Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 7 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Оқу мақсаты: 8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- -квадрат түбірдің мәнін калькулятор көмегімен есептей алады;
- квадрат түбірдің мәнін бағалай алады;
- квадрат түбірдің мәндерін салыстырады.
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Тәжірибелік жұмыс
- Бекіту
- Қосымша тапсырма
- Тексеру
- Геометриялық квадрат түбір алу
- Үй тапсырмасы. Рефлексия.
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Егер болса (мұндағы , , онда .
Геометриялық түбір алу.
Калькулятордың көмегінсіз түбір алу үшін төмендегі кезеңдерді орындаңыз!
Тек қана сызғыш, қарындаш және циркуль қолданыңыз.
15 санының түбірін есептеу…
1) ұзындығы 15 см болатын кесіндіні горизонталь бағытта салыңыз.
2) Кесіндінің оң жақ шетін X деп белгілеңіз.
3) Кесіндіні X жағынан оң бағытта 1 см-ге ұзартыңыз (енді кесіндінің барлық ұзындығы 10 см)
4) Циркульдің инесін кесіндінің тура ортасын қойып, екінші ұшын кесінді шетіне қойыңыз да жарты шеңбер сызыңыз. (жарты шеңбердің радиусы 5 см, ұштары кесіндінің шеттерінде болады)
5) X нүктесінен вертикаль бағытта жарты шеңбермен қиылыстырып түзу сызыңыз.
6) Х нүктесінен жарты шеңбермен қиылысқан нүктеге дейінгі қашықтықты сызғышпен өлшеңіз. Осы ұзындық 15 санының жуықталған квадрат түбірі болады!
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Сабаққа қажетті материал оқулықтардан және www.discoveryeducation.com сайтынан алынған. Егер осы сайтқа жазылған болсаңыз, онда оны қолдануларыңызға болады.
Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақытын үнемдеуге болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Бұл сабақ жаңа білімді меңгеруге бағытталып құрылғанымен мұнда оқушыларға өз бетімен тәжірибе жасау, соның негізінде қорытынды жасау көзделген. Сөйтіп, оқушылар бұл тақырыпты жаңа тақырып ретінде қарастырмауы да мүмкін. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түбір табудың басқа әдістері де берілген, бірақ геометриялық квадрат табу әдісі Пифагор теоремасы арқылы дәлелденеді. Оқушылар бұл әдіспен таныс емес болғандықтан, оны тек мұғалімге көрсету керек.
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақ бойы өткізіледі. (бірін-бірі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012.
https://www.tes.com/teaching-resource/geometrical-square-rooting-6341505
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?