y=√x функциясы, оның графигі мен қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспары, сабақ 1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аяшева Гулим Ораловна

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

функциясы, оның графигі мен қасиеттері

Сабақтың түрі

жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.1

функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

функциясының графигін салады, қасиеттерін біледі;

есеп шығарғанда осы қасиеттерді қолданады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса оқу мақсатына жетеді

- функциясының графигін дұрыс салу

- функцияның қасиеттерін және графигінің ерекшеліктерін білу

- қасиеттерді есеп шығарғанда қолдана білу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

функциясының графигін салу алгоритмін және оның қасиеттерін сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия: Пифагор теоремасы.

Физика:3 фазалық тізбекте ток күшін есептеу.

Бастапқы білім

7 сынып курсы бойынша

функциялары және олардың қасиеттері.

Осы бөлімдегі квадрат түбір мен оның қасиеттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

«Стартер» тапсырмасын орындап, нәтижесінде сабақтың тақырыбын анықтауға тырысады; сабақтың мақсатын тұжырымдайды.

Қосымша 1 Презентация

(1,2 слайд)

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

12 мин

4 мин

Білімді жаңғырту.

Оқушыларды 3-4 топқа бөліп келесідей тапсырма ұсынылады:

Өз білімдеріңіздің негізінде cіздерге белгілі функцияларды еске түсіріп, олардың графиктері мен қасиеттерін тұжырымдаңыздар. Ақпаратты жүйелеп, кесте немесе карта түрінде көрсетіңіз.

Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім бірінші топтан жиналған ақпаратты презентациялауды ұсынады. Келесі топ бірінші топ айтпаған ақпаратпен толықтырады және осылай жалғасады.

Жаңа тақырып.

Жаттығу орындалғаннан кейін мұғалім оқушылардың назарын функциясына аударады.

Аталмыш функцияның графигін салу презентацияның көмегімен жүргізіледі.

Графиктің салынуы орындалғаннан кейін мұғалім оқушылардың оның қасиеттерін тұжырымдауға итермелейді.

Мысалы келесі сұрақтар қою арқылы:

  • Функция графигінің анықталу облысы мен мәндер облысы туралы қандай қорытындылар жасауға болады?
  • Функция графигінің координаталық жазықтықта орналасуы бойынша не айта аласыздар? Неліктен?
  • Функция графигінің өсу және кему аралықтарын анықтай аласыздар ма? Қандай қорытынды жасауға болады?
  • және функция графиктерінің координаталық жазықтықта өзара орналасуы жайлы қандай тұжырым жасауға болады?

Жаңа материалды бекіту.

Тапсырмалардың орындалуы еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық, ашықтық сияқты құндылықтардың даруына ықпал етеді.

Ауызша жұмыс.

1

Берілген нүктелердің ішінен функциясының графигіне тиісті болатындарын таңдаңыз:

2

функциясының графигін төмендегі түзу қиып өтеді ме:

  • x= 6; b) x=100; c) y=36; d) y=-16?

Қиып өтетін болса, қиылысу нүктесінің

координатасын атаңыз.

Жауабы:

а) x=36; қиылысу нүктесі (6; )

b) x=100; қиылысу нүктесі (100; 10)

c) y=36; қиылысу нүктесі (1296; 36)

Есеп 1.

және y=2-x функцияларының графиктерін бір координаталық жазықтыққа салыңыздар.

функциясының мәндері y=2-x функциясының мәндерінен кіші болатын х айнымалысының мәндерін анықтаңыздар.

Жауабы:

немесе

Бағалау: Тексеру жұмысы дайын дескрипторлар бойынша жеке орындалады.

Дескрипторлар

ұпай

функциясының графигі дұрыс салынған

1

y=2-x функцияларының графигі дұрыс салынған

1

Қиылысу нүктесі дұрыс анықталған

1

Есептің шартына сәйкес х айнымалысының қабылдайтын мәндері дұрыс анықталған

1

Келесі тапсырмаларды оқушылар қабілеттеріне қарай өздігінен орындауға тырысады.

Есеп 2.

функциясының қасиеттерін қолдана отырып,

орындалатындай, х айнымалысының мәндерін табыңыз.

Жауабы:

g) шешімі жоқ.

Бағалау: Тексеру жұмысы дайын дескрипторлар бойынша жеке орындалады.

Дескрипторлар

ұпай

Әрбір тапсырма бойынша функциясының графигі немесе қасиеті қолданған

1

Тиісті аралық дұрыс анықталған

1

Есеп 3.

және функцияларының графиктерінің ортақ нүктелері жоқ екенін дәлелдеңіз.

Бағалау: Тексеру жұмысы дайын дескрипторлар бойынша жеке орындалады.

Дескрипторлар

ұпай

функциясының графигі дұрыс салынған

1

y=x+0,5 функцияларының графигі дұрыс салынған

1

Қорытынды дұрыс жасалған

1

Қорытындылау.

Мұғалім сабақты қорытындылу және кері байланыс алу мақсатында келесі сұрақтарды қояды:

  • функциясының қандай қасиеттері бүгінгі сабақты анықталды?
  • Графигінің қандай ерекшеліктерін атай аласыздар?
  • Сіздер атаған қасиеттерді есептер шығарғанда қалай қолдануға болады?
  • Оқу мақсатына қаншалықты жеттіңіздер деп өздеріңізді бағалай аласыздар?

Бағалау критерийлеріне сәйкес және дескрипторлар бойынша жүргізілген тексеруге сәйкес оқушылар өздеріне бағалау жүргізеді.

Үй жұмысын беру, түсіндіру:

№ 1

және y=6-x функцияларының графиктерін бір координаталық жазықтыққа салыңыздар.

функциясының мәндері y=6-x функциясының мәндерінен үлкен болатын х айнымалысының мәндерін анықтаңыздар.

№ 2

функциясының графигімен қиылысатын үш түзудің теңдеуін жазыңыз.

Флипчарт, фломастер

Қосымша 1 Презентация

Алгебра-8_Абылкасымова

Алгебра. 8кл. (углубленное изучение)_Макарычев Ю.Н. и др.

Қосымша 2

Жеке жұмысы

Қосымша 2

Үй жұмысы

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ бойынша рефлексия жүргізу. «Жетістік ағашы».

Мағынасы – оқудағы жетістікті бекіту, сондай-ақ басқалармен қарым - қатынаста да.

Оқушылар «ағаштың жапырақтарында» өз жетістіктерін (нақты мысал) белгілейді, содан кейін оларды тақтада бейнеленген «ағаштың діңіне» бекітеді.

Мысал: мен функциясының графигін салуды үйрендім ….

Мен функцияның қасиеттерін білдім….

Қосымша 1 Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әрбір оқушыға қолжетімді тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі. Бекіту кезіндегі соңғы екі тапсырма қабілеті жоғары оқушылар ғана өздігінен орындап үлгереді деп жоспарланған.

өзін-өзі бағалау

мұғалімнің бақылауы

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу