Квадрат теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңсіздіктерді шешу

Сабақтың түрі

Білімді қолдану

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.8

квадрат теңсіздіктерді шешу

Сабақтың мақсаты

Аралықтар әдісі арқылы квадрат теңсіздіктерді шешеді.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадрат теңсіздіктің шешімі қай аралықта жатқанын түсінеді

Қолдану

Квадрат теңсіздіктерді шешеді

Анализ және синтез

Квадрат теңсіздіктің қандай түріне жататынын талдайды.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар нақты жағдайда квадрат теңсіздіктің шешімі неге олай болатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

квадрат теңсіздік

функция нөлдері

парабола тармақтары

аралық

бос жиын

дискриминант

анықталу облысы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Дискриминантты есептейміз.

Сызықтық көбейткіштерге жіктейміз.

көбейтіндісі...

Құндылықтарды дарыту

Өздігінен оқу дағдысы.

Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Математикалық моделі квадраттық функция болатын әртүрлі жағдайларда квадрат теңсіздіктерді шешу дағдысы қажет болады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар сызықтық теңсіздік пен квадрат теңдеулерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин

4 мин

8 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, сабақтың мақсатын талқылайды. Жағымды психологиялық орта құру.

«Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы оқушыларды 3 оқушыдан шағын топтарға бөлу.

Үй тапсырмасының орындалуын тексеру

Пайда болған шағын топтарда оқушылар үй тапсырмаларын тексереді, бір-біріне комментарийлер қалдырады.

Қайталау тапсырмасы

Оқушыларға орындауға графиктік әдіспен шығарылған квадрат теңсіздіктерді шешу жолдары ұсынылады. Бірақ бірнеше теңсіздіктің шешімінде қателіктер бар. Оқушылар осы қателерді тауып, дұрыс жауабын көрсетулері керек. Кейін көршісімен жұмыстарын алмастырып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді, талқылайды.

Дескрипторлар

- Шешімінде қате бар есептер анықталған

- Қателер түзетіліп, дұрыс жауап жазылған

Презентация

1-3 слайдтар

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

6 мин

20 мин

Жалпы сыныппен орындауға арналған тапсырма

Алдымен оқушыларға көршілерімен бірге талқылай отырып, орындауға уақыт беріледі. Мұғалім жетелеуші сұрақтар арқылы олардың өздіктерінен орындап шығуларына көмектеседі. Кейін дұрыс жауабы мен рәсімделуі тақтада талданып көрсетіледі.

Тапсырма:

Берілген функциялардың анықталу облысын анықтаңыз:

Жеке жұмыс

Тақтада есептердің нөмірлері жазылады, оқушылар тапсырманы орындап болған соң мұғалімге барып қалай шешкенін түсіндіреді. Егер барлығы дұрыс орындалса, оқушы өзінің атын тақтадағы сәйкес ұяшыққа жазады және осы тапсырманы шешкен келесі оқушыны тексереді. Оқушыларға көмек ретінде сыныптың бөлмесіне әрбір есептің шешу жолы жазылған парақтар ілінеді. Оны қарауға барғанда оқушы қаламсыз баруы керектігін ескерту керек.

Берілген функциялардың анықталу облысын табыңыз:

Дескрипторлар

- Өрнектің мағынасы болатын шарт құрастырылған

- Квадрат теңсіздік дұрыс шешілген

- Жауап жазылған

4 слайд

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы

Берілген функциялардың анықталу облыстарын табыңыз:

Берілген теңсіздікті графиктік әдіспен және аралықтар әдісімен шешіңіз:

Рефлексия

Оқушыларға 3 түсті шеңберлер таратылады. Олар өздері таңдаған шеңберді көтереді.

Жасыл: Барлығын түсіндім, өзгеге көмектесе аламын

Сары: Жақсы түсіндім, бірақ әзірге көмектесе алмаймын

Қызыл: Дұрыс түсінбедім, маған көмек қажет

Қосымша 2

5 слайд

6 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмалар оңайдан күрделіге қарай сараланып беріледі.

Қайталау тапсырмасында, жеке тапсырмада оқушылар бір-бірін бағалайды.

Оқушылар сабақ бойы іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу