Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы. Алгебра, 9 сынып, презентация. 5 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Арифметикалық прогрессия
АП 10.4 арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесінің формуласын, алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласын қорытып шығарады және қолданады;
Оқу мақсаттары
d=an+1-an
Анықтама. Тізбектің әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне бірдей тұрақты санды қосқанда пайда болған тізбекті арифметикалық прогрессия деп аталады.
Қосылатын тұрақты сан арифметикалық прогрессияның айырмасы деп аталады және d әрпімен белгіленеді.
Арифметикалық прогрессияның n –ші мүшесінің формуласы
2-тапсырма.
a1
a2=a1+d
a3=a2+d=(a1+d)+d =a1+2d
a4=a3+d=(a1+2d)+d=a1+3d
a5=a4+d=(a1+3d)+d=a1+4d
……………………..
an=a1+(n-1)d
an=a1+d (n-1)
6-тапсырма. 2, 9, 16, 23, 30, … тізбегі берілген.
a) берілген тізбек арифметикалық болатындығын көрсетіңіз. [1]
b) n-ші мүшесінің формуласын табыңыз. [2]
c) 100-ші мүшесін табыңыз. [2]
d) 828 тізбектің нешінші мүшесі болып табылады? [2]
е) 2341 тізбектің нешінші мүшесі болып табылады? [2]
7-тапсырма. Дем алушы, дәрігер кеңесі бойынша, бірінші күні 5 минут күнге қыздырынды. Келесі әрбір күндері күнге қыздырыну уақытын 5 минутқа көбейтіп отырды.
Табыңыз:
а) Егер ол күнге қыздыруын сәрсенбі күні бастаған болса, онда аптаның қай күні оның күн астында болу ұзақтығы 40 минут болар еді?
б) берілген мысал арифметикалық прогрессия болатындығын көрсетіңіз
с) n-ші мүшесінің формуласын табыңыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру