Квадрат теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


8.2А Квадрат теңдеулер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова С.А.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сынып: 8

Тема урока

Квадрат теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.3

квадрат теңдеулерді шешу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын біледі

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеудің дискриминанттың формуласын біледі

Дискриминант бойынша квадрат теңдеудің түбілер санын анықтайды;

Квадрат теңдеу шешу алгоритмін біледі;

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын қолданады

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын қолданады

Дискриминант бойынша квадрат теңдеудің түбілер санын анықтайды;

Квадрат теңдеу шешу алгоритмін біледі;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

квадрат теңдеулерді шешу туралы ой-толғаулар жүргізеді.

квадрат теңдеудің дискриминантын қолданып оның түбірлер санын негіздейді

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

квадрат теңдеу;

екінші дәрежелі теңдеу;

толымды, толымсыз теңдеулер;

бірінші, екінші коэффициент, бос мүше;

дискриминант;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Квадрат теңдеудің дискриминанты деп …;

… болғандықтан теңдеудің бір ғана түбірі бар;

… болғандықтан теңдеудің екі әртүрлі түбірі бар;

… болғандықтан теңдеудің нақты сандар жиынында түбірі жоқ;

Құндылықтарды дарыту

 

Бір-бірін тыңдай білу, кезекпен сөйлеу қабілеті, мысалдар мен дәлелдер келтіріп аудиторияға өз ойларын дәл жеткізе білу, топта жұмыс істеу, өзінің жұмыс сапасына жауапты болу құндылықтарды дарыту сабақтың барысында жоспарланған жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Физика, химия

Бастапқы білім

квадрат теңдеудің анықтамасы; квадрат теңдеудің түрлері; теңдеу түбірлерінің жалпы формуласы;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

0 - 5 мин

а) Сабақтың басында оқушылар сабаққа келгендегі көңіл – күйін смайлик арқылы білдіреді. Мұнда оқушылардың өз жағдайын жақсы білуі және оны мұғаліммен бөлісуі маңызды, бұл оқушының өзін-өзі басқаруын арттырады.

Оқушылар өзіне назар аударады және мұғалімге оқушылардың көңіл-күйін бірнеше фразалармен көтеруге, жұмысқа бейімделуге мүмкіндік беріледі.

b) Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады.

с) Үй жұмысы тексеріледі

Презентация

смайлики

Сабақтың ортасы

6 - 38 мин

Белсендіру кезеңі:

Мұғалім келесі сұрақтарды қояды:

  • Квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы формулаларын жазыңыз.

2. Дискриминантты табу формуласын жазыңыз.

3. Квадрат теңдеудің дискриминантқа байланысты неше түбірі болуы мүмкін? Барлық мүмкін жағдайларды жазыңыз.

4. Квадрат теңдеудің дискриминантын табыңыз:

a)

b)

c)

d)

Оқушылар жауаптарын ламинатталған А4 қағаздарға жазып көрсетеді.

Тапсырманы орындау қиындық туғызған оқушыларға көмектесіңіз.

«Математикалық баскетбол» ойыны.

Дидактикалық мақсат: оқушылардың математикалық сауаттылығын, талдауға, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Ойынның мазмұны.

Сынып екі топқа бөлінеді. Оқушылар 1, 2, 3 немесе 4 балл алуға болатын дифференциалды тапсырмаларды шешуге шақырылады. Талқылау және алдын ала шешім қабылдау үшін 12 минут беріледі. Бірінші лақтыру жеребе тастау арқылы анықталады. Бірінші топ тапсырманы таңдайды және оны шешу үшін қарсыластарын шақырады. Егер қарсыластар дұрыс шешсе, доп себетке кірмеген деп есептеледі; егер дұрыс емес болса, доп себетке кірген деп саналады. Егер «допты лақтыру» командасы өз шешімінде қате жіберсе, онда тапсырманың «құны» 1 ұпайға артады. Егер ешқандай команда тапсырманы орындамаса, онда мұғалімге «үй тапсырмасымен себетке еркін тастау» тағайындалады.

Ойын барысында мұғалім:

- топтағы жұмыстың барысын бақылайды;

- оқушылардың сұрақтарына жауап береді;

- дауларды, жұмыс тәртібін реттейді;

- Қажет болса, жеке оқушыларға немесе топтарға көмектеседі.

Бірінші топқа арналған тапсырмалар

1. х-тың қандай мәндерінде:

a) үшмүшесінің мәні 1-ге тең;

(1 балл)

b) және көпмүшелерінің мәндері тең?

(1 балл)

2. параметрінің барлық мәндерінде квадрат теңдеудің екі түбірі болатынын дәлелде.

a); (2 балла)

b).(2 балла)

3. -ның барлық мәндері үшін теңдеуді шеш:

a) ; (2 балла)

b) ; (2 балла)

c) ; (2 балла)

d).(2 балла)

4.Теңдеуді шеш:

a) ; (2 балла)

b) . (3 балла)

Екінші топқа арналған тапсырмалар:

1. х-тың қандай мәндері үшін:

a) екімүшенің мәні үшмүшенің мәніне тең?

(1 балл)

b) үшмүшенің мәні екімүшенің мәніне тең? (1 балл)

2. параметрінің кез келген мәні үшін квадрат теңдеудің екі түбірі болатынын дәлелде.

a) ; (2 балла)

b) . (2 балла)

3. -ның барлық мәндері үшін теңдеуді шеш:

a) ; (2 балла)

b) ; (2 балла)

c) ; (2 балла)

d).(2 балла)

4. Теңдеуді шеш:

a); (2 балла)

b). (3 балла)

Сергіту сәті:

Көз жаттығу.

Мұғалім:

1. Басымызды бұрмай, көзімізбен оңға және солға. Бір, екі, ...

2. Көзді ашып жұмамыз. Бір, екі, ...

3. Көзді қатты жұмамыз. Бір, екі, ...

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 3

Алгебра 8 сынып: [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2014ж.

Сабақтың соңы

39 - 40 мин

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Рефлексия

Үй жұмысы:

1. Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеуді шешіңіз:

a)

b)

c)

d)

2. параметрінің кез келген мәні үшін квадрат теңдеудің екі түбірі болатынын дәлелде.

Рефлексия: «Смайликтер»

Оқушылар смайликтердің ішінен өзінің көңіл-күйіне лайықтысын таңдайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Оқушылар көз жаттығуларын орындайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу