«Әдемі қыздың әні» Жолтай Әлмашев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Өнер

 

 Сабақ тақырыбы: 3. 4 Қатені табу және түзету. «Әдемі қыздың әні» Жолтай Әлмашев

 

Оқу мақсаттары:

 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;

 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап береді

 Көптеген оқушылар: шығарма құрылымын жетілдіреді, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді сұрақтар құрастыруда қолдана алады.

  Кейбір оқушылар: мәтіннің стилін жетілдіру үшін қателереді табады және түзетеді, өзіндік пікірін дәлелдей алады

 

 Бағалау критерийлері

  •  сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды;
  •  сұрақтар құрастырады және жауап береді;
  •  орфографиялық, пукнтуциялық қателерді тауып, түзетеді;
  •  қатесіз, сауатты жазады.

 Қажетті ресурстар: суреттер, карточкалар, маркерлер

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

  «Сұраққа жауап бер. Өнердің қандай түрлерін білесің? Әнші деп кімді айтамыз?» деген сұрақтардың жауабын алуды «Ішкі және сыртқы шеңбер» ойыны арқылы ұйымдастырыңыз.

 Ойын шарты: Сыртқы шеңбер айнала отыра, ішкі шеңбердегі оқушыларға берілген сұрақтарды қояды. Айналым аяқталған соң, мұғалім оқушылардың жасаған іс-әрекеті негізінде оқылатын мәтіннің не жайында болатынын және сабақ мақсатын бірге анықтайды.

 Сабақ мақсаты: мәтіннің стилін жетілдіру үшін қателереді табауып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап және бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бересіңдер. Бағалау критерийімен таныстыру

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Бұл мәтін алды тапсырма оқылатын мәтіннің не жайында екенін анықтауға беріледі. Сондай-ақ, оқушылардың білетін білімдерін қодана алуға дағдыландырады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Суреттегі оқиғаға дейін, оқиғадан кейін не болуы мүмкін? Сурет бойынша сұрақ құрастыр және жауап бер» деген тапсырма беріңіз.

 1.Оқушылар оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтау үшін, сурет бойынша сұрақтар құрастырады. Алдымен олар жұптарымен ойларын бөлісіп, қандай сұрақтар қоюға болатыны туралы айтады.

 3. Топта сурет бойынша 3 сұрақ құрастырады. Құрастырған сұрақтарды «Сұрақтар жәшігіне» салады.

 4. Одан соң топтар кезекпен сұрақ қойып,сұрақтарға жауап береді.

 Саралау: Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Жұптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

 Б: «Смайликтер». Оқушылар тақырыпқа қатысты алған білімдерін білдіру үшін смайликтерді көрсетеді.

 1- смайлик. Қажетті ақпаратты таба алдым.

 2-смайлик. Ақпаратты таптым, бірақ бәрін емес.

 3-смайлик. Таба алмадым, қайталап қарау қажет.

 2-тапсырма

 Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей түсініп оқу машығын жетілдіруге негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө) «Үш сөз және сөйлем» әдісі арқылы Жолтай Әлмашевтың «Әдемі қыздың әні» мәтінін оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап, іштей түсініп оқуды тапсырыңыз.

 1. Мұғалім мәтіннің басын дауыстап оқып береді. Оқушылар тыңдап отырады. Мұғалім оқыған бөліктегі оқиғаны бірігіп анықтайды.

 2. Оқушылар мәтінді әрі қарай жалғастырып оқиды. Әңгімені оқып шығу үшін уақыт беріледі. Оқи отырып мәтіндегі оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап отырады.

 3. Оқиғаның дамуындағы өзгерістер жайлы жинағандарын, ортада талқылап өз пікірлерін ортаға салады.

 4. Мазмұнды түсінгендіктерін тексеруге арналған сұрақтар:

 Мәтінде негізгі ойды беріп тұрған 3 тірек сөзді ата. (Мыс: табиғи талант, делебесі қозу, талап). Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған 3 сөйлемді айт. ( Мыс: Әпке, Жансәуле қалай әнші болған, ондай болу үшін не істеу керек?)

 5. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін әңгімені қайта шолуды тапсырыңыз.

 Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады

 Б: «Күншуақ». Оқушылар жұппен жұмыс жасау барысында талқыланған мәліметтердің түсінгендігін былай көрсетеді:

 Барлығын түсінсе - күнді

 Жартылай түсінсе – күн мен бұлтты

 Ештеңе түсінбесе – бұлтты

 3-тапсырма

 Тапсырма сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауға беріледі. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың өз пікірлерін білдіре алу дағдылары дамиды.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ұ, ЖЖ) «Ар-ождан аллеясы» стратегиясы «Жарқынтайдың әрекетінің артықшылығын және кемшілігін бағала» деген тапсырма беріңіз.

 1. Алдымен оқушылар кейіпкер әрекетінің артықшылығы мен кемшілігін екеуден талқылайды.

 2. Содан кейін оқушылар екі қатарға тізіліп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады, ал бір оқушы «Жарқынтайдың» рөлін сомдайды.

 3. Кейіпкердің рөлін ойнайтын оқушы олардың ортасынан өтеді.

 4. Кейіпкер қатардың ортасымен жүріп келе жатқанда, қалған оқушылар белгілі бір әрекетке қатысты өздерінің келісетін немесе келіспейтін ойлары мен көзқарастарын дауыстап айтады. (Мыс: наның күйігін жегеніңмен келіспеймін)

 5. Кейіпкер қатардан өткен соң, олар неге ондай шешім қабылдағанын түсініп, эпизодтерді салыстырады.

 6. Оқушылардың жауаптары бойынша кері байланыс ұсыныңыз.

 Саралау: Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

 4-тапсырма

 Тапсырма мәтін мағынасына сәйкес келмейтін қателерді табуға беріледі. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың қатесіз жазу дағдылары дамиды.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т,Ұ) Мәтін үзіндісінен мағынасы сәйкес келмейтін қателерді тауып, дәптеріңе түзетіп жазуға тапсырма беріңіз.

  •  Оқушыларға келесі мәтін жазылған карточкаларды таратыңыз. (Жансәуле – әдемі қыз. Ән салу Жансәулеге құйып қойғандай жарасып тұр. Мұғалім оған үнемі ән айтқызады. Сосын өзі төмен қарап отырып, қатты тыңдайды.)
  •  Алдымен олар топтарында ойларын бөлісіп, қандай қателер бар екенін анықтайды.

 2. Топтарға флипчарт қағаз таратылады. Оқушылар қағазға дұрыс нұсқасын жазады.

 3. Топтар өз жұмыстарын қорғайды.

 Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

 Қ/Б: «Білім ағашы» Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедім», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «көп қателестім».

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Бір минут» әдісін қоланыңыз.

 Оқушылар екі топқа бөлініп, бір - біріне қарама қарсы тұрып, кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстыра алады.

 

[attachment=25933:nskauly-ateni-tabu-zhane-tzetu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу