Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Квадрат түбірдің мәнін есептеу және бағалау

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Оқу мақсаты: 8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау

Сабақ мақсаттары: Оқушылар:

  • -квадрат түбірдің мәнін калькулятор көмегімен есептей алады;
  • квадрат түбірдің мәнін бағалай алады;
  • квадрат түбірдің мәндерін салыстырады.

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Жеке жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Жұптық жұмыс
  • Үй тапсырмасы. Рефлексия.

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

Егер болса (мұндағы , , онда .

Геометриялық түбір алу.

Калькулятордың көмегінсіз түбір алу үшін төмендегі кезеңдерді орындаңыз!

Тек қана сызғыш, қарындаш және циркуль қолданыңыз.

15 санының түбірін есептеу…

1) ұзындығы 15 см болатын кесіндіні горизонталь бағытта салыңыз.

2) Кесіндінің оң жақ шетін X деп белгілеңіз.

3) Кесіндіні X жағынан оң бағытта 1 см-ге ұзартыңыз (енді кесіндінің барлық ұзындығы 10 см)

4) Циркульдің инесін кесіндінің тура ортасын қойып, екінші ұшын кесінді шетіне қойыңыз да жарты шеңбер сызыңыз. (жарты шеңбердің радиусы 5 см, ұштары кесіндінің шеттерінде болады)

5) X нүктесінен вертикаль бағытта жарты шеңбермен қиылыстырып түзу сызыңыз.

6) Х нүктесінен жарты шеңбермен қиылысқан нүктеге дейінгі қашықтықты сызғышпен өлшеңіз. Осы ұзындық 15 санының жуықталған квадрат түбірі болады!

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Сабаққа қажетті материал оқулықтардан және www.bilimland.kz сайтынан алынған. Егер осы сайтқа жазылған болсаңыз, онда оны қолдануларыңызға болады.

Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақытын үнемдеуге болады.

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

Бұл сабақ жаңа білімді тексеруге және оны тереңдетуге бағытталып құрылғанымен мұнда оқушыларға өз бетімен топта сандарды салыстыру әдістерін қорытып шығару, соның негізінде қорытынды жасау көзделген. Сөйтіп, оқушылар бұл тақырыпты жаңа тақырып ретінде қарастырмауы да мүмкін.

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

 Формативті бағалау сабақ бойы өткізіледі. (бірін-бірі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.

 

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

 

Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012.

Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре для 8-9 кл. Москва «Просвещение» 2001.

Колягин Ю.М., Ткачева М.В., Федорова Н.Е., Шабунин М.И. Алгебра рабочая тетрадь часть 1, Москва «Просвещение», 2014.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу