Квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу. Биквадрат теңдеулер. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.5 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2A: Квадрат теңдеулер Квадрат теңдеулер | Мектеп: Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Архабаева Ж.К. | |||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 5 | Қатысқандар: | Қатысқандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу.Биквадрат теңдеулер | |||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру сабағы | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.7 квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар биквадрат теңдеулердің анықтамасын біледі, биквадрат теңдеулерді шешеді. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар:
Пәндік лексика мен терминология: квадрат теңдеу биквадрат теңдеу түбірлер жиыны бөгде түбір Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Теңдеудің сол жағын квадрат екімүше ретінде қарастырайық … Жаңа айнымалы енгіземіз ... түбірі бөгде түбір болады | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық: ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты дамыту топпен, жұппен жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу: оқушылардың өздіктерінен оқуына қажетті осындай дағдыларды дамыту жеке жұмыс кезінде қалыптасады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қолданбалы математика, физика. Зерттеушілік әдіс (не білемін, не білгім келеді, не білдім). | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point презентациясы | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат теңдеулерді, бөлшек-рационал теңдеулерді шеше алады. Оқушылар қосындының/айырманың квадратының формулаларын біледі және қолдана алады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын тексереді. Үй тапсымасын тексеру: Оқушылар дайын үлгі бойынша үй тапсырмаларын тексереді. Бағалау: Өзара бағалау, кері байланыс беріледі: «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын қолданып дәптерлеріне комментарийлер жазады. Оқушыларды ынталандыру: - Бүгін біз бірлесе жұмыс жасай отырып, Пойе сөзінің дұрыстығын көрсетеміз. | 1 слайд | ||||||||||
1мин | Дьёрде Пой жөнінде мәлімет беру (Жаhандық азаматтылық) | 2 слайд | ||||||||||
5мин | Мәселені шешу сатысы Ситуациялық сұрақ: Тапсырманы қарастырайық. Теңдеулерді шешіңіз:
- Берілген тапсырманы шеше аламыз ба? - Бұл теңдеулерді қалай шешуге болады? Оқушыларға ойлауға уақыт беріледі. Кейін олар жұпта талдап, осындай теңдеулерді шешудің ортақ жоспарын жасап шығады. Осыдан кейін жалпы сыныппен талқыланады. Оқушылардың ойларын тақтаға жазе немесе презентация арқылы көрсету керек. | 3 слайд | ||||||||||
5мин | Оқушылармен біріге отырып сабақтың тақырыбына, мақсатына тоқталады. Сабақтың кезеңдеріне айтылады. | 4 слайд | ||||||||||
Сабақтың ортасы 10мин | Ойлау сатысы Жаңа материалды түсіндіру слайд арқылы жүзеге асады, оқушылар негізгілерін дәптерлеріне жазады. Бұл кезеңде осындай теңдеулерді жалпы жағдайда шешу үшін жаңа айнымалы енгізілетіні, жеке жағдайда биквадрат теңдеулерді шешу әдісі қолданылатыны айтылады. Сонымен бірге оқушыларға «би» жұрнағы жөнінде түсінік беріледі. Биквадрат теңдеулердің шешімін рәсімдеу сабақтың басында берілген теңдеулер арқылы көрсетіледі. | 5-9 слайдтар 10 слайд | ||||||||||
10мин | Жаңа материалды бекіту 1. Биквадрат теңдеулерді шешу: 1) x4-7x2+12=0; 2) 9x4+5x2-4=0; 3) 1-4z4=0; 4) 0,1y4-1,6y2=0. Бқл тапсырманы орындау үшін оқушыларға «Конвейер» дидактикалық ойыны ұсынылады. Қатар отырған төрт оқушының әрқайсысы биквадрат теңдеулер жазылған кеспе қағаздарды алады және алгоритм бойынша оны шешеді. Мұғалімнің белгісімен оқушылар кеспе қағаздарын көршісіне береді. Бұл процесс оқушы барлық 4 теңдеуді де шешіп болғанша жалғасады. Кейін 4 оқушыдан тұратын топта шешім талқыланады. 2. Теңдеулерді шешіңіз: а) (x-1)4-5(x-1)2+4=0; б) (x+5)4+8(x+5)2-9=0. Мұғалім сынып аралап жүріп, ауызша кері байланыс береді. Сонымен бірге оқушылар басқа сыныптастарына барып көмек сұрай алады. Оқушыларға өздіктерінен теңдеулер жазылған кеспе қағаздар құрастыруды ұсынуға болады. | 11 слайд Қосымша 1 Теңдеулері бар кеспе қағаздар | ||||||||||
5 мин | Бұрын өтілген материалды қайталауға арналған қосымша тапсырмаларды орындау 1. теңдеуінің бәр түбірі екіншісінен 3 есе көп. р-ны табыңыз. 2. теңдеуінің түбірлері және екенін біле отырып, түбірлері төмендегідей болатын квадрат теңдеу құрастырыңыз: а) және ; б) 5 және 5; в) және . | Қосымша 2 Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г. Алгебра. Дидактические материалы. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М.: Мнемозина, 2010. – 157 с. : ил. 44 бет. | ||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - не білдің, не үйрендің; - не түсініксіз; - немен жұмыстану керек. Үй тапсырмасы: 1. Теңдеулерді шешіңіз: а) ; б) ; в) . 2. а) 4 түбірі бар; б) 2 түбірі бар; в) түбірі жоқ биквадрат теңдеу құрастыр. | 12 слайд Қосымша 2 Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре, 8-9 классы. – М.: Просвещение, 2011. 301 с.: ил. 123 бет. | ||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Дифференциация оқушылардың қабілеттеріне байланысты негізделген, деңгейі жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі. Тақырыпты меңгерудің басында олардан нақты ойлар күтіледі. Оқушыларға материалды бекіту кезеңінде қолдау көрсетіледі. | Ауызша кері байланыс беру оқушылардың алға жүруіне көмектеседі. | Сабақтың алданда сынып бөлмесі желдетіледі. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?