Үйрен білім жастықта М.Жұмабаев нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Сабақтың тақырыбы: Үйрен білім жастықта М.Жұмабаев

Оқу мақсаттары:

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Сабақ мақсаттары:

- шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды және оған жауап береді;

- өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды;

- өз ойын вербалды емес тілдік құралдарды қолданып жеткізеді;

- өлең бойынша өз ойын жазады.

Бағалау критерийлері:

- сұрақтарға жауап берді;

- өз ойын жүйелі жеткізеді;

- сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.

Қажетті ресурстар: Қосымша 1, 2; презентация; оқулық 92-95 беттер, доп, ойын карталары.

Мұғалімге арналған ұсыныстар.

І. Сабақтың басы

«Ыстық картоп» әдісі өткен тақырыпты қайталап, жаңа сабақпен танысуға дайындау және сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру дағдысын арттыру мақсатында жүргізіледі. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, өткен сабақтағы Ы. Алтынсариннің «Бақыт құсы» мәтіні бойынша сұрақтар қояды, қолына доп түскенде сұрақтарға жауап береді.

Үлгі:

  • Мәтіннің авторы кім?
  • Әмзе әкесіне не тапсырды?
  • Ол сапарда қанша жүрді?
  • Әмзе не іздеп шықты?
  • Жолда оған кім кезікті?
  • Ертегіден өзіңе не түйдің? ...сияқты сұрақтар қойылады. Әр жауапқамұғалім тарапынан кері байланыс беріліп отырады.
  • «Бақыт құсы» мәтіні сабақтың «Үйрен білім жастықта» тақырыбымен қалай байланысты болды? Бүгін де біз осы тақырыпты жалғастырамыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.

Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. Қазақ жастарын оқуға, білімге, өнерлі болуға шақырған ғұлама. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді. 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды.1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік аяқтайды. Семинарияны бітірген соң "Алаш" партиясын құруға қатысады. Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында әйгілі "Батыр Баян" поэмасын жазады, баспасөзде біраз дүниелері жарық көреді. 1923-1927 жылдары М.Жұмабаев Мәскеуде жоғарғы әдеби- көркемөнер институтында оқиды. Бұл жылдары орыс, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп оқиды.

ІІ. Сабақтың ортасы

Топтастыру.

Оқушыларға мақал-мәтелдердің сөздері таратылады. Олардан мақал-мәтел құрастыра отырып топтарға бөлінеді.

  • Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
  • Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
  • Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
  • Оқымаған бір бала, оқыса екі бала.

5. Күш- білімде, білім – кітапта.

1-тапсырма

(ЖЖ, Т) М. Жұмабаевтың «Балалық шақ» өлеңін аудиотаспадан тыңдатыңыз немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз.

-Балалық шақтың қадірі туралы ақын қандай өсиет сөздер айтып кеткен?

Оқушылар жұпта, топта талқылайды, алдыңғы сабақта құрастырған «Ассоциацияны» толтырады, салыстырады. Өлеңді мәнерелеп оқиды.

Патшаның тағы Бағалауға тіл

жетпейді

Үйрен білім Бос өткізбе

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Топтың құрамына қарай, мықты оқушылары басым топтар өз ойларын өмірмен байланыстырып дәлелдейді. Тапсырманы ауызша орындайды.

(Б) Топтар өз ойларын ортаға шығып таныстырады. Басқа топтар мұқият тыңдап, «Басбармақ» әдісімен бағалайды, кері байланыс береді.

2- тапсырма

(Ж,ЖЖ) дәптермен жұмыс.

«Қосжазба күнделігі» әдісі бойынша өлеңде берілген үзіндінің мағынасын ашады.

Өлеңнен үзінді

Менің пікірім

Балалық шағың-

Патшаның тағы,

Тіл жетпес оны бағалап

Иә, менің ойымша адамның балалық шағы -ең бақытты кез. Оны бағалап айтуға адамның тілі жетпейді, себебі балалық шақта адамда өз білімін жетілдіруге, оқуға, жан-жақты болуға патшадай мүмкіндіктері бар

Көп өтпей жыл,

Тек жүрмей, біл,

Ілгері күнді сағалап.

Бірдей үзінді таңдаған оқушылар топтарға бірігеді, бірін-бірі тыңдайды, талдайды, ойларымен бөліседі. Осында оқушылар әртүрлі үзінділерді таңдауы мүмкін, топқа бірікпей қалған оқушылардың да пікірі құнды екенін ескеру керек.

Саралау: тапсырма барлық оқушыларға бірдей ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Оқушылар өз ойларын жазуда сөйлемдерді қатесіз жазуына назар аударылады.

(Б.) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

3 тапсырма (Т) Оқушылар топта түймедақтың бір күлтесін таңдайды, сол сұраққа ойланып топта жауап береді.

«Блум түймедағы» әдісі бойынша сқрақтарға жауап алады. Блум түймедағының алты күлтесі- сұрақтар типінің алты түрі.

  • Қарапайым сұрақтар. Өлеңнің авторы кім?
  • Анықтауыш сұрақтар. Өлеңде не туралы айтылған?
  • Интерпретациялық сұрақтар. «Үйрен білім жастықта» дегенді қалай түсінесін?
  • Шығармашылық сұрақтар. Өз балалық шағыңды қалай өткізіп жатырсың?
  • Бағалау сұрақтары. Өлең арқылы автор неге шақырады?
  • Тәжірибелік сұрақтар. Өлеңге басқаша қандай тақырып қоюға болады?

(Б) Дескрипторы:

- сұрақтарға жауап берді;

- өз ойын жүйелі жеткізеді

ІІІ. Сабақтың соңы

Рефлексия «Плюс-минус-қызықты» әдісі арқылы жүзеге асады. Рефлексияны ауызша тақта алдында жүргізуге болады, балалар кезек-кезек өз ойларын айтады. Сабақта ұнаған, жағымды жақтары, ұнамаған тұстары немесе қызықты сәттерін өз қалаулары бойынша айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу