Квадрат теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Теңсіздіктер | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадрат теңсіздікдіктерді шешу | ||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Дискриминанттың әртүрлі мәндері үшін берілген сызбаны қолданып квадрат теңсіздіктерді шешеді. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар нақты жағдайда квадрат теңсіздіктің шешімі неге олай болатынын түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология квадрат теңсіздік көбейтінді аралық бос жиын дискриминант таңбасы Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Ең үлкен коэффициенті оң/теріс сан Дискриминантты есептейміз. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өздігінен оқу дағдысы. Сабақтың мазмұны арқылы жүргізіледі. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математикалық моделі квадраттық функция болатын әртүрлі жағдайларда квадрат теңсіздіктерді шешу дағдысы қажет болады. | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар сызықтық теңсіздік пен квадрат теңдеулерді шеше алады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 4 мин 5 мин | Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар жұпта дәптерлерін алмасып үй тапсырмаларын тексереді, комментарийлер қалдырады. Білімді жаңғырту функциясының нөлдерін табатын болсақ, оның үш жағдай болуы мүмкін: 1) D=0 болса, тек бір нөлі бар; 2) D>0 болса, екі нөлі бар; 3) D<0 болса, нөлдері жоқ. Шағын топта орындауға арналған тапсырма: Дискриминант таңбасы және коэффициентінің таңбасына байланысты функциясы графигінің алты орналасуының біреуі болуы мүмкін, сол графиктердің сұлбасын кестеге салыңыз:
Оқушылар кестені толтырып болған соң тақтадағы дұрыс жауап үлгісімен тексереді, толықтыратын жерлері болса, толықтырады. Дескрипторлар - Параболаның тармағының бағыты дұрыс көрсетілген - Дискриминант таңбасына байланысты х осіне қатысты параболаның орналасуы дұрыс көрсетілген | Презентация 1-2 слайдтар 3 слайд Қосымша 1 4 слайд | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 20 мин 12 мин | Жаңа тақырыпты меңгеру Оқушылар 2 түрлі топтарға бөлініп жұмыстанады. 1-топ тапсырмасы ах2 + bх +c > 0, ах2 + bх +c 0, ах2 + bх +c 0, ах2 + bх +c 0 теңсіздіктері үшін 1) а > 0 және D > 0 болғанда 2) а > 0 және D = 0 болғанда 3) а > 0 және D < 0 болғанда графиктерінің сұлбасын салып, қорытынды жасаңыз. 2-топ тапсырмасы ах2 + bх +c > 0, ах2 + bх +c 0, ах2 + bх +c 0, ах2 + bх +c 0 теңсіздіктері үшін 1) а < 0 және D > 0 болғанда 2) а < 0 және D = 0 болғанда 3) а < 0 және D < 0 болғанда графиктерінің сұлбасын салып, қорытынды жасаңыз. Оқушылар әрбір жағдай үшін графиктерін салып, қорытынды жасап постер дайындайды. Кейін бірдей тапсырма орындаған топтар бірігіп өзара тексеру жүргізеді, бір-бірін толықтырып, әрбір топтан бір постер ұсынылады. Әрбір топ өз постерлерін қорғайды. Дескрипторлар - Параболаның тармағының бағыты дұрыс көрсетілген - Дискриминант таңбасына байланысты х осіне қатысты параболаның орналасуы дұрыс көрсетілген - Қажетті аралықтар дұрыс көрсетілген - Теңсіздіктің шешімдері жазылған - Шешімді түсіндіру кезінде математикалық тілді дұрыс қолданады, рет-ретімен талқыланады - Постерді дайындап, қорғауға топтың әрбір мүшесі қатысады Оқушылар орындарына отырады, тақтада сызба ұсынылады. Оқушыларға тек үлкен коэффициенті оң сан болатын теңсіздіктерді шешуді үйрену жеткілікті екені түсіндіріледі. Осы сызбаны дәптерлеріне жазып алады да тақтада ұсынылған мысалдарды осы сызбаны арқылы шығарады. Кейін бір оқушыдан тақтаға шығып рәсімделуін көрсетеді. Мысал №1. Теңсіздікті шешіңіз: Мысал №2. Теңсіздікті шешіңіз: Жаңа тақырыпты бекіту Оқушылар теңсіздіктерді өздіктерінен шешеді, қажет болған жағдайда сыныптасынан көмек сұрай алады. Шешімін қабырғада ілініп тұрған дұрыс жауаппен немесе шығарып, тексеріп болған сыныптасына тексерете алады. Мұғалім сыныпты аралап жүріп олардың есепті шығару деңгейлерін бағалайды. Жекелеген оқушыларға көмек көрсетеді. Теңсіздіктерді шешіңіз: Дескрипторлар - Квадрат үшмүшеліктің түбірлері табылған - Параболаның сұлбасы салынған - Қажетті аралықтар көрсетілген - Теңсіздіктің шешімі жазылған | 5 слайд 6 слайд Қосымша 2 7 слайд Қосымша 3 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасы Теңсіздіктерді шешіңіз: 1) ; 2) 3); 4). Дескрипторлар - Теңсіздік стандарт түрде жазылған - Квадрат үшмүшеліктің түбірлері табылған - Параболаның сұлбасы салынған - Қажетті аралықтар көрсетілген - Теңсіздіктің шешімі жазылған Рефлексия Нені жақсы орындадыңыз? Не қиындық туғызды? Неліктен бұл қиын болды? Оны қалай орындап шықтыңыз? | 8 слайд 9 слайд | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Топтық жұмыста және есептер шығарғанда қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. Жекелеген оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. | Есептер шығару барысында оқушылар өз-өзін немесе бірін-бірі бағалайды. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша комментарийлер береді. | Сабақ бойы оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру