Квадрат теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2A бөлім: Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Квадрат теңдеулерді

шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1

квадрат теңдеудің анықтамасын біледі;

8.2.2.2

квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратады;

8.2.2.3

квадрат теңдеулерді шешеді;

Сабақ мақсаты

Квадрат теңдеудің анықтамасын түсіну, түрлерін ажырату, шешу.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • берілген теңдеулердің ішінен квадрат теңдеуді көрсете алады;
  • квадрат теңдеудің түрін ажырата алады;
  • квадрат теңдеуді шеше алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- квадрат немесе бөлшек-рационал теңдеудің шешімін түсіндіреді;

- квадрат теңдеудің түбірлерінің саны туралы дәлелді талқылайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- квадрат үшмүше;

- квадрат үшмүшенің түбірі;

- квадрат теңдеу;

- екінші дәрежелі теңдеу;

- толық және толымсыз квадрат теңдеулер;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- теңдеудің сол жақ бөлігін екімүшенің квадраты түріне келтірейік;

-... квадрат теңдеудің дискриминанты деп аталады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу.

Академиялық адалдық: Жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау.

Пәнаралық байланыстар

Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет.

Алгебралық өрнектерді білуді бағалау математикада іргелі мәнге ие, сондай-ақ физикада кеңінен пайдаланатын дағды болып табылады.

Бастапқы білім

Теңдеу дегенді біледі, теңдеудің түбірі дегенді түсінеді, дәрежені біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4мин

4-5 мин

5-8 мин

Ұйымдастыру.

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

Сабақ басында оқушылар алгебралық өрнек туралы білімдерін еске түсіру үшін бір-біріне сұрақ қояды.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.

Сабақтың ортасы

8-20 мин

20-25 мин

25-32 мин

32-37 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Топтық жұмыс:

Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Әр топқа әр түрлі (бірінші, екінші, үшінші дәрежелі және т.б.) теңдеулер жазылған үлестірмелер таратыңыз. Оқушыларға берілген теңдеулерді классификациялап, классификациялау қағидасын түсіндіруді ұсыныңыз. Талқылау барысында, оқушыларды квадрат теңдеудің анықтамасын түсінуге әкеліңіз. Оқушыларға квадрат теңдеулерге өз мысалдарын келтіріп жазуды, олардың коэффициенттерін атауды ұсыныңыз.

Оқушыларға жұпта төмендегі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз.

Мысалы:

  • Төмендегі теңдеулерден квадрат ЕМЕС теңдеуді көрсетіңіз. Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.

А) ; С) ;

В) ; D) .

  • Төмендегі түріндегі квадрат теңдеулердің әрқайсысынан a, b, c коэффициенттерін көрсетіңіз.

1)

2)

= , = , = .

= , = , = .

3)

4)

= , = , = .

= , = , = .

Содан соң оқушыларға берілген теңдеулерді толық және толымсыз немесе келтірілген және келтірілмеген теңдеулер деген екі бағанға жазуды ұсыныңыз.

Оқушыларға толымсыз квадрат теңдеулерді шешуді үйрету үшін көбейткіштерге жіктеу әдісін талқылаңыздар. Оқушыларды топтарға біріктіріп, бірнеше толымсыз квадрат теңдеулерді шешуді ұсыныңыз. Оқушылар тапсырмаларды орындаған соң, толымсыз квадрат теңдеулерді шешудің алгоритмін құрастырады. Топтар өз жұмыстарын басқа оқушыларға көрсетеді.

Квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтауды зерттеу ретінде төмендегі тапсырманы ұсынуға болады.

Теңдеулер

Дискриминантты зерттеу __________

Түбірлер саны

1

2

3

4

5

6

7

Қосымша 1.

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Сабақ барысында оқушылар берілген тапсырмаларды сыныппен, топпен, жұппен және өзі жеке орындайды.

Әрбір оқушының қабілетіне қарай оқу үдерісіне қатысуға қабілетті болуы қамтамасыз етіледі.Барлық оқушыларға өзінің оқудағы жеке жетістіктерін көруге мүмкіндік беріледі.

Топтық жұмыс Ротацияәдісі бойынша бағаланады.

Мұғалім диалогқа оқушылардың қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Локдаун немесе эвакуация кезінде оқушыларды тыныштыққа шақыру, қауіпсіздік ережелерін нұсқауға сәйкес орындау;«көз жаттығуын» жасату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу