Квадраттық функция. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.


 №8 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі « Квадраттық функция және оның графигі »

 бөлімі « Квадраттық функция»

 

 Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция

 

 Оқу мақсаты:

 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше

 Бұл сабақта оқушылар аргументтің берілген мәнінде функция мәнін және керісінше функцияның мәні арқылы аргументтің мәнін табу амалдарын талқылайды, осы дағдыны қалыптастыруға арналған тапсырмаларды орындайды.

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында берілген параболаның теңдеуін құрастыру дағдыларын бекітуге уақыт бөлінеді. Шағын маркерлі тақталарды қолдану мұғалімге оқушылардың қиналатын тұстарын бірден бағалауға мүмкіндік береді.

 Бір айнымалы арқылы екіншісін табуды оқушылар бұрыннан біледі, сондықтан оқушылардың өздіктерінен жұмыстануына мүмкіндік беру керек. Алдымен функция графигін қолдану жөнінде ойлану ұсынылады. Аргумент пен функцияның бірінші мәндері арқылы оқушылар екінші айнымалының нақты мәндерін оңай таба алады. Кейін оқушылар графиктің өлшемі тек кішкене интервалдағы мәндерді анықтауға мүмкіндік береді деген қорытындыға келеді. Осы кемшілігін талқылай отырып оқушыларға «Графикті қолданбай аргументтің мәні арқылы функция мәнін немесе керісінше функция мәні арқылы аргумент мәнін табуға бола ма?» деген сұрақ қойылады. Ойлануға 1 минут уақыт беруге болады. Бұл жерде берілген функция мәніне сәйкес аргумент мәндерінің саны жөнінде айтылу керек. Қабілеті жоғары сынып үшін функция графигі мен у = t теңдеуінің қиылысу нүктелерінің байланысы жөнінде немесе теңдеуінің түбірлерінің саны жөнінде жалпылап талқылау жүргізуге болады.

 Оқу мақсатына жету үшін оқушылар бірнеше жаттығуларды орындайды. Жұмыс тарсия ойыны түрінде жүргізіледі. Тарсия ойыны оқушылардың қателерін өздері тауып, дұрыстауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тіктөрбұрыш шығады. Бірақ мұғалім бағдарламаны жүктеп алса фигура түрін өзгертуге болады.

 Сабақ соңында бұрын өткен материалды қайталауға арналған екі тапсырма орындалады. Бұл тапсырмалар сабақтың тақырыбымен байланысты емес бірақ оқушылар өткен материалды жиі қайталап тұрулары керек. Бұл тапсырмаларды үй тапсырмасына қосып ұсынуға да болады.

 

 Әртүрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар

 А деңгейі

 1. х=3 болғандағы мәнін табыңыз.

 2. Айнымалының қандай мәнінде өрнегінің мәні -7-ге тең болады?

 

 В деңгейі

 3..

  табыңыз.

 

 С деңгейі

 4. . Егер , , болса, a, b, c табыңыз.

 

 Қолданылған әдебиеттер мен қажетті сілтемелер тізімі

 1. Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений. – М.: Мнемозина, 2010

 2. Ершова А.П., Голобородько В.В. Вся школьная математика в самостоятельных и контрольных работах. Алгебра 7-11. – М.: ИЛЕКСА, 2008



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу