Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
Қосымша 4
Сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Сабақ тақырыбы: Мәтіндік есептер шығару
Cабақтың түрі: Жаңа тақырыпты оқу сабағы
Оқу мақсаты:
8.4.2.1 квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығару;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады.
Сабақтың құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критериін анықтау.
2. Білімдерін белсендендіру.
3. Жаңа материалды оқып қарастыру.
4. 1-2 мысалдарды талқылап қарастыру.
5. Оқушылардың жеке жұмыстары.
6. Сабақьы қорытындылау. Рефлексия.
Сабаққа теориялық материал, ұғымдарға және т.б. анықтама
Квадрат теңдеу көмегімен мәтіндік есептерді шығару алгоритмі:
1.Белгісізді әріппен белгілеңіз және есеп шарты бойынша теңдеу құрыңыз;
2. Құрылған теңдеуді шешіңіз;
3.Есеп шартына сәйкес жауапты жазыңыз.
Техника қауіпсіздігін көрсететін инструкциялар .
Материалдарды көрсету PowerPoint презентациясы көмегімен орындалады.
Презентацияны көрсету барысында тапсырманы көрсетіп сұрақтар қойылғаннан кейін, ойлануға мүмкіндік болатындай үзіліс жасап отыру керек.
Жеке қосымшада берілген тапсырмаларды оқушыларға басып шығарып, таратып беру керек.
Сабақты ұйымдастыруға арналған қосымша әдістемелік нұсқаулықтар.
Өтілген «Квадрат теңдеулер» тақырыбын белсенді ойын «допты лақтыру» арқылы қайталау оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындайды. Сабақтың осы кезеңінде оқушылардың математикалық тілдері дамиды.
Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында мұғалім оқушылар назарын квадрат теңдеулердің физикалық есептер шығаруда көптеп қолданылатындығын ескертіп мәселелік әңгіме жүргізеді.
Өтілген материалды бекіту күрделі емес есептер негізінде жүргізіледі, бірақ оларды оқындау үшін оқушылар тарапынан елеулі күш салу қажет болады. Күрделілік теңдеудің түбірін тауып қана қоймай оның «мағынасына» сәйкестігін тексеруде болады.
Сабақта есепті алгебралық тәсілмен шығару біліктіліктері дамиды. Мәтіндік есептерді сызықтық теңдеулер, сызықтық теңдеулер жүйесінің көмегімен шығару барысында оқушылар есептің бір ғана жауабын алатын. Ал «мәтіндік есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шығару» тақырыбын оқығанда есептің шартын қанағаттандырмайтын жағдай пайда болды. (мүмкін, шешімі болмаған жағдайлар қарастырылған ). Енді есептің екі жауабы бол мүмкіндігі пайда болды.
Формативтік бағалауға нұсқаулық.
Формативтік бағалау сабақтың әр кезеңінде жүргізіледі.
Мұғалім сабақ бойы оқушылар жұмыстарын қадағалауды жүзеге асырады, кері байланыс береді, қысқа мерзімді жоспарға жеке оқушылардың нәтижелерін жазып қояды.
Мұғалімге сабақ бойы қажет:
- Оқушыларға жүйелі түрде сабақ мақсаты мен жұмысты бағалау критерилері туралы ескертіп отыру.
- Сабақ мақсаты мен жұмысты бағалау критерилерін стендте, тақтада және т.б. жерлерге оқушыларға көренетіндей жазып қою немесе орналастыру.
Сабаққа қасымша материалдар, тапсырмаладың критерилері, жауаптары.
Сыныпта орындалатын тапсырмалардың бағалау критерилері :
Оқушы:
- есеп шартын сауатты жаза алса;
- есеп шартын пайдаланып квадрат теңдеуді дұрыс құрса;
- квадрат теңдеуді дұрыс шешімін тапса;
- есеп жауабын дұрыс жазса
оқу мақсатына жетеді.
Сыныпта орындалатын тапсырмалар жауаптары:
1.11,17
2. 32 см
3. 140м
4. 10м және 21м
5. 8см және 15см
Литература: Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?