Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар:

7.3В Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні: 04.02.2020 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Гульманов Нуртай Кудайбергенович

Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты

Проблемалық және қолданбалы есептерді шешу арқылы 7С(1) сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын (проблемалық сұрақтарды тұжырымдай алу, өз қызметтерін жоспарлай алу, зерттеуге қатысты нақты материалды жинау, алынған материалды жүйелеу және талдау, гипотезаларды ұсыну және тексеру, гипотезаның ақиқаттығын дәлелдеу) дамыту

Сабақтың зерттеу мақсаты

Проблемалық есептерді шешу арқылы оқушылардың талдау дағдыларын қалыптастыру

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 12

Қатысқпағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.14 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктей алады;

7.2.1.15 топтау тәсілімен көпмүшелерді көбейткiштерге жiктей алады;

 Сабақтың мақсаты

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көпмүешелерді көбейткіштерге жіктеуді үйрену

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • ортақ көбейкішті жақша сыртына шығару арқылы көпмүшені көбейткіштерге жіктейді;
  • топтау тәсілі арқылы көпмүшені көбейткіштерге жіктейді;
  • көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде әр түрлі тәсілдерді қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдерінің мағынасын тұжырымдай біледі;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын дәйектейді;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

бірмүше, көпмүше, алгебралық өрнек, көбейткіштерге жіктеу, ортақ көбейткіш; ең үлкен ортақ көбейткіш; топтау тәсілі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...;

- коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші;

- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ... ;

- егер ... болса , онда көпмүшелердің көбейтіндісі нөлге тең;

- көпмүшенің ... бар мүшелерін(өрнекті) бірге топтаймыз;

- берілген көпмүшені көбейтінді түріне келтіру үшін ... қолданамыз;

 Құндылықтарды дарыту

Оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу; топта жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдау, пікір алмасу және патриоттық сезімдерін дамыту.

 Пәнаралық байланыстар

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану.

Бастапқы білім

  • бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері;
  • бірмүше және көпмүше ұғымдары;
  • бірмүше және көпмүшелерге амалдар қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

2 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақта жоқ оқушыларды, кабинетті, оқушылардың сыртқы келбетін және жұмыс орындарын тексеру.

Сабақ ортасы

1 мин

3 мин

4 мин

9 мин

9 мин

10 мин

2. Оқушылар білімдерін жандандыру.

а) Оқушыларға мұғалім үстеліндегі таратпа қағаздардың бірін алу ұсынылады. Таратпа қағаздардағы ақпаратқа байланысты оқушылар үш оқушыдан құралатын 4 топқа бөлінеді: an, bk, cm, dx.

Оқушылар топтарға біріккен соң, оларға бағалау парақтары беріледу. Бағалау парақтары оқушылардың өздері, олардың сыныптастары сабақ өту барысында толтырады.

б) Теориялық тұжырымдар. Бірмүшелер және көпмүшелер тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін жандандыру мақсатында оқушыларға келесі тапсырма ұсынылады. Оқушыларға 12 тұжырымы бар таратпа қағаз таратылады, оқушылардың әрқайсысы тұжырымдардың не ақиқаттығын, не ақиқат еместігін анықтауы тиіс. Ол үшін таратпа қағаздағы әрбір тұжырымның төңірегіне «+/-» белгілерін қою керек («+» - тұжырым ақиқат, «-» - тұжырым жалған).

3. Сабақ тақырыбын анықтау.

Мұғалім оқушылардан келесі тапырманы ауызша орындауды сұрайды: «ab+cb өрнегінің мәнін тап, егер a=5,2, b=19,7 және c=4,8 болса». Тапсырманы тиімді орындау үшін ab+cb өрнегін b(a+c) түрінде жазып алу керектігін оқушылар өздері айтулары керек, қажет болса мұғалім оқушыларға сәйкес сұрақтарды қою арқылы көмектеседі. Бұл тапсырма арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері айтулары керек.

Осыдан кейін сабақ тақырыбын хабарлау керек және оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын, оқу мақсаттарын анықтау керек.

4. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Мұғалім оқушылармен бірлесіп презентациядағы 1-3.2 мысалдарын талдайды. Бірлесіп талқылаудың алдында оқушылар есептің шығарылуын топта қарастырады.

5. Топтау тәсілі.

Оқушыларға 4 қосымшаға сәйкес тапсырмаларды орындау ұсынылады. Бұл тапсырма оқушыларға топтау тәсілінің мәнін түсіну үшін беріледі. Тапсырманы орындап болған соң презентациядағы 4 және 5-мысалды оқушылармен бірлесіп талдау керек. Мысалдар талданған соң оқушылар топтау тәсілін қолдану алгоритмін тұжырымдау керек.

6. Есептер шығару.

Оқушыларға көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу бойынша тарсияны топта жинау ұсынылады.

1 және 1.1 қосымшалары

2-қосымша

1-4 слайдтар

3-қосымша

5-8 слайдтар

4-қосымша

9-10 слайдтар

12-слайд

Сабақ соңы

2 минут

5. Рефлексия.

Сабақтың соңында оқушыларға сабақты қорытындылауды сұраңыз. Ол үшін келесі оқушылар келесі сұрақтарға жауап беру керек:

- нені білдім және не үйрендім?

- нені түсінбей қалдым?

- мақсатқа жету үшін не істеу қажет?

Саралау.

Оқушыларды топтарға біріктіру барысында олардың қабілеттерін ескеріледі. Бір топта уәждері төмен оқушылардың жинақталуын болдырмауын қадағалау.

Бағалау.

Оқушылар сабақтағы өз қызметтерін және сыныптастарын бағалау парақтары арқылы бағалайды (5.1-қосымша)

Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы – мұғалім сабақ бойы оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды (5.2-қосымша).

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсендііс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: 2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу