Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 8

Сабақ 6

Мұғалімнің аты-жөні: Балыкова Бибигуль

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция және оның графигі

Сабақтың түрі

Материалды бекіту сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады

Сабақтың мақсаты

Оқушылар түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін және графигін есептер шығаруда қолданады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадраттық функцияның қасиетін біледі

Квадраттық функция графигін салудың екі түрлі әдісін біледі

Қолдану

Квадраттық функция графигін салады

Квадраттық функцияя графигін қолданып есептер шығарады

Бағалау

Шығару жолын таңдау үшін есептің шартын талдайды

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадраттық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды, қасиеттерін айта алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • квадраттық функция;
  • парабола төбесі, парабола тармақтары;
  • симметрия осі;
  • функцияның нөлдері;
  • квадрат екімүшелік;
  • дискриминант;
  • параллель көшіру;
  • х осіне сығу;
  • х осінен созу;
  • оңға/солға жылжыту;
  • өсу/кему аралығы;
  • таңбатұрақтылық аралығы;
  • у осімен қиылысу нүктесі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • парабола тармақтары …бағытталған;
  • график Ох осінен… (жоғары, төмен) орналасқан;
  • квадраттық функция графигі Оу осін… (жоғарыдан, төменнен) қияды, өйткені с …0 (>,<);
  • таңбатұрақтылық аралығын табу үшін алдымен функция нөлдерін табамыз;
  • мәндер жиынын табу үшін парабола төбесінің ординатасын тапсақ жеткілікті;

функцияның монотонды аралығын табу үшін парабола төбесінің абсциссасын табу жеткілікті.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алуға бейімдеу, дұрыс шешім қабылдау, қоғамдық өмірге қатысу, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Квадраттық функцияның физикада қолдануы

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Квадраттық функция графигін қалай салу керектігін біледі, оның қасиеттерін анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

4 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар көршілерімен жұптаса отырып «екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы тексеру жүргізеді.

1,2 слайдтар

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

17 мин

Жұптық жұмыс

Функцияның графигі мен формуласын сәйкестендіреді. Артық қалған үш графикті алып тастайды. Кейін тақтадағы жауаппен тексереді, қате кеткен тұстарын талқылайды.

Топтық жұмыс

Алдымен оқушылар өздіктерінен тапсырманы орындайды кейін бірдей тапсырма орындағандар бірігіп талқылап, тексеру жүргізеді.

I топ

Берілген у = -х²+6х-8 функциясы үшін:

а) парабола төбесінің координатасын және симметрия осінің теңдеуін;

б) функция нөлдерін;

в) ордината осімен қиылысу нүктесін табыңыз.

Функция графигін салыңыз.

II топ

Берілген у = х²+2х+3 функциясы үшін:

а) парабола төбесінің координатасын және симметрия осінің теңдеуін;

б) функция нөлдерін;

в) ордината осімен қиылысу нүктесін табыңыз.

Функция графигін салыңыз.

IІI топ

Берілген у = 3-х²-2х функциясы үшін:

а) парабола төбесінің координатасын және симметрия осінің теңдеуін;

б) функция нөлдерін;

в) ордината осімен қиылысу нүктесін табыңыз.

Функция графигін салыңыз.

Жеке жұмыс

Оқушылар №1 карточкадан бастап орындайды, әрбір тапсырманы орындап болған соң мұғалімге немесе тапсырманы бұрын орындап болған оқушыға тексеретеді, дұрыс болған жағдайда тақтадағы есептің нөмірінің қасына өз атын жазып, келесі карточкадағы тапсырманы орындауға көшеді. Уақыт аяқталғанда мұғалім тақтадағы нәтиже бойынша қорытынды жасайды. №1-қарапайым деңгей, №2-орта деңгей, №3-жоғары деңгей.

№1

Функцияның графигін салыңыз .

А) Графикті қолдана отырып, у > 0 және y < 0 болғандағы аралықтарды табыңыз.

Б) Қосымша салуды орындамай, функцияның графигімен қиылысу нүктелерін табыңыз.

№2

Функцияның графигін салыңыз

а) Графикті қолдана отырып, өсу және кему аралықтарын табыңыз.

Б) Аналитикалық тәсілімен у = -х² функциясының графигімен қиылысу нүктелерін табыңыз.

№3

Функцияның графигін салаңыз .

А) Графикті қолдана отырып, өсу және кему аралықтарын табыңыз.

Б) функциясының графигімен қиылысу нүктелерін табыңыз.

3 слайд

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Синквейн

 3 жолдық:• Бірінші жол- не үйрендің; • Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау, белгі немесе сын есіммен; • Үшінші жол - осы тақырыптағы өзінің іс-әрекетін үш етістікпен сипаттау.

Үй тапсырмасы

А) ;

Б) функциялары үшін:

  • Параболаның төбесінің координатасын табыңыз.
  • Симметриялы осін жазыңыз.
  • Параболаның координаталар өсімен қиылысу нүктелерін табыңыз.
  • Өсу кему аралықтарын табыңыз.
  • Ең үлкен ,ең кіші мәнін табыңыз.
  • Функция графигін салыңыз.

Қосымша 4

4 слайд

Қосымша 5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабаққа тапсырманы дайындағанда жүргізілді. Қабілеті жоғары оқушылар топтық жұмыс кезінде басқа сыныптастарына көмектеседі. Жеке жұмыс кезінде үш деңгейді де дұрыс орындайды.

Үй тапсырмасын тексеу кезінде өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Жеке жұмыс кезінде өзара бағалау жүзеге асады.

Сынып бөлмесі желдетіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу