Ғарыш жолы жалғасады. «Арман арқалаған бала» Ж.Қорғасбек. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Ғарышқа саяхат

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғарыш жолы жалғасады.

«Арман арқалаған бала» Ж.Қорғасбек

Оқу мақсаттары

4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру.

4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды, түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, себебін түсіндіру, түрлі дереккөздерден ақтараптты табады, өңдейді.

Кейбір оқушылар: шығарманың қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды, себебін түсіндіреді, түрлі дереккөздерден алған ақпаратты тұжырымдайсың, себеп – салдарлық байланысын сызба түрінде көрсетеді.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлім негізінде сюжеттің дамуын болжайды;
  • түрлі дереккөздерінен ақпараттарды табады;
  • өз пікірін білдіреді.

Тірек сөздер

«Союз ТМ-13», аэроклуб, Армавир, сынақшы-ұшқыш.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Жеке жұмыс кезінде еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ғарыш әлемі туралы білімдерін еске түсіру арқылы жаратылыстану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

https://imektep.kz/kz/garysh-video

Алдыңғы білімді игеру

Шығарманың тақырыбын біледі, дереккөздермен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы. «Серпілмелі сауал»

-Ғарыш дегеніміз не?

-Ғарышкер болу үшін қандай қасиеттер керек деп ойлайсың?

-Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің?

-Қазақстанда ғырыш айлағы қай облыста орналасқан?

- Ғарышқа жол қалай жалғасады деп ойлайсың?

-Өскенде кім болғың келеді? Өз арманың орындалу үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Сұрақтар бойынша оқушылар өз пікірін айтады.

 Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін бірлесе құрастыруСабақтың тақырыбы мен оұу мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

1-қосымша

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Ж;Т) «Арман арқалаған бала» мәтінін оқу. «Инсерт» әдісі .

V

білемін

келіспеймін

+

жаңалық

?

білгім келеді

  • Мәтіндегі түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

2-тапсырма

(Ө;Т) «Қарлы кесек» әдісі. Мәтін мазмұны бойынша оқушылар жеке сұрақтар құрастырады. Топта сұрақтарды өзара талқылап, топ сұрақтарының тізбесін әзірлейді.

- Баланың есімі неліктен «Тоқтар» деп қойылған?

- Тоқтардың мамандық таңдауына ықпал еткен кім деп ойлайсың?

- Анасы неліктен Тоқтардың ұшқыш болуын қаламады?

- МәтінненТоқтардың бауырмалдығы туралы айтылған жерді тауып оқы.

Құрастырған сұрақтарды талқылау.

Маған ең ұнаған сұрақ, себебі...

Менің ұсынысым, осы сұрақты әлі де ... осылай жетілдіруге болады

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Дескриптор:

  • мәтін мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;
  • өз пікірін білдіреді.

Б. «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

3-тапсырма

(Т) https://imektep.kz/kz/garysh-video сілтемесі бойынша ғарыш туралы бейнефильм көрсетіледі.

- Ғарышқа неліктен ұшады? сұрағына өз ойларын білдіреді.

) Кесте толтырады.

Ғарышкерлер

Қанша уақыт болған?

Дескриптор:

  • дереккөзден ақпарат табады;
  • кестені толтырады.

Б. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен ынталандыру.

4-тапсырма

) «Еркін жазу» әдісі

Мәтін мазмұныын еске түсір. Мәтін әрі қарай қалай жалғасады деп ойлайсың? Өз ойыңды жаз.

Саралау. Кейбір оқушыларға өз ойын жазуға қосымша уақыт беріледі. Оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылуы мүмкін. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

Дескриптор:

  • мәтінді жалғастырады;
  • өз ойын жазады;
  • орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды.

Жұмыс «Ыстық орындық» әдісі арқылы сынып алдында талқыланады.

Б.«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

Слайд №4

Оқулық

2-қосымша

Слайд №5

3-қосымша

Сабақтың соңы

5 минут

«Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Қосымша 4

Саралау

2-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

4-тапсырмада

. Кейбір оқушыларға өз ойын жазуға қосымша уақыт беріледі. Оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылуы мүмкін. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен ынталандыру.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • мәтін мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады;
  • өз пікірін білдіреді.
  • дереккөзден ақпарат табады;
  • кестені толтырады.
  • мәтінді жалғастырады;
  • өз ойын жазады;
  • орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу