Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2С бөлім: Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктердің графиктік берілуі

Мектеп: Талдықорған қалалық физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нүсіпханұлы Б.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.4 

екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу.

 Сабақ мақсаттары

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу дағдыларын қалыптастыру

 Жетістік критерийлері

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің анықтамасын білу.
  • Екі айнымалысы бар әрбір теңсіздіктегі y айнымалысын x арқылы өрнектеу.
  • Теңсіздіктердің графигін бір координат жүйесіне салу.
  • Барлық нүктелердің ортақ облысын табу.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

  • сызықтық/квадраттық/бөлшек теңдеулер;
  • айнымалы/ось(тер)/масштаб/қисық;
  • қиылысу/қиылысу нүктесі;
  • мәндер кестесі/нүктелер жиыны;
  • алмастыру/түрлендіру;
  • түзу/қисық/ график салады;
  • нүктелерді графикте кескіндеу;
  • қисықты салады;
  • шеңбердің теңдеуі;
  • қисықтың теңдеуі;
  • штрихталған аймақ (аудан).

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Оx және Оy осьтері … болып келеді;
  • Түзудегі / қисықтағы нүктелер…
  • Осылайша түзу … болып келеді;
  • х және у осьтерінің координаталары оң немесе теріс;
  • Координаталар реттелген жұп түрінде … жазылады;

Теңдеудің түбірлері … қиылысу нүктелері болып табылады;

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқи алу, өз бетімен ақпаратты алу, жағдайды талдау, жаңа жағдайға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, өзінің және өз тобының жұмысының сапасына жауап бере алу, өз уақытын ұйымдастыра алу, сабақтарда түрлі мәдениет пен пікірлерге құрметпен қарауды тәрбиелеу біліктілігі.

Құндылықтарды дарыту сабақта іс-әрекеттің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Экономика

 АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешудің тәсілдерін біледі; графиктерді салу дағдыларын меңгерген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

  • Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру
  • Оқушылардың білімін өзектендіру
  • Сызықты функцияның графигі қандай болады?
  • Квадраттық функцияның графигі туралы не білесіздер?
  • Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын оқушылармен бірге анықтау

STARTER(Сәйкестікті орнатыңыз)

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

2 мин

10 мин

І. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мұғалім тақырыпты презентация көмегімен түсініктеме бере отырып түсіндіреді.

Анықтама:

Жүйе құрамындағы теңсіздіктердің арасында сызықтық емес екі айнымалы теңсіздік болса, онда ол екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі деп аталады.

Мысалы, келесі жүйе екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер саналады:

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі деп жүйенің әр теңсіздігін дұрыс сандық теңсіздікке айналдыратын айнымалылар мәндерінің жұптарының жиынын айтамыз.

Мысалы, координаталары (0; –1) болатын нүкте келесі екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің шешімдерінің бірі болады:

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу үшін сол жүйенің әрбір теңсіздігінің шешімдер облысын кескіндеу қажет. Барлық нүктелері үшін ортақ облыс теңсіздіктердің шешімі болады.

Мысал.

Теңсіздіктер жүйесінің шешімін қарастырайық;

Әрбір теңсіздіктегі y айнымалысын x арқылы өрнектейік;

Координаталық жазықтықта f (x) = 1 – x және 

g (x) = x2 – x – 2 функцияларының графиктерін саламыз.

Берілген теңсіздіктер жүйесінің шешімі  f (x) =1 – x түзуінің төменгі және  g (x) = x2 – x – 2 параболасының жоғарғы облыстарының қиылысуы болып табылады. Яғни параболамен және түзумен шектелген облыс.

Мақсаты: Екі айнымалысы бар әрбір теңсіздіктегі y айнымалысын x арқылы өрнектеу.

Бағалау: мұғалімнің сұрақтарына жауап беруі арқылы бағаланады.

ІІ. Білімді бекіту. Жұптық жұмыс.

Мақсаты: Есеп шарты бойынша графикті дұрыс сала алу.

Бағалау: Жұптар бірі - бірінің жұмысын салыстырады. Мұғалімінің дұрыс жауабымен тексереді.

Шығарылған есептерге мұғалім кері байланыс береді.

ІІІ. Сергіту сәті (https://www.youtube.com/watch?v=aa1w6pREua8&list=

PLkoKTZOeVYeObOi6jr-5w_uU3VvvSGxIh)

Оқушылар орындарынан тұрып, музыка ырғағымен ретсіз қозғалады. Музыка тоқтағанда бесеуден, кейін төртеуден, сосын үшеуден топтасу керек. Топқа кірмеген оқушылар ойыннан шығарылады.

Мақсаты: Оқушылардың қозғалысын қамтамасыз ету. Кинестетик типті оқушылардың қозғалыста болуын ескеру.

IV. Өзіндік жұмыс

Мақсаты: Теңсіздіктер мен графиктерді сәйкестендіре отырып, оқушылардың екі айнымалысы бар теңсіздіктерге графикті дұрыс салуға дағды қалыптастыру.

Бағалау: Оқушылар бір - бірінің жұмысын салыстырады. Мұғалімінің дұрыс жауабымен тексере отырып, бір – бірінің орындаған тапсырмаларына кері байланыс береді.

Шығарылған есептерге мұғалім кері байланыс береді.

V. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы

Презентация

Қосымша 2-3

Қосымша 4-5

Қосымша 6

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысын белгілі сабақтың жетістік критерийлері бойынша бағалайды

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу