Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дощанов Б.Т., Проскокова А.В.

Сынып: 8

Сабақ 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция және оның графигі

Сабақтың түрі

Білімді бекіту сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу

Сабақтың мақсаты

Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

y = a(x – m)2, y = ax2 + n , y = a(xm)2 + n, a≠0 түріндегі функция графиктерін салу қадамдарын біледі

Қолдану

графиктерді түрлендіреді

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадраттық функцияның графигін салудың негізгі қадамдарын ауызша айтып береді.

Пәндік лексика және терминология

  • квадрат функция;
  • парабола;
  • параллель көшіру;
  • графиктерді симметриялы бейнелеу;
  • х осімен сығу;
  • х осінен созу;
  • оңға жылжыту, солға жылжыту.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • берілген функцияның графигін … графигін екі рет параллель көшіру арқылы алуға болады: … бірлікке … х осі бойымен (оңға, солға) жылжыту және … бірлікке … у осі бойымен (жоғары, төмен) жылжыту ;
  • k>1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен k есе созу арқылы шығады;
  • 0< k < 1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен есе сығу арқылы шығады.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, бірлестік, жайдарлылық

Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Геометрия, физикадан есептер шығару

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары

Бастапқы білім

Оқушылар y = ax2 , y = (x – m)2, y = ax2 + n түріндегі функция графиктерін сала алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

10 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар графиктерді салу үшін қандай түрлендірулер қолданылғанын айтады.

Кейін GeoGebra бағдарламасында берілген функция графиктерін тұрғызып, үйде орындаған тапсырмаларының дұрыстығын тексереді.

Білімді жаңғырту

Оқушыларға функция графигі мен оның формуласын сәйкестендіруге арналған тапсырма беріледі. Бір кеспе қағазда график кескінделген, екіншісінде формулалар жазылған. Оқушылар жұпта жұмыстанады.

Тапсырманы орындап болған соң жұптар құрамдарымен ауысады. орнында қалған оқушы келген оқушыға сәйкестік қалай орнатылғанын баяндайды, ал келген оқушы осы жұмысқа пікірін білдіреді: не дұрыс орындалған, немен келіспейді. Жауаптарын нақтылау барысында оқушылар өткен сабақта қарастырылған ережелерді қолдану керек. Кейін тақтада дұрыс жауабы көрсетіледі:

№1- t(х) = х² + 2;

№2 - h(х) = 0,25 х²;

№3 - g(х) = (х + 3)²;

№4 - f(х) = - 0,25х²;

№5 - p(х) = (х + 1)² - 3;

№6 - m(х) = х² - 4;

№7 - k(х) = (х - 3)²;

№8 - u(х) = - (х - 2)² + 3.

Презентация

1-2 слайдтар

Қосымша 1

3-5 слайдтар

6 слайд

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

5 мин

10 мин

Жаңа материалды меңгеру

y = a(xm)2 + n түріндегі функция графиктерін қарастыру, мысалы, y = - 0,5(x – 4)2 + 1. Бұл жерде оқушылар параболаның сұлбасын қолданбайды. Тапсырманың мақсаты – оқушыларға салу қадамдарын анықтауды және графиктегі нүктелерді пайдаланып түрлендірулер жүргізуді үйрету.

Функция графигін өздіктерінен салу:

1 нұсқа: y = 2(x +3)2 -3;

2 нұсқа: y = 0,25(x +1)2 +5.

Жұмысты өзара тексеру: бірінші нұсқаның оқушылары екінші нұсқаның оқушыларына өз жауаптарын слайдта берілген сөз тіркестерін қолданып түсіндіреді. Кейін екінші нұсқаның оқушылары өз жұмысын басқа бірінші нұсқаның оқушысына түсіндіреді.

Тәжірибелік жұмыс.

Мақсаты – материалды меңгерулерін тексеру, тексеру үшін оқушылар Desmos немесе GeoGebra бағдарламаларын қолданады.

А деңгейі.

№ 1. Бір координаталар жүйесінде функция графиктерін салыңыз

у=х2; у=х2 +4; у=(х-3)2; у=(х+2)2 -3.

В деңгейі.

№ 2. Бір координаталар жүйесінде функция графиктерін салыңыз

у=-0,5х2; у=-0,5х2 -4; у=-0,5(х+4)2; у=-0,5(х+1)2 -3.

С деңгейі.

№3. Бір координаталар жүйесінде функция графиктерін салыңыз

у=-3х2; у=-3х2 -1; у=-3x2-12x-12; у=-3x2+6x.

7 слайд

Қосымша 2

Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары жүктелген ноутбуктер

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия

Оқушылар сабақта жасалған жұмыстарын бағалау критерийлеріне сүйеніп бағалайды.

Үй тапсырмасы

1. а) суретте белгіленген график у = х2 функциясының графигі болатындай координата осьтерін жүргізіңіз (бірлік кесінді - 1 торкөз);

ә) f, g, p, h функцияларының формулаларын жазыңыз.

2. Функция графиктерін салыңыз:

а) ;

б) ;

в) .

8 слайд

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Саралау тапсырмаларды таңдау кезінде жүргізіледі, оқушылар ең қарапайым есептердін бастап жоғары ойлау дағдыларын қажет ететін есептерді орындайды.

Білімді жаңғырту кезеңінде оқушылар өзара тексеру жүргізеді, бқл олардың материалды меңгеру деңгейін арттырады. Оқушылар өзін-өзі тексеру үшін және қателерін жою үшін математикалық бағдарламаларды қолданады.

Оқушылар сабақ бойы іс-әрекет түрлерін ауыстырып отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу