі осылай шығатынына көздерін жеткізіп, синусойда ұғымын енгіземін. Синусойда функциясының графигінің өмірде қолданылуын https://bilimland.kz/kk/home#lesson=5988 бейнеүзік арқылы көрсетуге болады. Жеке жұмыс. Қолдану. Оқушыларға графикті қолданып келесі сұрақтарға жауап беруін ұсынамын.
Әр топ өз шешімін ұсынады. Жауаптар талқыланады және толықтырылады. Топтық жұмыс. 1-топ 1) Бір координаталық жазықтыққа салу y = sinx; y = 3 sinx; y = sin x – 2 2) Функцияның анықталу, мәндер облысын, периодын тауып у = sin 2x + 3 функцияның графигін салыңдар. 2-топ 1. Бір координаталық жазықтыққа салу y = 2sinx; y = sin(x+); y = sin 2x 2. Функцияның анықталу, мәндер облысын, периодын тауып у = sin 3x + 2 функцияның графигін салыңдар. | https://bilimland.kz/kk/home#lesson=5988 Бірдей қайталанатын бірлік шеңберлер мен графиіктер: http://www.mathsisfun.com/algebra/trig-interactive-unit-circle.html https://www.desmos.com/calculator М 3-5 слайд Ұ Ө 7-9 слайд 10 слайд | ||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 3 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: теорияны оқып келу және төмендегі тапсырмаларды орындау: 1 Тапсырма Функцияның графигін салып, қасиеттерін сипаттаңыз.
| 14 слайд | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Сараланған тапсырмалар жұптық жұмыста және үй жұмысының тапсырмаларында көрсетілген. | Меңгерілген білімдерін тексеру үшін жұптық жұмыс жүргізіледі. | Оқу процесінің күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуына жағдай туындатамын. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру