Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» ҚМЖ. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім:Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А. К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі»

Оқу мақсаттары

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды, өлеңнен негізгі ойды тауып, өз пікірін айтады.

Көптеген оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады,өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табады, сұрақтарға жауап беруде нақты дәлелдер келтіреді.

Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойына қатысты өз ойын білдіреді, көркемдеуіш сөздерді ажыратады

Бағалау критерийлері

  • мәтінге тақырып қояды;
  • мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;
  • шығармадағы көркем сөздерді табады.

Тірек сөздер

Кесене, жаудың шебі, дүрліккен жау ордасы,ел жоқшысы, ормандай ел, қолбасы.

Құндылықтарды дарыту

Өлеңнің негізгі ойын анықтату арқылы «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», тарихи ескерткіштерге, тарихымызға «құрмет» құндықлықтарын жеке тұлға бойына сіңіру.

Пәнаралық байланыстар

Өлең мазмұнын түсіндіру барысында дүниетану пәнімен, мазмұнын әңгімелеу өз ойын жүйелі жеткізу, сөйлемдегі сөздердің байланысы, сөйлем түрлерін орынды қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сұрақтарға жауап береді, өлең ұйқасын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

(Т)«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы оқушыларды сабаққа қызықтыру.

«Ел қорғаны» дегенді қалай түсінесіңдер?

• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, осы сұрақтың жауабын талқылаңыз.

• мұғалім 1 – 4 дейін санды таңдайды;

• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
  • Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

6-19 минут

19-22 минут

23-25 минут

25-32 минут

32-35 минут

1-тапсырма

(Ө, С, Қ) Мұғалім өлеңді оқу үлгісін көрсетеді. Сонан соң оқушылар алдымен жеке, сонан соң топта көңілді дауыс ырғағына салып кезек-кезек түсініп оқиды. Өлең оқылып болған соң, Олжабай батыр туралы қысқаша бейнематериал көрсетіледі.

Олжабай Толыбайұлы туралы бейнематериалды көрсету.

Интербелсенді тақтадағы «Сиқырлы ұяшықтарды» таңдау арқылы, әр топ ішіндегі сұрақтарды оқып, жауап береді.

1. Өлеңде кесенені қалай сипаттаған?

2. Олжабай батырдың ерлігі туралы не айтылған?

3. «Құтты өңірін құйқалы,

Қасиеттер ұрпағы!..» –

деп, қол жайып- дегенді қалай түсінесіңдер?

Сұрақтарды топта талқылап, ой бөліседі. Сонан соң кезек-кезек жауап береді. Басқа топ жауапты толықтырып, ой қосуына болады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау

  • өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • өлеңнен негізгі ойды анықтайды.

2- тапсырма

) Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады.

Қай жерде Кім? Шығармалары

дүниеге келген?

Сергіту сәті «Бала, бала, балапан»

Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.

3- тапсырма

(ТЖ) Өлеңді бөліктерге бөліп, кестені толтыр.

Сонадайдан көрінген,

Ақ кірпіштен өрілген

Кесене тұр,

Жайлаған

Сардаланың төрін кең...

«Құтты өңірін құйқалы,

Қасиеттер ұрпағы!..» –

Деп, қол жайып,

Күбірлеп,

Атам бетін сипады...

Жоңғар, қалмақ... –

Бір тыным,

Бермей,

Ілмей кірпігін:

Қорған болды Олжабай,

Ормандай ел жұртының.

Күркіресе зор даусы,

Дүрліккен жау ордасы.

Ел жоқшысы Олжабай–

Абылайдың қолбасы.

Жаудың шебін сан бұзып,

Берді ел үшін жанды үзіп...

Тәубә, тәубә!..»

Деп атам,

Бөгелді іштен сәл тынып...

Өлеңнің бөліктері

Негізгі ойы

Өлеңде қолданылған көркем- бейнелі сөздер

Олжабай батыр кесенесі

Олжабай батырдың ерлігі

Олжабай батырдың сипаты

Саралау: қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

 (ҚБ)Дескриптор:

  • өлеңнің әрбір шумағына ат қояды;
  • өлеңдегі негізгі ойды анықтайды;
  • кесенені, батырдың ерлігіне байланысты айтылған теңеу сөз тіркестерін табады.

4-тапсырма

(ЖЖ) Өзің тұратын қалада батырларға арнап орнатылған ескерткіштер бар ма? Жұбыңмен ой бөліс.

Тақырыпқа сәйкес суреттер, слайд №1

https://yandex.kz/video/search?filmId=11860689392382058929&text=олжабай%20батыр

Қосымша №1

Слайд №3

Сергіту сәті бейнекөрсетілім.

https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y

Қосымша №2

Қосымша №3

Сабақтың соңы

35- 40 минут

Рефлексия «Көңіл-күй гүлшоғыры». 

Оқушыларға түрлі –түсті гүлдер таратылады, өздеріне ұнаған гүлді құмыраға жабыстырады, таңдаған түстері бойынша көңіл-күйдері анықталады.

Бүгінгі сабақта Әлі де білгім Мен түсіне

өзім үшін алдым... келеді... алмадым....

Стикерге жазып, орналастыру.

Стикерлер

Слайд№8

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

4,5 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде 4,5- тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Салыстыру картасы» тапсырмасында жұптық жұмыста «Нәтиже арқылы саралау» негізіндетапсырма орындалады. Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

«Басбармақ», топтар бірін- бірі бағалайды.

Дескриптор:

  • өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • өлеңнің әрбір шумағына ат қояды;
  • өлеңдегі негізгі ойды анықтайды;
  • өлеңнен теңеу сөздердітабады.

Сегіту сәті:

Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу