Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8

Сабақ 7

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция және оның графигі

Сабақтың түрі

Кешенді бекіту сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады

Сабақтың мақсаты

Оқушылар түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін және графигін есептер шығаруда қолданады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадраттық функцияның қасиетін біледі

Квадраттық функция графигін салудың екі түрлі әдісін біледі

Қолдану

Квадраттық функция графигін салады

Квадраттық функцияя графигін қолданып есептер шығарады

Бағалау

Шығару жолын таңдау үшін есептің шартын талдайды

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадраттық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды, қасиеттерін айта алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • квадраттық функция;
  • парабола;
  • парабола төбесі, парабола тармақтары;
  • симметрия осі;
  • функцияның нөлдері;
  • квадрат екімүшелік;
  • дискриминант;
  • параллель көшіру;
  • графиктің симметриялы бейнесі;
  • х осіне сығу;
  • х осінен созу;
  • оңға/солға жылжыту;
  • өсу/кему аралығы;
  • таңбатұрақтылық аралығы;
  • у осімен қиылысу нүктесі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • парабола тармақтары …бағытталған;
  • график Ох осінен… (жоғары, төмен) орналасқан;
  • квадраттық функция графигі Оу осін… (жоғарыдан, төменнен) қияды, өйткені с …0 (>,<);
  • таңбатұрақтылық аралығын табу үшін алдымен функция нөлдерін табамыз;
  • мәндер жиынын табу үшін парабола төбесінің ординатасын тапсақ жеткілікті;
  • функцияның монотонды аралығын табу үшін парабола төбесінің абсциссасын табу жеткілікті.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алуға бейімдеу, дұрыс шешім қабылдау, қоғамдық өмірге қатысу, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Квадраттық функцияның физикада қолдануы

АКТ қолдану дағдылары

Desmos бағдарламасы көмегімен функциялардың графиктерін салады және сипаттайды.

Бастапқы білім

Квадраттық функция графигін қалай салу керектігін біледі, оның қасиеттерін анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

4 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар дайын үлгі арқылы дәптерлерін алмастырып, үй тапсырмаларын тексереді.

1,2 слайдтар

Сабақтың ортасы

7 мин

13 мин

10 мин

5 мин

Жеке жұмыс

Тест тапсырмалары

Оқушыларға А-D әріптер жазылған парақтар таратылады. Олар бұл парақтарды тақтадағы тесттің жауабын көрсету үшін қолданады.

1. Параболаның төбесі (-1;-1) нүктесі болатын және (3;3) нүктесі арқылы өтетін квадраттық функцияны таңдаңыз:

А)

В)

С)

Д)

2. Функция нөлдері 3 және -1 болатын және (1;-2) нүктесінен өтетін функцияны таңдаңыз:

А)

В)

С)

Д)

3. (0;3), (1;2), (-1;8) нүктелерінен өтетін квадраттық функцияны анықтаңыз:

А)

В)

С)

Д)

4. Сызбада функциясының графигі бейнеленген. Дұрыс тұжырымды анықтаңыз:

А)

В)

С)

Д) .

5. Параболланың төбесі (2; -1) нүктесі болатын функцияны табыңыз:

А)

В)

С)

Д)

6. функциясының мәндерінің жиыны:

А)

В)

С)

Д)

Жұптық жұмыс

Оқушыларға жұпқа бөлінеді, жұптың әрбір мүшесіне екі тапсырма таратылады, өз тапсырмаларын орындап болған соң жұбына қалай орындағанын түсіндіреді, тыңдап отырған адам комментарий беруіне немесе түсінбеген жерін сұрауына болады. Кейін келесі оқушы өз есебін түсіндіреді.

№1 оқушы

1) у = –х2+4х- 4 функциясын зерттеу арқылы графигін салыңыз.

2) у = –х2 -4х функциясын y = a(x – m)2 + n түріне келтіріп, графигін салыңыз және 5 қасиетін жазыңыз.

№2 оқушы

1) у =2х2 + 1 функциясын зерттеу арқылы графигін салыңыз.

2) у = х 2 +2х– 2 функциясын y = a(x – m)2 + n түріне келтіріп, графигін салыңыз және 5 қасиетін жазыңыз.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

№1 нұсқа

функциясы үшін төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз:

  • Төбесінің координаталары қандай?
  • Ох осімен қиылысу нүктелерінің координаталары:
  • Оу осімен қиылысу нүктесінің координаталары:
  • Симметрия осінің теңдеуі:
  • Кему аралығы:

Өсу аралығы:

  • Қай аралықтарда функцияның мәні теріс?

 Қай аралықтарда функцияның мәні оң?

  • Функцияның ең үлкен мәні қандай?

Функцияның ең кіші мәні қандай?

  • Функцияны y = a(x – m)2 + n түріне келтіріп, функция графигін салыңыз.
  • Функцияның анықталу облысы мен мәндерінің жиынын жазыңыз.

№2 нұсқа

функциясын y = a(x – m)2 + n түріне келтіріп, графигін салыңыз және төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз:

  • Төбесінің координаталары қандай?
  • Ох осімен қиылысу нүктелерінің координаталары:
  • Оу осімен қиылысу нүктесінің координаталары:
  • Симметрия осінің теңдеуі:
  • Кему аралығы:

Өсу аралығы:

  • Қай аралықтарда функцияның мәні теріс?

 Қай аралықтарда функцияның мәні оң?

  • Функцияның ең үлкен мәні қандай?

Функцияның ең кіші мәні қандай?

  • Функцияны y = a(x – m)2 + n түріне келтіріп, функция графигін салыңыз.
  • Функцияның анықталу облысы мен мәндерінің жиынын жазыңыз.

Өзара бағалау

Бірдей нұсқаны орындаған оқушылар дайын жауап үлгісін пайдаланып, дескрипторлар арқылы бірін-бірі қарындашпен бағалайды. Кейін жұмыстарды мұғалімге тапсырады.

3-14 слайдтар

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Мұғалімге жеделхат»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып тақтада берілген сөйлемдерді кезекпен-кезек жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
  • бүгін сабақта қуантқаны.....
  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.
  • маған ерекше ұнағаны.....
  • қызықты болғаны.....
  • ......қиындық тудырды.

Үй тапсырмасы

  • параболасының төбесі (-1; 7) нүктесі болса және ордината осін (0; -4) нүктесінде қиып өтсе, a, b, c – мәндерін тауып, шыққан функцияның графигін салыңыз және қасиеттерін жазыңыз.
  • параболасының төбесі (1; 5) нүктесі болса және ордината осін (0; 1) нүктесінде қиып өтсе,

a, b, c – мәндерін тауып, шыққан функцияның графигін салыңыз және қасиеттерін жазыңыз.

15 слайд

16 слайд

Қосымша 4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабаққа тапсырманы дайындау барысында жүргізілді.

Үй тапсырмасын тексеру, тест тапсырмаларын орындау кезінде өзін-өзі бағалау, қалыптастырушы бағалау кезінде өзін-өзі бағалау жүзеге асады.

Сынып бөлмесі желдетіледі. Оқушылар іс-әрекет түрлерін өзертіп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу