Ормандағы оқиға шығарма. 3 сынып
Ормандағы оқиға
Сылдырлап аққан бұлақтың екі жағасында екі ағаш өсіп тұрды. Бірі-Ақ қайың, екіншісі-Қарағаш. Олар үнсіз сырласып, желді күні бұтақтарын иіп, сыбырласатын достар еді.
Қараңғы түн. Ақ қайыңның түбіне томпаң қағып Тобылды келді.
-Жай жүрмісің? Мезгілсіз келдің ғой,-деді Қайың.
-Дабырламаңыз, сізге бір шындық айтқалы келдім.-Тобылғы томпаң қағып, Қайыңның тамыр тартар түбіріне сыбырлады. –Сіз көршіңіздің сырын білмейсіз. Оның түсі қандай қара болса, іші де, ниеті де сондай. Сондықтан да ол Қарағаш атанған. Сіз қалғып кеткенде, мына бұлақтың суын өз тамырына тартады, арнамен келген асыл нәрді де обырдай обады. Көрмейсіз бе, сіз- жіңішке ол-жуан! Сіз-аласыз, ол –биік!..
Осыны айтты да, Тобылғы тайып тұрды. Қайың бұтақтарын сілкіп-сілкіп тастап, ашуға мінді. Көршісімен шайқасуға таңды күтті. Тобылғы тәй-тәй басып Қарағашқа жетті.
-Ұйқымды бұздың, жай жүрмісің?-деп Қарағаш есінеп қойды.
-Неге жай болсын?! Сізге көзіммен көріп, құлағыммен естігенімді айтқалы келдім.
-Айт,- деді Қарағаш.
-Жуырда сіз мүлгіп тұр екенсіз. Ақ қайың шидей шыбық балаларын жиып алып: «Қап-қара Қарағаштың шыбықтарымен дос болмаңдар. Мінездері дойыр. Түрлері сиықсыз. Ішсе-ішкенге , жесе –жегенге тоймайтын қанағатсыздар. Аулақ жүріңдер. Олардан, сүйріктей ақ бөпелерім.Бүкіл орманға күлкі боласыңдар», -деп ақыл айтты. Мен осыны тыңдап тұрып, көршіңіздің сырты ақ, іші қара екен деп түйдім.
Тымпың қағып Тобылғы кетті. Қарағаш іштен кіжініп, ашуға мінді. Кектенді, таңды күтті.
Көкжиектен арқан бойы күн де көтерілді. Көршілер біріне –бірі оқты көзбен қарасты. Әдеттегі сыпайыгершілік былай қалды. Амандық – есендік сұраспады.
-Өңің бұзылып, сұрланып кетіпсің ғой, түсіңнен шошып ұйықтамадың ба? – деп тиісті Қарағаш.
-Сенің де түсің оңып тұрған жоқ. Түнгі ұрлықтан олжалы оралған боларсың... деп, тиісті Қарағаш.
-Сенің де түсің оңып тұрған жоқ.Түнгі ұрлықтан олжалы оралған боларсың...деп Ақ қайың да қатулана тіл қатты.
Жанжал басталды. Тілдің тиегі ағытылды. Бұтақтарын қомдап, бірін-бірі шапалақтап та өтті. Шын төбелес басталды. Бұлардың сарт-сұрт шайқасына бүкіл орман құлақ түрді. Ең алдымен арашаға Сексеуіл жетті. «Қосақ арасында шыбын өледі» дегендей, екі мықтының ортасында жүріп Сексеуілдің омыртқасы омырылды. Бұтақтары сынды. Қиқы-жиқы болды да қалды. Әзәзілдігінен ұялып қызара түскен Тобылғы шеттен қарап тұрып, бұға берді.
Содан бері Ақ қайың мен Қарағаш іргесін аулақ салып, қоныстарын алыстан алатын болды. Сексеуіл қиқы – жиқы мүгедек қалпында қалды.Жұрт бетін көрер дәрмен жоқ. Тобылғы өз-өзінен ұялып, қып-қызыл болып, орманнан аластатылып, айдалада бұғып қана тіршілік ететін болды.
Қанекей Жармағамбетов
1-қосымша. Сызбаны толтыр
Тобылғының портретін білдіретін сөздерді ішіне жазады.
Сыртына іс-әкеретіне, мінез - құлқына баға берітін сөздерді жазады. Жазғандарын оқиды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?