Функциялардың графигін параллель көшіру. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Математика» ӘБ жетекшісі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Квадраттық функция | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Функциялардың графигін параллель көшіру | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.5.1.6 y = f(x) + a, y = f(x - a), y = f(ax)және y=af(x)функциялар графиктерінің y = f(x) функция графигімен байланыстарын түсінеді; | |||||||||
Сабақ мақсаттары | y = f(x) + a, y = f(x - a), y = f(ax)және y=af(x)функциялар графиктерінің y = f(x) функция графигімен байланыстарын түсіну және есептер шығару | |||||||||
Бағалау критерийлері |
түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін біледі және графиктерін салады;
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология Квадраттық функция; парабола; парабола төбесі, парабола тармақтары; симметрия осі; функцияның нөлдері; гипербола; графикті симметриялы бейнелеу; х осімен сығу; х осімен созу; оңға жылжыту, солға жылжыту. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер парабола тармақтары ... бағытталған; график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан; квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >); берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту; у = kf(х) функциясының графигіk>1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осінен k есе созу арқылы алынады; у = kf(х) функциясының графигі 0<k<1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осіне есе сығу арқылы алынады. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру. Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру. Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика, сызу | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||
Бастапқы білім | «Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ах2 функциясының. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру.
2. Өткен тақырып бойынша сұрақтар. 1. Өткен сабақты қайталау мақсатында сұрақтарға жауап беріледі. Квадраттық функцияны оқуда оқушылар у = х2 квадраттық функцияның графигін параллель көшіру, сығу немесе созу көмегімен алуға болатыны туралы қорытынды жасаған болатын. | 1-8 слайд | ||||||||
Сабақтың ортасы М, Ұ 3 минут
2 минут Т 10 мин Ж 10 мин Ж 5 мин | 1.Білу және түсіну Квадрат функциясы мен түріндегі функциялардың графиктерінің түрлендіру жолдары мен оқушылармен талқыланады. Қорытынды жасай келе, y = f(x) + a, y = f(x - a), y = f(ax)және y=af(x)функциялар графиктерінің y = f(x) графигіне байланысты қалай өзгеретінін тұжырымдайды. Осылайша, жаңа тақырыптың мақсатын өздері ашады. 2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. 3. Жаңа тақырып Келесі кестені көрсету арқылы, функцияларды түрлендіру жолдары беріледі Топтық жұмыс Сыныпты 3 топқа бөлу үшін оқушыларға cабаққа кіріп келе жатқанда стикерлер таратамын. Әр топқа 1 есептен беріледі. Берілген есептің шарты мен шығарылуын топ мүшелерінің барлығы бірдей түсіну керек. 1-топ 2-топ 3-топ Бағалау: Тапсырма толық орындалып болғаннан кейін, бірінші топ екінші топтың жұмысын, ал екінші топ үшінші топтың, ал үшінші топ бірінші топтың жұмысын desmos.com/calculator-ді қолданып, тексереді. Әрбір топтан бір оқушы шығып сол топтың жұмысын бағалайды. Соңында, әр оқушы топтық жұмыста берілген барлық 3 тапсырманы да меңгеріп шығады. Тақырыптың мақсатына сай есептер беріледі. Жұптық жұмыс: Сызбада у = f(x) функциясының [2; 13] кесіндісіндегі графигі берілген. Берілген сызбада келесі функциялардың графиктерін салыңдар: g(x) = 2f(x), h(x) = 0,5f(x),m(x) = f(x – 2), q(x) = f(x) + 4. Бағалау: Оқушылар жұптасып отырып, берілген тапсырманы толық орындайды. Дайын дескриптор арқылы бір-бірлерін бағалайды. Жеке жұмыс: Бағалау: Алғашқы болған екі оқушының есебін тексеремін. Осы екі оқушы басқа оқушылардың есептерін тексереді. | 9 слайд 10-14 слайд Лебединцева Е. А, Беленкова Е.Ю. Алгебра 9 класс. Задания для обучения и развития учащихся. - М: Интеллект - Центр, 2011-104 с, 24-25 бет 15 слайд 16 слайд 17 слайд | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Оқушылармен сабақтың қорытындысын шығару: - тапсырмамен жұмыс жасағанда қиындықтар болды ма? - топта көмек алдыңыз ба? - тапсырмалардан алған ақпарат қызықты болды ма? - алған білімдеріңізді қайда қолдана аласыздар? 2. Мұғалімнің қорытынды бағалауы 3. Үйге тапсырма: Оқулықтағы 424, 425 есептер, 115,116 беттер | 18 слайд | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі. | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және дескриптор бойынша өздерін тексереді, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану. | Жарықтың сол жақтан түсуі қадағаланады және сыныпта алғашқы көмек көрсету қобдишасының бар болуына назар аударылады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?