Квадраттық функция. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 9 сабақ.


 №9 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі « Квадраттық функция және оның графигі »

 бөлімі « Квадраттық функция»

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция

 

 Оқу мақсаты:

 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше

 Бұл сабақта аргумент мәні арқылы функция мәнін немесе функция мәні арқылы аргумент мәнін табу дағдыларын қалыптастыруға арналған жұмыстар жалғастырылады.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында оқушыларға өткен сабақтағы материалды қайталауға арналған тапсырма ұсынылады. Бұл тапсырмаларды қолдана отырып оқушыларды талқылауға белсенді араластырып, әңгіме түрінде жүргізуге болады. Бұл жерде оқушылар шешу барысын толық жазбай-ақ есептеулер мен қысқаша жазулар жүргізе алады. Бірақ жұппен тапсырманы орындау барысында олар шешімнің толық реттілігін көрсетулері керек. Жұмыстың соңында Абай атындағы Қазақ мемлкеттік академиялық опера және балет театры жөнінде мәліметпен таныса алады, театрда өткен көріністен үзінді көрсетілсе жақсы болар еді. Мұғалім қабілеті жоғары оқушыларды кеңесші рөлі ретінде араластыра алады.

 Өз бетімен орындауға арналған тапсырма сабақтың оқу мақсатына жету үшін қалыптастырушы бағалау мақсатында ұсынылған. Тапсырмамен бірге оқушылар бағалау критерийлерін алады, бірақ дескрипторларды тексерілген жұмыстармен бірге берген дұрыс.

 Жұмысты ерте бітірген оқушыларға квадраттық функция графигін салу тақырыбын қайталауға арналған тапсырмалар ұсынылады. Бұл тапсырманың нәтижесін саңырауқұлақ пайда болады. Бұл жерде оқушылар математикалық бағдарламаларды қолданып немесе слайдта берілген сурет арқылы өзін-өзі бағалай алады.

 Рефлексия кезеңінде досына хат жазу тәсілін қолдануға болады. Мұғалім оқушыларға хат жазуға арналған басқа да бағытты ұсына алады.

 

 Әртүрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар

 В деңгейі

 Егер А(1; -2) нүктесі параболасының төбесі болса, p және q мәндерін анықтаңыз.

 

 C деңгейі

 Егер М(-1; -7) нүктесі параболасының төбесі болса және ордината осін N(0; 4) нүктесінде қиып өтсе, a, b және c мәндерін табыңыз.

 

 Жауаптары мен шешімі

Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:

а) Егер х = -1, онда функция у = х² - 2х + 1 мәні 4-ке тең. Ақиқат

б) Егер у = 2х² - 3х + 1 функция мәні 16 болса, онда х = -2. Жалған

в) Аргументтің 2 және -1 мәндерінде у = х² - х -3 функция мәні бірдей болады. Ақиқат

г) (-3; 17) нүктесі у = 5х² + 6х -3 параболасына тиісті. Жалған

 В деңгейіндегі қосымша тапсырма

 Егер А(1; -2) нүктесі параболасының төбесі болса, p және q мәндерін анықтаңыз.

 Шешуі.

 Парабола төбесінің абсциссасы , онда р = -2.

 Егер х = 1, у = -2, яғни және .

 

 C деңгейіндегі қосымша тапсырма

 Егер М(-1; -7) нүктесі параболасының төбесі болса және ордината осін N(0; 4) нүктесінде қиып өтсе, a, b және c мәндерін табыңыз.

 Шешуі.

 Парабола төбесінің абсциссасы , онда b = 2a.

 Егер х = 0, у = - 4, онда , ал егер х = -1, у = -7, яғни бұдан а = 3, b = 6.

 

 Қолданылған әдебиеттер мен қажетті сілтемелер тізімі

 1. Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений. – М.: Мнемозина, 2010

 2. Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре, 8-9 классы. – М.: Просвещение, 2009. 301 с.: ил.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу