Ж.Әлмашев «Бимұраттың бір күні». 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән:Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

Ж.Әлмашев «Бимұраттың бір күні»

Оқу мақсаттары

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы дауыстап түсініп оқиды, мұғалімнен көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады,сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, кейіпкерге хат жазады .

Көптеген оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды табады, үлгі бойынша хат құрастырып жазады Кейбір оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын құрастырады, әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды, кейіпкерге өздгінен хат жазады .

Бағалау критерийлері

  • мәтінді қатесіз түсініп оқиды
  • мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді анықтайды
  • шығарманың кейіпкеріне хат жазады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Шағарма кейіпкері туралы өз ойын әдеби көркемдегіш құралдарды қолданып айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: адыраң көз бала, бір күн, сабақ басталған уақыт .

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Автор кейіпкердәі қалай суреттеген?
  • Бір күнгі уақытты қалай өткізесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұмыс барысында ынтымақтастыққа, сөйлеу барысында өз ойларын ашық, толық, еркін жеткізулерін қадағалай отырып ашықтыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Кейіпкерді сипаттауда сын есім сөздерге талдау жасау арқылы қазақ тілімен байланыс жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан мәтін мазмұнына байланысты презентация ұсыну.

Бастапқы білім

Көркем бейнелі сөздерді таба алады, шығарманы түсініп оқиды, шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі, өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс тар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

(Ұ) Ширату тапсырмасы.. «Күн мен түн » ойыны.

Оқушылар шеңберге тұрып күн сөзі айтылғанда көздерін ашады, түн сөзін айтқанда көздерін жұмады. Мұғалім күн сөзін айтқанда күндіз жасайтын іс-әрекеттерді қимылмен қосып орындау ұсынылады.

Жаттығу соңында оқушылармен бір күн уақытында қандай іс-әрекеттер орындайтыны туралы әңгімелеу жүргізуге болады.

Қолдарына күзгі жапырақтар ұстаған балалар дөңгелене тұрып, көршілеріне жақсы сөздер айту арқылы бір – біріне жапырақтарын береді.

(Ұ) «Ұшақ» әдісі арқылы бастапқы білімді қайталау

Мұғалім ұшырған ұшақ алдына қонған оқушы өткен сабақтағы мәтіндегі ақынның сөздерін пайдаланып кейіпкерді сипаттайды. Сипаттау кезінде көркем-бейнелі сөздерді қолданады.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ақынның сөзін пайдаланып, өзін сипаттауда көмек қажет ететін оқушыға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетемін (сенің көзің қандай? Құлақ не үшін керек деп ойлайсың?)

Б) өзін-өзі сипаттай алған оқушылар сабаққа уәждерін арттыру үшін мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

(Т) Топқа бөлу. Тәулік бөліктерінің атауларына байланысты үш топқа бөлінеді.

1 топ – таң

2 топ – күн

3 топ – кеш

4 топ – түн

Оқушылар мұғалім ұсынған тәулік бөліктерінің суреттерін таңдау арқылы топтасып отырады.

Оқу мақсаты хабарланады. Оқушыларға бағалау критерийлерін таныстыру

Слайд №2

Қосымша №1

Слайд №3

«Жемістер» суреті арқылы топқа бөлу.

Сабақтың ортасы

4 минут

7 минут

5 минут

1-тапсырма

) Суреттер топтамасына сүйеніп, бүгінгі сабақта танысатын шығарманың авторы туралы әңгімелеу ұсынылады.

«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы шығарманың авторы туралы тұжырымдамалық постер жасау тапсырылады. Соңында әр топтың жұмысы бағаланады.

Тұжырымдамалық карта үлгісі: (топтарға суреттер беріледі).

Саралау: қорытынды тәсілі арқылы саралау. Тапсырма барлық оқушыға бірдей беріледі. Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасауды үйренеді.

(ҚБ)«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың рөлге бөліп оқуларын ұжымда бірін-бірі бағалау ұсынылады.

2-тапсырма

(МК; Ө) «Еркін талқылау» әдісі

Ж.Әлмашевтің «Бимұраттың бір күні» әңгімесін іштей түсініп оқу ұсынылады. Шығармадағы қызыл түспен белгіленген сөздерді теріп жазып мағынасын түсіндіру тапсырылады.

Тапсырма барлық оқушыға беріледі. Сөздер неліктен басқа түспен белгіленгеніне назар аударылады. Теңеу сөздерге түсініктеме беріледі.

Кесте үлгісі:

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркесі

Мағына

таңқы таңау

адыраң көз

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Кестеге түсіріп, сөйлем құрастыру кезінде ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіліп отырады.

(Б) «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.

3-тапсырма

; Т; МК). Ж.Әлмашевтің «Бимұраттың бір күні» шығармасындағы сөздерді сарғыш түспен жазуға болатынын анықтау ұсынылады.

«Борт журналы» әдісі арқылы әңгімені қайта оқып көркемдегіш құралдарды табады. «Борт журналына» енгізеді. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.

«Борт журналының үлгісі:

шығармадағы сөздер

түсіндір месі

графикалық сызбасы, суреті

тырп етпей

маужырап отырған

Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да мүмкіндіктері мен деңгейлеріне қарай нәтижелері әртүрлі күтіледі.

(ҚБ) «Желкенді кеме» әдісі арқылы бағалау.

Желкенді үш түске бояу қажет.

1. Егер сабақ саған бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түс.

2.Тапсырманы орындауда қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түс.

3. Егер саған тапсырма қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түс.

4-тапсырма

(Т; МК)

Мәтінде кейіпкердің мінез-құлқын, іс-әрекетін сипаттайтын сөздер мен сөйлемдерді портрет жасау тапсырылады. «Портрет» сөзіне анықтама беріледі.

Кесте үлгісі:

Кейіпкер

іс-әрекеті

келбеті

мінезі

Бимұрат

керіліп-созылып

таңқы таңау

жалқау

Саралау: Қорытынды саралау әдісін қолдану. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі.

Жасыл түс – барлығын түсіндім;

Сары немесе қызыл түс – Нені түсінбедім?

Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру, пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

Сергіту сәті.

Торғай-ТВ арнасындағы Қуыр-қуыр-қуырмаш бейнебаянның сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындату. Қимыл-қозғалысты жаттығуларды күннің қай уақытында жасалатыны туралы әңгімелей отырып, пайдасы туралы назар аударту.

Оқулық

бет 76

Слайд №4

Қосымша №2

Дәптермен жұмыс Тірек сөздер

Постер

Қосымша №3

Слайд №5

Слайд №6

Қосымша №4

Кестені толтыру

Слайд №7

Қосымша №5

Сызба

Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=CQt2QNrRSBk

Слайд№2

Сабақтың соңы

5-тапсырма

(МК; Ө)

Оқушыларға «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалай отырып, уақытты ттиміді пайдалану туралы кеңес беру ұсынылады. Өздігінен отырып хат жазу тапсырылады.

Хат жазуда құрылымын сақтай отырып, кестедегі үлгіге сүйенуге болады:

  • пікір

Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады

  • дәлел

Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен дәлел жазады

  • мысал

Шығармадағы оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді

  • қоры

тынды

Кейіпкердің мінезін бағалай отырып, бір сөйлеммен кеңес беріліп жазады.

Саралау. Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша хатты құрастыруға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

(ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау.

Рефлексия:

«Тазалық» әдісі арқылы оқушылар сабақтың оқу мақсатына жеткендері туралы кері байланыс жасайды.

Тақтаға Чемодан, Ет тартқыш, Қоқыс шелегі суретері ілінеді. Оқушылар берілген критерийлер бойынша стикерлерді сәйкес сурертке жабыстырып, ауызша кері байланыс береді:

Чемодан – шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба аламын, өлең жаза аламын.

Ет тартқыш – шығармадан көркемдегіш құралдарды тапқанда тірек сөздерді пайдаланамын өлең жазуда қиналамын.

Қоқыс шелегі – шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алмаймын, өлең жаза алмаймын.

Слайд№8

Кесте

Қосымша №6

Қосымша №7

Слайд№9

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырма қорытынды тәсілі арқылы саралау. Тапсырма барлық оқушыға бірдей беріледі Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасауды үйренеді

2-тапсырма Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Кестеге түсіріп, сөйлем құрастыру кезінде ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіліп отырады.

3-тапсырма: Қорытынды тәсілі арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да мүмкіндіктері мен деңгейлеріне қарай нәтижелері әртүрлі күтіледі.

4-тапсырма: Қорытынды саралау әдісін қолдану. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

5-тапсырма: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша өлең шумақтарын құрастыруға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

Дескрипторлар:

  • мәтінді қатесіз, оқиды;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіннен кейіпкердің мінезін сипаттайтын көркем сөздерді анықтайды;
  • кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;
  • хаттың құрылымын сақтап, қатесіз жазады.

«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың рөлге бөліп оқуларын ұжымда бірін-бірі бағалау ұсынылады

«От шашу» әдісі арқылы әр топтың постер арқылы аңдарға берген сипаттамалары бағаланады.

«Желкенді кеме» әдісі арқылы бағалау.

«Бағдаршам» әдісі.

Сыныптағы оқушы үстелдері топпен жұмыс жасауға ыңғайланып қойылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу