y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Квадрат түбір және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

функциясы, оның қасиеттері мен графигі

Cабақтың түрі

Білімді бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.1

функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;

8.4.1.4

аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу.

Сабақ мақсаттары

  • функциясының графигін салу;
  • функциясының анықталу облысын табу;
  • функциясының функциясының мәндер облысын табу;
  • аргументтің берілген мәндері бойынша функциясының мәндерін табу;
  • функциясының берілген мәні бойынша аргументтің мәнін табу;
  • теңдеулерді графиктік тәсілмен шешу.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • иррационал өрнектің мүмкін мәндер жиынын табады;
  • функциясының анықталу облысын табады;
  • функциясының мәндер облысын табады;
  • берілген график бойынша сәйкес функцияны формула түрінде жазады;
  • аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады;
  • функцияның берілген мәні бойынша аргументтің мәнін табады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар функциясының қасиеттерін тұжырымдайды, түрінде берілген функциясының графигін салуды түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

квадрат түбірі, арифметикалық квадрат түбірі, радикал, иррационал өрнек, түбір астындағы өрнек, функциясы, функция графигі

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

a теріс емес санның арифметикалық квадрат түбірі деп ... аталады;

... иррационал өрнек деп аталады;

Түбір астындағы өрнек … болу керек

Аргументтің берілген мәнін қойып, функцияның сәйкес мәнін табамыз;

Функцияның берілген мәнін қойып, аргументтің сәйкес мәнін табамыз.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Зоологиямен байланыс мұғалімнің океанариум және оның тұрғындары туралы түсіндірмесі арқылы жүзеге асырылады. (Океанариум сөзі тест тапсырмаларын орындау кезінде кілт сөз ретінде алынды).

Бастапқы білім

, функцияларының қасиеттерін біледі және олардың графиктерін сала алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-7 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім ауызша сұрау арқылы оқушылардың өткен сабақта меңгерген функциясы туралы білімдерін, оның қасиеттерін қайталайды.

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4-5

Сабақтың ортасы

7-23 мин

23-38 мин

3. Есеп шығару. Жеке жұмыс.

Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды жеке орындауды ұсынады. Бұл тапсырмалар функциясының графигін салу, оның анықталу облысы мен мәндер облысын табу дағдысын дамытуға бағытталған.

Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді, оларға сұрақтар қойып, бағыт-бағдар береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Оқушылар жұмысты аяқтаған соң, жұптарда өзара бағалау жүргізеді, сонымен қатар, мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • функциясының графигін салады;
  • функциясының анықталу облысын табады;
  • функциясының мәндер облысын табады.

Жұмысты аяқтаған соң, оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.

4. Тест.

Оқушыларға жеке жұмыс ретінде тест тапсырмалары ұсынылады, олар оқушыларға функциясы туралы барлық өтілген материалды жан-жақты қайталауға көмектеседі.

Тест тапсырмаларының жауаптарының әрбір нұсқасына белгілі бір әріп сәйкес келеді. Егер оқушы барлық тапсырмаларды дұрыс орындап, барлық тиісті әріптерді жазып берсе, кілт сөз пайда болады.

Дұрыс жауап: ОКЕАНАРИУМ.

Океанариум — ғылыми-ағарту мекемесі, әдетте, коммерциялық емес, тірі теңіз табиғаты мұражайы. Әдетте, океанариумдарда әртүрлі көлемді бірнеше бассейндер бар. Шағын океанариумдарда ұсақ балықтар мен омыртқасыздар бар, ал оларды бақылау үшін бассейннің бүйір қабырғаларының бірін мөлдір етеді. Ірі океанариумдарда үлкен балықтар, тасбақалар, киттер бар.

Астанада әлемдік мұхиттан ең алыс орналасқан океанариум бар. Теңізден алыс жерде теңіз түбіне түсіп, түрлі балық пен мұхит тереңдігін тамашалау шын мәнінде таңқаларлық.

Қосымша 1

Презентация

Слайд 6-7

Қосымша 2

Презентация

Слайд 8

Сабақтың соңы

38-40 мин

5. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, оқушылардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға келесі сөйлемдерді толықтыру ұсынылады:

  • Мен … білдім
  • Мен … үйрендім
  • Маған … ұнады
  • Менде … деген сұрақ бар
  • Маған … қиын болды

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 9

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу