С.Бегалиннің «Туған жер құдіреті». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


 Тарау: Менің Отаным – Қазақстан

 

 Сабақ тақырыбы: 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. С.Бегалиннің «Туған жер құдіреті»

 

 Оқу мақсаттары:

 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтап, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді, әдеби көркемдегіш құралдарды (эпитеті) табады.

 Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, эпитеті табады және өз пікірлерін айтады

 Кейбір оқушылар: өз тақырыбын ұсынады, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады.

 

 Бағалау критерийлері

  •  шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін анықтайды;
  •  мәтіндегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;
  •  жазу барсында көркемдегіш құралдарды қолданады.

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 «Туған жердің түні де ыстық» дегенді қалай түсінесің? деген сұраққа жауап алу үшін «Үш пікір» әдісін қолданыңыз. Осы сұрақ төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы сандықшаға тастап отырады. Барлық оқушылар өз пікірлерін айтып болған соң мұғалім бүгінгі оқылатын мәтіннің қандай болатынын болжап айтуларын сұрайды.

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.

 Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді анықтап, әдеби көркемдегіш құралдарды табады. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма.

 Бұл мәтін алды тапсырма оқылатын мәтіннің не жайында екенін болжауға беріледі. Сондай-ақ, оқушылардың айтылым дағдыларын дамытады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Суретке қарап, оқылатын мәтіннің тақырыбын болжатуға «Терминдер арқылы болжа» әдісін қолдану тиімді.

 1.Оқушыларға термин сөздер беріледі. (Терминдер қосымшада). Жұптар ойларын ортаға салады.

 2.Жұптар бірнеше тақырып ойластырып, тізім құрастырады.

 3.Тізімді топта ортаға салады. Барлық тізімнің ішінен бір тақырып таңдалады.

 Саралау: Қорытынды арқылы саралау қолданылады. Қабілеті төмен оқушылар өз ойларын ортаға салады, қабілеті жоғары оқушылар мысалдар келтіре алады.

 Қ/Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды тақырып бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

 

 2-тапсырма.

 Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей түсініп оқу машығын жетілдіруге негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ұ) (МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен С.Бегалиннің «Туған жер құдіреті» әңгімесін оқу ұсынылады.

  •  Оқушылар мәтінді жеке оқиды.
  •  Оқып болған соң негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін анықтап, оқып береді.
  •  Мәтін бойынша талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
  •  Әңгімеге басқа қандай тақырып қоюға болады?
  •  Автор бұл әңгімеде бізге не айтқысы келді?

 3. Сурет бойынша жасалған болжам бойынша қаншалықты сәйкестік бар болғанын анықтайды.

 4. Өз жұмыстарын қортындылап, өзіндік баға береді.

 Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Мәтінді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды.

 Қ/Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

 Мен………… басқаша қарайтын болдым

 3-тапсырма.

 Тапсырма мәтіндегі көркемдеуінш сөздерді анықтауға беріледі. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы ақпараттарды жүйелей алуға дағдыланады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (ЖЖ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін пайдаланып мәтіндегі көркемдеуінш сөздерді анықтауға тапсырма беріңіз.

 (Ө) (Ойлан) – Мәтіндегі «Біздің халқымыздың мекені шалқып тұрған ән мен күй, әсем жыр емес пе!» деген сөзді тауып, ал.

 (ЖЖ) (Жұптас)Бұл сөзді сен қалай түсіндің?, Шоқанның олай айтуына не себеп болды? Тағы қандай мағынасы бар?

 Бұл сөзді сен қалай түсіндің? Тағы қаландай мағынасы бар?

 (Т) (Бөліс) – Талдағандары бойынша ортақ топта талқылап, салыстырады.

 Мұғалім эпитет туралы түсіндіреді.

 Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

 Қ/Б. Жұптардың жауаптары тыңдалып, жетістіктері «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.

 4-тапсырма

 Бұл жазымылым тапсырмасы. Мәтінен түсінгенін және өз білетіндерін пайдалынып жаза алуға үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

(Ө) «Еркін жазу» әдісі арқылы «Сен өз туған жерің жайлы не айтар едің, өз ойыңды жаз» деп жазуды тапсырыңыз.

 1. Уақыт беріледі, оқушыар берілген тақырып бойынша еркін жазады.

 2. Әр оқушы өз ойын ортаға салып, бөліседі.

 3. Барлық оқушының келісуімен ең дұрыс деген ой таңдалып алынады.

 Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Тапсырманы орындау кезінде қосымша ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

 Қ/Б. Оқушылар бағдаршам әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Кубик» әдісін қоланыңыз.

 Әр жағына әр түрлі сұрақ жазылған жеңіл кубикті мұғалім оқушыларға лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне қарап тұрған жағындағы сұрақ бойынша жауап беріп кері байланыс жасайды.

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 қызықты ақпаратты ата.
  • 2 есте сақтайтын нәрсені ата.
  • Сен үшін қиындық тудырған не?
  • Қай тапсырма саған ұнады?
  • Сабаққа байланысты бір сұрақ.
  • Келесі сабақтан не үйренгің келеді?

  (Ө) Оқушылар осы сұрақтарына кезекпен жауап береді.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу