Квадраттық функция. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.


 8 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Квадраттық функция және оның графигі»

  «Квадраттық функция» бөлімі

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі

 Оқу мақсаты:

 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше

 

 Бұл сабақта оқушылар квадраттық функцияның аргументінің мәні арқылы функция мәнін және керісінше функция мәні арқылы аргументтің мәнін табуға байланысты есептер шығарады.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында мұғалім өткен сабақта жазылған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының қорытындысына тоқталады.

 Кейін оқушыларды жұптарға бөліп оларға тапсырмалар таратылады. Оқушылар квадраттық функцияның қасиеттері мен графиктеріне байланысты кестені толтырады, нәтижені басқа жұппен бірігіп тексереді. Келіспеушілік туған жағдайда мұғалімнен көмек сұрай алады. Мұғалім сыныпты аралап жүріп тапсырманы орындауға барлық оқушының қатысуын қадағалайды.

 Жаңа тақырыпты оқушылар бұрынғы сыныпта өткен материалды еске түсіру арқылы оңай меңгере алады, ол үшін оқушыларға көршілерімен бірге орындауға арналған тапсырмалар үлестіріледі. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң тақтаға қабілеті жоғары оқушыны шығарып талдау қажет. График арқылы қалай анықтауға болатынын мұғалім оқушылармен диалог жүргізу арқылы түсіндіреді.

 Алғашқы бекіту тапсырмаларын оқушылар өздіктерінен орындайды. Мұғалім алдын-ала барлық есептің шешімін сыныптың қабырғаларына іліп қоюы керек. Оқушылар есепті шығаруда қиналса, осы шешу жолына қарауына болады. Жауабын тексеремін деген оқушылар үшін есептің тек жауабын бөлек тақтаға іліп қоюға да болады. Бұл кезеңде оқушылар сыныпта еркін қозғала алады. қиналған оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек сұрауына болады.

 Тақырып оңай болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар берілген тапсырмаларды уақытынан бұрын орындауы мүмкін сондықтан оларға төмендегі қосымша тапсырмаларды ұсынуға болады.

 Алғашқы бекіту тапсырмасы орындалып болған соң оқушылар жұптасып, тақтада берілген есепті шығарады. Кейін есептің шешу жолы тақтада талданады.

 

 Қосымша тапсырмалар

 

  • функциясы үшін мен мәндерін салыстырыңыз.
  • параболасы В(-1; 5) нүктесінен өтеді және төбесі А(1; 1) нүктесі болады. Осы параболаның абсциссасы 5 болатын нүктесінің ординатасын табыңыз.
  • және функциялары үшін х-тің қандай мәнінде теңдігі орындалады?

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • Макарычев Ю. Н., Миндюк Н. Г., Нешков К. И., Феоктистов И. Е. Алгебра. 9 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений /— 7-е изд., испр. и доп. — М.: Мнемозина, 2008.
  • Алимов Ш. А., Колягин Ю. М., Сидоров Ю. В. и др. Алгебра. 8 класс: учеб. для общеобразоват. учреждений /— 17-е изд. — М.: Просвещение, 2010.
  • Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по Алгебре: учеб. пособие для 8-9 кл.с углуб. изучением математики / М.:Просвещение, 2004.

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу