Квадрат теңдеудің түрлері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Мектебі: Атырау қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып: 8

Сабақ 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеудің түрлері

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.2 Квадрат теңдеулердің түрлерін ажырата білу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар квадрат теңдеудің түрлерін ажыратады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадрат теңдеудің жалпы түрін біледі;

Квадрат теңдеудің түрлерін ажырата алады;

Қолдану

Толымсыз квадрат теңдеуді шеше алады.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадрат теңдеудің анықтамасын құрастырады.

Пәндік лексика және терминология:

Квадрат теңдеу

коэффициент

түбір

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Теңдеудің сол жағындағы өрнекті көбейткіштерге жіктейік

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарайық

Жақшаларды ашайық

Теңдеудің оң жағын/сол жағын ықшамдайық

Түбірлерінің бірі нөлге тең, өйткені...

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.

Бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Пәнаралық байланыс

Квадрат теңдеулер шын өмірде бірнеше процесстердің математикалық моделі болып табылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта таныстырылым ретінде пайдаланады .

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеудің жалпы түрін біледі, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Үйге берілген №233 – есептің шығарылуын оқушылар дайын жауаппен тексеріп, өзін-өзі бағалайды.

1 слайд

5 мин

Негізгі білімді пысықтау.

Квадрат теңдеулерді анықтаңыз және олардың коэффициенттерін жазыңыз:

1) 3 x2 - 8x = 0 5) 3u2 + 7 = 6u + 7

2) x2 = 64 6) 2x – 52 =10

3) 2x + 5 = 0 7) 5x – 7x3 + 2 = 0

4) – x2 – x + 3 = 0 8) x2 + 2x + 1 = x2

Жұпта тексереді.

2 слайд

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

10 мин

9 мин

Жаңа материалды меңгеру

Мұғалімнің түсіндіруі.

Егер а = 1 болса, х2 + bх + с = 0 келтірілген квадрат теңдеу деп атайды.

Келтірілген квадрат теңдеудің жалпы түрі:

Мысалы: х2 - 3 х - 4 = 0

Квадрат теңдеуді шешу дегеніміз - оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екенін дәлелдеу.

Мысалы: теңдеуінің нақты түбірлері жоқ. Сондықтан теңдеудің шешімі - бос жиын болып табылады.

Мысалы : х квадрат теңдеудің түбірі болып табылады ма?

Оқушылардың ойлануына уақыт беру керек.

Ия, өйткені х болғанда

және болғанда теңдеуі дұрыс сандық теңдікке айналады.

Ал, х квадрат теңдеудің түбірі болып табылмайды, өйткені х болғанда

.

Егер ax2 + bx + c = 0 квадрат теңдеуінің b немесе c коэффициенттерінің ең болмағанда біреуі 0 - ге тең болса, ондай теңдеулерді толымсыз квадрат теңдеу деп атайды.

Мысалы: х2 - 3 х = 0; х2 - 4 = 0 осы теңдеулердің шешу жолын мұғалім көрсетеді.

Алғашқы бекіту.

Жұппен жұмыс

Кестені толтырыңдар:

Теңдеулер

Толық

Толық емес

Келтірілген

Келтірілмеген

x2 + 5x – 3 = 0

6x2 + 5 = 0

2x2 – 4x = 0

5x – 7x2 + 2= 0

2x2 = 0

Оқушылар кестені жұппен толтырып болған соң келесі жұппен өзара бағалау жүргізеді.

Топпен жұмыс

Үш түрлі есептер топтамасы таратылады. Берілген тапсырманы оқушылар өздіктерінен шығарады, кейін нөмерлері бірдей оқушылар бір топқа жиналып, жауаптарын салыстырады, әрбір оқушы өз тобында бір есептің шығарылу жолын түсіндіріп беруі керек, түсіндірілетін есеп қайталанбауы керек.

І топ

  • 2 + 2х = 0;
  • 2 - 6х = 0.
  • 2 - 4 = 0;
  • 2 + 3 = 0.
  • 12х2 = 0;
  • -5х2 = 0.

ІІ топ

  • х2 + 2х = 0;
  • 2 - 5х = 0.
  • 2 - 27 = 0;
  • 2 + 5 = 0.
  • -2х2 = 0;
  • 2 = 0.

ІІІ топ

  • 2 + 9х = 0;
  • х2 - 7х = 0.
  • 2 - 8= 0;
  • х2 + 15 = 0.
  • 2 = 0;
  • 2 = 0.

Жеке жұмыс

Оқушылар қабілеттеріне қарай үлгерген есебіне дейін шығарады. Кейін жасаған жұмыстарын қабырғадағы дұрыс шығару жолымен тексеріп, өздерін бағалайды.

№1. Теңдеудің түбірлерін табыңыз:

а) ;

ә)

б) ;

№2. m – ның қандай мәнінде берілген теңдеу толымсыз квадрат теңдеуге айналады?

2 + ( m – 1)x + m – 4 = 0.

3-5 слайдтар

Шыныбеков А.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің

8-сыныбына арналған оқулық. –А:Атамұра, 2011.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

М.Л.Галицкий, А.М.Гольдман, Л.И.Звавич «Сборник задач по Алгебре» 8-9 кл.- М.: Просвещение, 2004.

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақты қорытындылау.

Стикерлерге аттарын жазып, бүгінгі сабақтың қорытындысы бойынша тақтадағы сәйкес суретке жабыстыру керек.

Үйге тапсырма:

№1 Теңдеулерді шешіңіз:

1) 2х2-18=0;

2) 3х2-12х=0;

3) 2,7х2=0;

4) х2+16=0

5) х2-=0;

6) х2=7х;

7) х2-3х-5=11-3х;

8) х2=2,25.

№2. т-нің қандай мәнінде теңдеуінің бір түбірі 0-ге тең болады?

Стикерлер

6 слайд

Қосымша 4

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар жеке жұмыста берілген есептерді толық шығарады.

Мұғалім оқушы жұмысын қадағалайды. Сабақта өзін-өзі бағалау және өзара бағалау жүргізіледі.

Сабақта сергіту сәті жүргізіледі. Сабақ алдында бөлме желдетіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу