Күміс қанат ұшақтар. «Сынақшы-ғарышкерлер» Ж.Қорғасбек. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Ғарышқа саяхат

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күміс қанат ұшақтар

«Сынақшы-ғарышкерлер» Ж.Қорғасбек

Оқу мақсаттары

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау.

4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, кейіпкердің іс – әрекетін өзгеру себептерін мәтіннен табады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құастырады.

Көпшілік оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себептерін бағалайды, салыстырады, пікір білдіру, бағалау сұрақтарын құрастырады.

Кейбір оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеруіне салыстыра отырып баға береді, бағалау сұрақтарын құрастырады және оған дәлелдер келтіре отырып қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • кейіпкердің іс – әрекеті, мінез- құлқының өзгеру себептерін мәтіннен табады және салыстырып бағалайды;
  • мәтін бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;
  • өз пікірін білдіреді.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемнің тыныс белгілері, сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. Ғаламшар туралы бңлңмдерңн еске түсіру арұылы жаратылыстану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, https://www.youtube.com/watch?v=Hs81fLLuugc

Алдыңғы білімді игеру

Сұрақтар құрастыра алады, шығарма кейіпкерлерін сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

.Ұшу аппараттарын таңдау арқылы топтарға біріктіру.

Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны

 Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

 Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Слайд №1-3

1-қосымша

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісі

Оқушыларға «Сәлемдеме» әңгімесін оқу ұсынылады. Бұл әдісте мұғалім әңгімені өзі бастап мәнерлеп оқу моделін көрсетеді, оқушылар жалғастырып оқиды. Мәтінді оқып болған соң талқылау жүргізіледі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Өміріне қауіп төнген жағдайда адамдар әртүрлі жағдайда, сезімде, көңіл күйде болады. Бірі абдырап не істерін білмесе, бірі қызметі бойынша бұйрықты орындаулары қажет. Әскери адамдар бұйрықты орындайды. Тоқтар да бұйрықты орындау керек еді, бірақ сол сәтте басқа шешім қабылдады.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы мәтін мазмұны бойынша бірлесіп, тізбектеп оқуға ілесуде қиналған оқушыларға сөзбен ынтылындыру сөздері арқылы қолдау көрсетіледі.

Дескриптор:

-мәтінді түсініп оұиды;

-кейіпкерін анықтайды;

-кейіпкердің іс – әрекетін, мінез -құлқының өзгеру себептерін табады;

-кейіпкердің іс- әрекетіне баға береді.

(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы талқылау барысында оқушылардың жауабы ұжымда өзара бағалау ұсынылады.

2-тапсырма

  • Сұраққа жауап (ЖЖ) «Қар кесегі» әдісі.

1. Шығарма мазмұны бойынша топ ішінде әр жұп бағалауға негізделген сұрақтар дайындап, келесі топтарға сұрақтарын лақтырады.

2. Қағып алған топ мүшелері сол сұрақтарға жауап береді.

3. Сұрақтардың жауабын шығармадан табады.

-Сынақшы-ұшқыш болудың қандай қиындықтары бар?

-Неліктен Тоқтар парашютпен секірмеді?

-Төмен зулаған ұшақта отырған Тоқтар қандай сезімде болды деп ойлайсың?

- Тоқтардың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

Дескриптор:

  • мәтін мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрсатырады;
  • сұрақтарға жауап береді;
  • өз пікірін білдіреді.

ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен ынталандыру.

3-тапсырма

(Ө) «Қосжазба күнделігі» әдісі

Мәтіннен үзінді

Менің ойым

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бһтапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындауға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

Дескриптор:

-мәтіннен үзінді таңдайды;

-үзіндіге байланысты өз ойын жазады;

-орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды.

Б. «Екі жұлдыз, бір тілек»

4- тапсырма

(Ж,Т) «Микрофон» әдісі.

Оқушылар тірек сөздерді қолданып, шығарма кейіпкерін сипаттайды. Жеке дайындалуға уақыт беріледі, топта талқылайды.

Тірек сөздер: сынақшы-ұшқыш, көзді ашып -жұмғанша, ақау, тұңғыш, сынақ, ғарышкер, қас қағым сәтте,шешім қабылдау.

Дескриптор:

-тірек сөздерді қолданып кейіпкерді сипаттайды;

-өз ойын айтады.

Б. «Смайл» әдісі арқылы бағаланады.

Слайд №4

Оқулық

Слайд №4

2-қосымша

Слайд№5

3-қосымша

Слайд №6

4-қосымша

Сабақтың соңы

«Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Қосымша 4

Саралау

1-тапсырмада

диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы мәтін мазмұны бойынша бірлесіп, тізбектеп оқуға ілесуде қиналған оқушыларға сөзбен ынтылындыру сөздері арқылы қолдау көрсетіледі.

3-тапсырмада

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бһтапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындауға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

Бағалау

«Басбармақ» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» сөздерімен ынталандыру

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді;
  • тірек сөздерді қолданып кейіпкерді сипаттайды;
  • шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды, жауап береді;
  • өз пікірін айтады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу