Шығармадағы оқиғаны болжау. Ормандағы оқиға. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп - лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

Оқу мақсаттары

4.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;

4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп баға береді;

Көпшілік оқушылар: оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды;

Кейбір оқушылар: шығарманың құрылымын, стилін жетілдіреді.

Бағалау критерийлері

  • Кейіпкердің іс-әрекетіне қарап мінез-құлқына баға береді;
  • Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды;
  • Шығарманың құрылымын жетілдіреді.

Тірек сөздер

Ақ қайың, шыбын өледі, бұтаұтары сынды, сілкіп тастау, мінездері дойыр.

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Достық, адалдық, шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Диалог, өз ойын білдіруде сөздерді орынды қолдану кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,аудиоүнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Шығарма жанрларын біледі, сөйлеу барысында сөздерді мағынасына қарай қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5минут

Топқа бөлу: Ағаштар атаулары арқылы топтарға бөлінеді

1-топ «Қарағаш»

2-топ «Қайың»

3-топ «Тобылғы »

4-топ « Сексеуіл»

Топтар таңдаған ағаштары туралы түсінік береді

Ширату тапсырмасы:

Оқы, түсіндір. Ортақ тақырып ойластыр.

Ағаш - тамырымен, адам достығымен мықты.

Орман ағашпен көрікті.

Қала жақсы болмағы ағаштан.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Қосымша 1-4

Слайд 1-3

Сабақтың ортасы

6-15минут

16-21 минут

22-30 минут

31-36 минут

Автормен танысу

Қалекей Жармағамбетов (1918-1974) Қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданында дүниеге келген. ЖАЗУШЫ, АҚЫН, АУДАРМАШЫ. «Қазақ әдебиетінде баллада жанрының өркендеуіне көп үлес қосты» Серік Қарабаев.

1-тапсырма

(Ж,Т) Қ. Жармағамбетовтің «Ормандағы оқиға» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Мәтінннің бір бөлігін оқығанна кейін оқиға қалай жалғасады деп оқушылардан сұраңыз. Оқушылар өз ойын білдіргеннен кейін келесі бөлігін оқып, жасаған болжамдарымен салыстыру. Осылайша мәтінді тұтас оқиды.

Саралау: Кейбір оқушыларға мәтінді оқуға қосымша уақыт беруге болады

Б «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

2-тапсырма

(ЖЖ,Т) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Үлгі сұрақтар:

  • Тобылғының іс-әрекетіне қандай баға берер едің?
  • Ақ қайың орнында сен болсаң не істер едің?
  • Сексеуіл неге жапа шекті?

Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

Б «Қол шапалақтау» әдісі

3-тапсырма

(Т,Ұ) Мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасау

Құрылымы

Оқиғалар тізбегі

Қалай басталды?

Немен жалғасты?

1.

2. Тобылғы мен Ак кайың дауы

3.

Қалай аяқталды?

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады.

Б «Смайликтер» арқылы бағалау.

4-тапсырма

(Ө;Т) «Өзіңді тексер» әдісі Аяқталу бөліміндегі жазбаға мәтіндегі оқиғаның жағымды, жағымсыз бөліктерін жазады. Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады. Әр бөлікке мақал қосып жазуға да болады.

Жағымды

Жағымсыз

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Б «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Қосымша 4

Қосымша 5

Слайд 7

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Жетістік баспалдағы» әдісі

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

Өте жақсы түсіндім

Жақсы түсіндім

Түсіндім

Слайд 8

Саралау

1 тапсырмада

Кейбір оқушыларға мәтінді оқуға қосымша уақыт беруге болады

2 тапсырмада

Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

3 тапсырмада

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады.

4 тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Бағалау

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Смайликтер» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

кейіпкердің іс-әрекетіне қарап мінез-құлқына баға береді;

оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды;

шығарманың құрылымын жетілдіреді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ережесін сақтау ескеріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу