Оқу түрлерін қолдану. Абай «Қыс». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.1 Оқу түрлерін қолдану

Оқу мақсаты

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу;

4.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;

4.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды;

Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды;

Кейбір оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және оған дәлелдер келтіріп жауап береді.

Бағалау критерийлері

  • әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады;
  • шығарманы түсініп оқиды;
  • өлеңнің мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды
  • өлеңді мәнерлеп оқиды.

Тірек сөздер

Ақ киімді, ақ сақалды, шидем тон, ақ орда.

Құндылықтарды дарыту

Мәтінді оқу барысында құрмет құндылығын дарыту; Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру:

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлем түрлернің тыныс белгілерін дұрыс қолданау арқылы қазақ тілімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Өлеңді түсініп оқиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»

Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.

Топқа бөліну

1-топ Желтоқсан

2-топ Қаңтар

3-топ Ақпан

Қосымша 1

Слайд 1-3

Сабақтың ортасы

6-16 минут

17-24 минут

25-30 минут

31-37 минут

1- тапсырма

(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастыру.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Жұмбақтар шешу

А) Қыста ғана болады,

Ұстасаң қол тоңады. (қар)

Ә) Тісі жоқ тістеп алады,

Қолы жоқ, сурет салады. (қырау)

Б) Көлге жапқан қақпақ,

Сіресіп тұр-

Қатты-ақ. (Мұз)

Саралау. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.

Б «Қол шапалақтау»

2- тапсырма

, ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

Абайдың «Қыс» өлеңін оқушылар оқи отырып, қажетті ақпарат адам бейнесіндегі қысты сипаттаған тұсты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Мәтіннен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі.

Кестені толтыр Үлгі:

Өлеңдегі кейіптеуді пайдаланып, адам бейнесіндегі қысты сипаттап жаз.

Ақ киімді, ақ сақалды, түсі суық, басқан жері сықырлайды, үсті-басы ақ қырау, т.б

Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

Б. Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр оқушы өз жұмысында нені толықтыру керек, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтайды

3-тапсырма

Сұраққа жауап (ЖЖ) «Қағаздағы сұрақтар»

Әрқайсысы мәтін бойынша қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

Үлгі:

  • Абай суреттеген қыс қандай?
  • Ақын көктемді қалай суреттеген?
  • Қысты неге ашулы адам кейпіне теңеген?
  • Табиғат лирикасы дегенді қалай түсінесің?

Саралау: Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

Б. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

4- тапсырма

(Т,Ұ) «Данышпан үкілер» стратегиясының

«Иллюстрациялық бейнелеу» әдісі бағыты бойынша суреттерді пайдаланып Абай суреттеген қатал қыстан қорғану іс-шараларынының тізімін жасауға тапсырма беру. Оқушыларға тақырыпқа байланысты суретті толықтыру ұсынылады. Бірлесе отыра топпен жұмыс жасайды. Дайын болған суреттерін топ алдында таныстырады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдайды, толықтырады.

Б: «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау.

Слайд 4

Слайд 5

Қосымша2

Слайд 6

Қосымша 3

Слайд 7

Сабақтың соңы

38-40 минут

«Шеринг» әдісі

Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады. Барлығы шеңберде тұрады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.

Слайд 8

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырма

Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

2-тапсырма

Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.

3-тапсырма

Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

4-тапсырма

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдайды, толықтырады.

-Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау

-«Топ белсенділіктерін бақылау»әдісі

-«Бір- бірін бағалау»әдісі

-«Қол шапалақтау» әдісі

Дескриптор

  • әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады;
  • өлеңді түсініп оқиды;
  • өлең мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды;
  • өлеңді мәнерлеп оқиды.

Сынып ішінде қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу