Интервалды жиілік кестесі. Гистограмма. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Интервалды жиілік кестесі. Гистограмма

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • таңдаманы жиілік кестесі түрінде ұсына алады;
  • жиілік алқабын сала алады;
  • деректерді интервалдық кесте түрінде ұсына алады;
  • жиілік гистограммасын салады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Таңдаманы интервалдық кесте түрінде ұсынады;
  • жиілік алқабын ұсынады;
  • деректерді интвервалдық кесте түрінде ұсынады;
  • жиіліктер гистограммасын салады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар жиіліктер кестесін, интервалдық кесте жиіліктерін құрастыруды түсіндіреді, жиілік алқабы мен гистограмманы салуды түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Деректерді жинау/жүйелеу/қабылдау/көрсету/ұсыну

Бастапқы деректер

Сызықтық график/жиілік кестесі/жиіліктердің интервлдық кестесі/гистограмма/дөңгелек диаграмма/жиілік диаграммасы (алқабы).

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Біз х туралы деректерді жинадық.

Біз деректерді келесі тәселмен жинадық: … .

Біздің бастапқы деректеріміз көп болғандықтан, бізге оларды класстарға бөлуге тура келді.

Осыдан кейін бізге деректерді жиіліктер диаграммасы/алқабы түрінде ұсынуды жөг көрдік.

Ох осі ретінде ... алынады.

Оу осі ретінде ... алынады.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Орыс әдебиетімен байланыс әдеби шығарманың үзіндісімен байланысты тапсырманы орындау арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында, «гистограмма» ұғымы тек қана математикала ғана емес фотокамерамен жұмыста да қолданылатынын айтып өтуге болады.

Бастапқы білім

Жалпы жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, варианта, абсолютті және салыстырмалы жиілік, жиілік кестесі, жиілік алқабы, дөңгелек диаграмма. Жиіліктің интервалдық кестесі. Гистограмманы салу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

5-7 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

2. Қайталау тапсырмасы.

Төмендегі өленнің барлық әріптерінен тұратын таңдаманы жазып алыңыз:

«…Это дерево – сосна,

И судьба сосны ясна…».

а) таңдаманың деректер қатарын жазып алыңыз;

б) таңдаманың көлемін табыңыз;

в) «о» вариантасының абсолютті және салыстырмалы жиілігін анықтаңыз;

г) таңдама нұсқаларының ең үлкен проценттік жиілігін анықтаңыз.

3. Мотивационный момент.

Мұғалім оқушыларға «гистограмма» ұғымының тек математикада ғана кездеспейтіні туралы айтады.

Фотографқа гистограмма не үшін қолдану керек?

Фотографияда гистограмма деп, фототүсірілімнің түстерінің үлестірімін графикалық көрсетілімін атайды. Көп жағдайларда түсірілген фотографияның экспозициясының дұрыстығы туралы кішкене ғана LCD дисплейге қарап айту қиынға соғады. Гистограмма экспозицияның графикалық көрсетілімін береді, сөйтіп, сіз тез әрі оңай түрде суреттің дұрыс экспонирленуі туралы түсіне аласыз. Фотокамераны да соған қарап дұрыс реттеп алуға болады.

Презентация

Слайд 1-2

Презентация

Слайд 3

Презентация

Слайд 4

Сабақтың ортасы

7-17 мин

17-28 мин

28-38 мин

4. Гистограмманы салуға есептер шығару.

Оқушылар мұғаліммен бірге есептің шешуін талқылайды, содан кейін оларды жеке өздігінен орындайды.

Қандай да бір тәжірибе нәтижесінде кестедегі келесі деректер алынды. Кестені толықтырыңыз. Интервалдық кесте деректерін гистограмма түрінде ұсыныңыз.

Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға көмек көрсете алады, сұрақтар қоя алады. Есептеулер үшін оқушылар калькулятор қолданады.

Тапсырманы уақытынан бұрын орындап болған оқушыларға мұғалім шығармашылық тапсырманы ұсына алады.

Қосымша шығармашылық тапсырма. Кестенің берілгені бойынша есеп құрастырыңыз.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды. Мұғалім дұрыс толтырылған кесте мен гистограмманы көрсетеді, оқушылар жауаптар бойынша өзін-өзі бағалайды.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Интервалдық кестені дұрыс толықтырады;
  • Жиіліктің интервалдық кестесі бойынша гистограмманы дұрыс салады.

5. Топтағы жұмыс.

Мұғалім оқушыларды кіші топтарға біріктіреді, ондағы оқушылардың деңгейлері бірдей болады. Оқушылар шешімді талқылайды және бірге тапсырманы орындайды, шешімді плакатқа жазады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар калькулятор қолданады.

Біздің (немесе көрші) сыныптағы оқушылардың туған күндері жайлы ақпаратты жинаңыз.

а) Деректердің жалпы қатарын үш бөлікке бөліңіз: №1 – [1; 10], №2 – [11; 20], №3 – [21; 31], және жиіліктердің үлестірім кестесін құрастырыңыз.

б) Сәйкес гистограмманы салыңыз.

в) Алты бөлікті қарастырайық: №1 – [1; 5], №2 – [6; 10], …, №6 – [26; 31], және жиіліктің үлестірім кестесін құраңыз.

г) Сәйкес гистограмманы салыңыз.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, топтар өздерінің шешімдерін тақтаға іледі, «Жұмыстар галереясын» жасайды, содан кейін мұғалім топтар жұмысын критерий бойынша бағалайды және топтық жұмыстың қорытындысын шығарады.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Есептің шарты бойынша деректерді жинайды;
  • Жиіліктің интервалдық кестесін дұрыс құрайды;
  • Жиіліктер гистограммасын дұрыс құрайды.

6. Жеке жұмыс.

Оқушыларға жеке жұмыс істейге тапсырмалар ұсынады, оның барысында оқушылар калькулятор қолдана алады.

Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, қажеттілігінше оларға сұрақ қояды, дұрыс шешімге қарай бағыттайды, консультациялық көмек көрсетеді, оқушыларға кері байланыс береді.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды. Мұғалім дұрыс орындалған тапсырмаларды көрсетеді, оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Келтірілген деректер бойынша интервалдық кестені дұрыс толтырады;
  • Жиіліктің интервалдық кестесі бойынша гистограмманы дұрыс құрады;
  • Интервалдық кестені берілген сәйкес гистограмма бойынша дұрыс толтырады.

Презентация

Слайд 5

Қосымша 1

Презентация

Слайд 6

Презентация

Слайд 7

Қосымша 2

Плакаттар

Презентация

Слайд 8-9

Қосымша 3

Презентация

Слайд 10-11

Сабақтың соңы

    • мин

8. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақтың мақсаттарына оралып оқушылардың жетістік деңгейлерін талқылайды.

Келесі сабақтарды дұрыс жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

1. Бүгінгі сабақта мен не білдім?................

..................................................................................

2. Мені не қызықтырды?....................................

3. Не қиын болды?....................................

4. Мен нені түсіндім?..................................................

5. Не үшін біз бұл тақырыпты оқыдық?..................

.....................................................................................

Оқушылар сұраққа жазбаша немесе ауызша жауап бере алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 12

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу