Күн шыққанда І.Жансүгіров Күн шыққанда. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Г. А. Оразбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күн шыққанда І.Жансүгіров Күн шыққанда

Оқу мақсаты

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: өлең мазмұнын түсінеді;

Көптеген оқушылар: өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңді түсініп оқи алады.

Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде көрсетеді

Бағалау критерийлері

-өлеңнің мазмұны бойынша сұрақ қояды;

-өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

-өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Өлең мазмұны туралы өз ойын айта алады. Өлең бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Мақал-мәтелдерді түсінеді, өлең жолдарына сәйкес сурет салады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ақыл, білім, күш, білек, тіл,шырт ұйқы, масайрап, мектеп, кітап.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Білімді кітаптан аламыз, себебі ...

Білімді адам мыңды жығады, өйткені ол ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыстар

Берілген өлең мазмұнына сәйкес сурет салуы көркем еңбек пәнімен байланыс пайда болады. Қорытынды ой айтылған өлең жолын тауып жаза алуы қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерселсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар 2-сыныпта жанды табиғат бөлімінде бірнеше тақырыптарды қарастырған болатын. Оқушылар білім туралы мәліметтер біледі. Бар білімді белсенді ету оқушылар суреттерді пайдаланып, оларды салыстыратын топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Өлең жанрының ерекшелігін, ұйқасқа құрылатынын біледі. Өлеңді дауыстап оқи алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды таңғы табиғаттың күйі жазылған сөздерді таңдау арқылы 4 топқа біріктіреміз. (сөздерді жазылған бетті төңкеріп қоямыз)

1-топ: «Таң»

2-топ: «Күн»

3-топ: «Таңсәрі»

4-топ: «Күн шуағы»

Оқушылар таңдап алған табиғат күйі туралы өз ойын айтады, топтарға бірігеді.

Атып келе жатқан таң бейнесін көркем сөздермен суреттеп береді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Топ аттары жазылған парқша, интербелсенді тақт

Сабақтың ортасы

3-7

7-19

20-24

25-29

1-тапсырма

(МК, Ұ) «Құндылықтар спектрі» әдісі арқылы берілген мақал-мәтелдерді түсініп оқиды, тақырып ойластырады, түсіндіреді.

1.Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылматйын кен.

2. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім ал

3. Күш- білімде,

Білім- кітапта.

4. Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды

Автор туралы:

Ілияс Жансүгіров- ақын, аудармашы, драматург.

(1894-1938) Алматы облысының Ақсу ауданында туған. «Балаларға базарлық», «Мектеп» атты кітаптары бар.

2- тапсырма

(Ө, Т, МК) «Суреттеуші» әдісі арқылы берілген сурет бойынша мұғалімнің көмегімен тақырыбы және негізгі ойды анықтайды.

Суреттің өлең мазмұнына байланысын анықтау үшін сұрақтарға жауап табу үшін өлеңге шолу жасау және дауыстап өлеңді тізбектей оқып шығады.

Дәптермен жұмыс:

Сөздікпен жұмыс:

Масайрап-рақаттанып

Кергіш-жіпті екі ағаштың арасына тартып байлау

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

3-тапсырма

(МК, ЖЖ,Т) «Қар кесегі» әдісіне сүйене отырып жұпта оқушылар өлең мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді. Өлең мазмұнына сәйкес топтар сурет салады және топ алдында қорғайды.

Үлгі сұрақтар:

Шырт ұйқыдан не оятты?

Мал қайда жүр?

Күн шыққанда ұйықтауға бола ма?

Масайрап дегенді қалай түсінесің?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

-өлеңнің мазмұны бойынша сұрақ қояды;

-өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

-өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салады

4 тапсырма

( МК, Ө) «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі арқылы өлеңнен қорытынды ой айтылған жолды тауып жазады. Ақын ойын анықтайды.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Оқулықтың 5-бетіндегі суреттер

Ақын суреті және шығармалары,

интербелсенді тақта.

Оқулық 7-8 бб, интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік , слайд № , сурет

7

А3 парағы, маркер

Оқулық, дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

38-40

Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем».

Бүгін мен не білдім ...

Мені қызықтырғаны ...

Қиындық туғызғаны ...

Мен өзімді .... сезіндім.

Мен ... қолданып көремін

Менің қолымнан келеді ...

А4 парағы, маркер

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Құндылықтар спектрі», «Суреттеуші», «Өзіңізді тексеріңіз» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Қар кесегі» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Шапалақ », «Смайлик» әдісі

Дескриптор:

-өлеңнің мазмұны бойынша сұрақ қояды;

-өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

-өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салады.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\

елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу