Теңдеулерді шешу. Модулі бар квадрат теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Квадрат теңдеулер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ 2

Қатысқандар:

Қатысқандар:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеулерді шешу

Модулі бар квадрат теңдеуерді шешу

Сабақтың түрі

Тақырыпты бекіту сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.5 |ax2+bx|+c=0; ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар модулдің анықтамасын қолданады;

құрамында модулі бар квадраттық теңдеулерді шешу алгоритмін біледі;

квадрат теңдеуді шешудің әртүрлі тәсілдерін қолданады.

 Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Санның модулін қалай табу керектігін біледі.

Қолдану

ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеуді квадрат теңдеуге келтіреді;

квадрат теңдеуді әртүрлі тәсілдермен шешеді.

Талдау

Қажетті шартқа сай түбірлерді таңдап алады.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар модулі бар теңдеуден құрамында модуль таңбасы жоқ теңдеуге көшу шарттарын талқылайды, түбідің шартқа сәйкес теңдеу түбірі екенін немесе бөгде түбір екенін түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

Теңдеу, модуль, айнымалының мәні, өрнектің мәні

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оң/теріс санның модулі

Сандардың қосындысының модулі осы сандардың модульдерінің қосындысына әрқашан тең бола бермейді

Сан/өрнек мәнінің екі жағдайын қарастырайық …

Шыққан түбірлердің көрсетілген шектеуге сәйкестігін тексерейік

 Құндылықтарды дарыту

Бірлестік, топта жұмыс жасау сияқты құндылықтарды дамыту оқушылардың сабақтағы әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Теңдеулерді шеше білу әртүрлі пәндерді оқу барысында қажет болады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Квадрат теңдеулерді әртүрлі әдістермен шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын шешімін талқылау. Шешімнің дұрыстығын тексеру.

Презентация

1 – 7 слайдтар

Сабақтың ортасы

14 мин

10 мин

15 мин

Жаңа материалды меңгеруге дайындық

Оқушыларға құрамында модулі бар сызықтық теңдеулерді шешуге арналған 5 тапсырма ұсынылады. Алдымен оқушылар өздіктерінен орындайды, сосын шешімін талқылайды.

Жаңа материалды меңгеру, яғни |ax2+bx|+c=0 түріндегі теңдеуді шешу әдісі

Оқушыларға осындай теңдеуді шешу жолы көрсетілген парақтар үлестіріледі. Оқушылар мысалды түсінуі және үлгі ретінде қолдануы керек.

Жаңа материалды бекіту

Алғашқы бекіту үшін оқушыларға теңдеуді шешу жолындағы бос орындарды толтыру ұсынылады.

Мұғалім үстілінің үстіне теңдеулері бар кеспе қағаздары жайып тасталады. Оқушы олардың біреуін таңдайды және дәптерге орындайды. Оқушы өз жұмысын мұғалімге (немесе осыған дейін түсіндіріп болған сыныптасына) түсіндіргеннен кейін тақтадағы өз шешкен теңдеудің нөмірінің қасына өз атын жазып қояды. Бұл оның басқа оқушылардың шешу барысын тыңдай алады дегенді білдіреді. Осылайша, барлық оқушылар бағалаушы мен бағаланатын оқушы рөліне ене алады.

Теңдеулері бар кеспе қағаздар:

А деңгейі

;

;

;

.

В деңгейі

;

;

;

.

С деңгейі

;

.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Кузнецова Е.П., Алгебра: учеб. пособие для 8 кл. учреждений общ. сред. Образования. 2015. – 310б. – ил. 215 бет

Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы

1) Теңдеулерді шешіңіз:

а) ; б); в);

г) ; д) .

Өрнекті ықшамдаңыз:

Сабақты қорытындылау

 Рефлексия үшін оқушылар кестені қолданады:

%

Себебі

Тақырыпты қаншалықты меңгердіңіз?

Өзіңіздің жұмысыңызды қаншалықты бағалайсыз?

8 слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек

қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Барлық оқушылар қарапайым жағдайда |ax2+bx|+c=0 түріндегі теңдеуді шешу алгоритмін қолдана алады.

Оқушылардың көбі алгоритмді қолданады және күрделі теңдеулерді шешуді түсіндіреді.

Кейбір оқушылар қиын теңдеулерді шеше алады, шешу барысын түсіндіре алады.

Сабақта теңдеулерді өз беттерімен шешу барысында өзара бағалау қолданылады.

Сонымен қатар мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды және ауызша комментарийлер бере алады.

Оқушыларға жүктемені азайту үшін әртүрлі іс-әрекеттер ұсынылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу