Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

Сабақ түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1

арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін квадрат түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолдана алады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі;
  • арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- түбірдің мәнін есептеуде және түбірі бар өрнектерді ықшамдауда арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдануын ауызша негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- квадрат түбір;

- арифметикалық квадрат түбір;

- көбейтіндінің түбірі және түбірлердің көбейтіндісі;

- бөліндінің түбірі және түбірлердің бөліндісі;

- квадрат түбір астындағы жұп дәрежелі өрнек.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- көбейтіндінің түбірін табу үшін ...

- бөліндінің түбірін табу үшін ...

- жұп дәрежелі өрнектің квадрат түбірі ...

- берілген санның түбірін табу үшін оны ... сандарының көбейтіндісі/бөліндісі түрінде жазамыз.

 Құндылықтарды

 Дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сонымен қатар еліміздің басты байлығы - тәуелсіздігіміздің тірегі болар және елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын дамытатын білімді ұрпақ бола алатынын ұғындыру.

Пәнаралық байланыстар

Биология. Есептің шешімі арқылы ағаштың атауы анықталады.

 АКТ қолдану

  Дағдылары

Интерактивті тақта, Power Point

Бастапқы білім

«Квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» анықтамаларын біледі және оларды ажыратады, толық квадраттан түбір алу дағдысы, арифметикалық түбірдің қасиеттері.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-2 мин

2-5 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушылар есебіндегі байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін анықтау.

Презентация слайд 1-2

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-25 мин

25-28 мин

28-35 мин

35-38 мин

3. Өткен сабақты қайталау

1. Өткен сабақта қарастырылған арифметикалық түбірдің қасиеттерін қайталау мақсатында тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмаларда барлық 3 қасиет те қамтылған. Тексеруді презентациядағы дайын жауаптар арқылы оқушылар өздері тексереді. Артынан оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, оларды бүкіл сыныппен талданады.

4. Арифметикалық квадрат түбірдің n-ші дәрежесі

Ең алдымен келесі мысалдарды оқушылар кіші топтарда қарастырады:

Осыған ұқсас мысалдарды олар алдыңғы тақырыптарда да шығарғандықтан, көп қиындық туғызбауы керек. Осы кезде мынадай сұрақ қойылады – «Қарастырылған төрт мысалдың ортақ қасиетін атаңыз» деген. Сонда оқушылар барлық түбірлер 2-дәрежеге шығарылған деп айтуы мүмкін. Осыдан кейін, мұғалім егер 2 дәреже емес, басқа дәрежеге шығарсақ қалай болатынын сұрайды, яғни түрінде.

Ол үшін дәреже ұғымы еске түсіріліп, өрнегі көбейткіштерге жіктеліп жазылады. Содан болады, мұндағы , n – натурал сан.

5. Бекіту

Бұл кезеңде оқушыларға төрт мысал ұсынылады, бұл мысалдар тек қана жаттығу мақсатында беріледі, сондықтан оқушылар қажеттілігінше мұғалімнің көмегіне жүгіне алады.

Тапсырма. Жұптық жұмыс

Бұл тапсырма алдында қарастырылған қасиетті тексеру мақсатында беріледі. Оқушылар көп жағдайда жасырын сөздерді ойлап табуды ұнатады, сөйтіп олардың жұптағы жұмысы белсенді болады.

Тапсырмаларды орындап, сол жақтағы жауаптарға сәйкес әріпті таңдаңыз, сонда ағаштың атауын аласыз.

Бағалау критерийі:

  • квадрат түбірді n-дәрежеге шығару қасиетін қолданады;
  • көбейтіндінің дәрежесі қасиетін қолданады;
  • өрнектің мәнін дұрыс есептейді.

Табылған ағаштың атауы жайлы мағлұматты оқушылар өз беттерімен интернет желісінде қарастырады.

Тақырыпты кеңейту мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі:

Бағалау критерийі:

  • теріс санды жұп дәрежеге шығаруды біледі ;
  • өрнекті түбірден дұрыс шығарады;
  • өрнектің мәнін дұрыс ықшамдайды.

Қосымша 1

Презентация

слайд 3-4

www.bilimland.kz

Қосымша 2

Презентация слайд 5

Презентация слайд 6

Презентация слайд 7

Презентация слайд 8

Алгебра 8 класс, задания для обучения и развития учащихся, Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю.

https://www.botanichka.ru/article/carob-tree/

Презентация слайд 9

Сабақтың соңы

38-40 мин

6. Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру

Рефлексия Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.

“Мен бүгінгі сабақта не үйрендім”

Алгебра 8 сынып, Шыныбеков Ә.Н.

Презентация слайд 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан тұрады. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу