«Әдемі қыздың әні» Жолтай Әлмашев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Әдемі қыздың әні

 

 Жансәуле – әдемі қыз. Ән салу Жансәулеге жарасып-ақ тұрады. Мұғалім оған үнемі ән айтқызады. Сосын өзі төмен қарап отырып, ұйып тыңдайды.

 Әттең... Жарқынтай да әнші болғысы келеді. Бірақ оңашада өзін қинап, бар даусымен айқайласа да, көмейінен әдемі ән төгілмейді. Барылдап шыққан даусынан өзге түгілі өзі қорқады. Сосын қатты қапаланады. Жансәуленің жақсы қыз болғанын да, әдемі әнін де қызғанады.

  Кеше кешкісін әпкесі Әсемгүл сабақ оқып отыр еді, қасына барды.

 – Әпке, Жансәуле қалай әнші болған, ондай болу үшін не істеу керек? – деп сұрады. Әпкесі айтты: – Әнші болу үшін табиғи талант керек. Сосын еңбектену де керек. Әрі әнді орындаудың өз қиындығы бар. Ал қыздың даусы ұлдың даусынан бөлек болады.

 Әсемгүл Жарқынтайдың үмітін одан әрі үзіп тастады.

 «Қалай әнші боламын? Жансәуледен неге оза алмаймын?...» деп ұзақ күндер азапқа салынып, ойланып жүрді. Бірінші сыныпта бірге оқитын Жансәуленің әдемі әнін естігенде делебесі қозып, өзін-өзі қайрайды. Бәрібір барылдақ дауысты да, сол дауысты бұзып тұрған тәмпіш мұрынды да жөндей алмады.

 Кейінгі кездері ол атасының сөзіне сеніп: «Әнші болатын шығармын»,– деп, нанның күйігін жеп жүрді.

 Бір күні шай үстінде атасы бұның кекілінен сипап:

 – Нанның күйігін жеп отырсың ба? Түбі әнші боласың-ау, – деп өткендегі сөзін қайталады. Жарқынтай атасына жалт қарады. Сосын жыламсыраған үнмен:

 – Өтірік айтасың. Бір аптадан бері осындай күйген нанды қанша жесем де, даусым өзгерген жоқ. Қыздар әнді жақсы айтады. Неге ана Жансәуле сияқты қыз болмадым екен?! – дегенде, атасы оны мейірлене бауырына қысты. Немересі жылап жіберуге шақ қалды.

 – Боласың! Боласың, қарағым. Жігіт әнші болмайды деп кім айтты саған. Тек ол үшін ерінбей еңбектену керек.

 Абай атаң: «Болмасаң да ұқсап бақ» деген. Осы талабыңның өзі неге тұрады! Боласың! – деді атасы. Жарқынтай өзінің әнші болатынына сенді.

 

 Жолтай Әлмашев

 

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

Жансәуле – әдемі қыз. Ән салу Жансәулеге құйып қойғандай жарасып тұр. Мұғалім оған үнемі ән айтқызады. Сосын өзі төмен қарап отырып, қатты тыңдайды.

 

[attachment=25932:didak-mater-ateni-tabu-zhane-tzetu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу