Квадрат теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2A Квадрат теңдеулер | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | ||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы Сабақ №3 | Квадрат теңдеулерді шешу | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Бекіту сабағы | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар квадрат теңдеулерді шеше алады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар квадрат теңдеудің шешімін түсіндіреді; Квадрат теңдеудің түбірлерінің санын талқылайды; пәндік лексика мен терминологияға сүйенеді. Пәндік лексика және терминология: Квадрат теңдеу коэффициент дискриминант Диалог пен жазылымға қажетті тіркестері: Квадрат теңдеуді дискриминанты деп … . Бұл квадрат теңдеудің … түбірі бар, өйткені … . Квадрат теңдеудің дискриминантын табайық. Квадрат теңдеудің түбірлерінің санын анықтайық. Түбірлерін есептейік. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластық, толеранттылық. Құндылықтарды дарыту сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика және басқа да жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдар | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат теңдеу ұғымын біледі, квадрат теңдеулерді түбірдің формуласымен шеше алады. | ||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 2 мин 7 мин | Ұйымдастыру бөлімі Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау Үй тапсырмасын тексеру Жұпта өзара бағалау жүргізеді Білімді жаңғырту «Егер бұл жауап болса, сұрақ қандай болады?» стратегиясы қолданылады. Оқушыларға сөйлемдер ұсынып, егер бұл жауап болса, сұрағын анықтауды тапсырады. 1. 2. Дискриминант таңбасына. 3. Теңдеудің екі түбірлері тең. 4. D < 0 болғанда. 5. Бұл формула квадрат теңдеудің түбілерінің формуласы деп аталады. | Презентация 1-2 слайдтар 3 слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы 20 мин 5 мин 7 мин | Топпен жұмыс Әрбір топ 6 оқушыдан тұрады. Топтың әрбір мүшесі 6 тапсырманың бірін алады және жауапты 6 бөлікке бөлінген А4 парағының сәйкес ұяшығына жазады. Мұғалім белгісі бойынша карточка әрбір оқушыда болып шығатындай кезекпен кезек жалғастырылады. (мұғалім картчоканың шеңбер бойымен қалай берілетінін түсіндіреді). Карточка бастағн оқушыға қайта келгенде мұғалім сол оқушының шығарған есебінің шешімін үлестіреді. (Әдістемелік нұсқаулықты қараңыз). Оқушылар шешімді түсініп алып, өзі шешімдері дұрыс болса, + таңбасымен, қате болса немесе толық болмаса – таңбасымен бағалайды. Кейін оқушылар шешімді тексеру үшін жауап парағын ары қарай жалғайды. Осылайша әрбір оқушы топтағы барлығының бір тапсырмасын тексеріп шығады. Жұмыс оқушыға қайтып келгенде оқушы – таңбасы бар тапсырмаға қатемен жұмыс орындайды, өз тапсырмасы бойынша басқа оқушыларға кеңес бере алады. Теңдеулері бар карточкалар: 1) 2) 3) 4) 5) 6) Дескрипторлар - Квадрат теңдеудің дискриминантын табады - Квадрат теңдеудің түберлерінің санын анықтайды - Түбірлерді табады немесе оладың жоқ екенін негіздейді - Жауабын жазады Жаңа материалды меңгеру Екінші коэффициенті жұп сан болғандағы квадрат теңдеудің түбірінің формуласы. болсын, онда формула түрінде болады. Алымы мен бөлімін 2-ге бөліп: екенін аламыз. Мысал. Екінші коэффициенті жұп сан болғандағы квадрат теңдеудің түбірінің формуласын қолданып, теңдеуін шешіңіз. Жеке тапсырма Тақтада 3 теңдеу берілген: а) ; б) ; в) . Оқушылар теңдеуді дәптерлеріне шешеді. Бірінші тапсырманы шығарып болған оқушы мұғалімге барып өз шешімін түсіндіреді. Егер шешімі дұрыс болса теңдеудің тұсына өз атын жазады да, келесі оқушының тапсырмасын тексеріп, бағалай алады. Осылайша оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Дескрипторлар - Квадрат теңдеудің дискриминантын табады - Квадрат теңдеудің түберлерінің санын анықтайды - Түбірлерді табады немесе оладың жоқ екенін негіздейді - Жауабын жазады Қосымша тапсырма Теңдеуді шешіңіз: 1) ; 2) ; 3) . | Қосымша 1 4 слайд 5 слайд 6 слайд | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасы 1. Теңдеуді шешіңіз: 2. Айнымалының қандай мәнінде және өрнектерінің мәндері тең болады? Рефлексия «Сабақтың шығу билеті» Оқушы жауапты кішкене қағазға жазып, мұғалімге тапсырады. теңдеуінің с коэффициентін: а) екі түбірі болатындай; б) бір түбірі болатындай (екі түбірі тең); в) түбірі болмайтындай сандармен алмастырыңыз. | Қосымша 2 7 слайд Кішкене қағаздар | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар сыныптастарына көмектеседі. | Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды. Оқушылардың өздерінің жұмыстарын, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды | Сабақта іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?