👈 қаріп өлшемі 👉

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

 Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астрофизика
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.7.2.7 Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Кеплер заңдарын тұжырымдай білу;
Кеплер заңдарын есеп шығаруда қолдана білу;

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқытушы сабақ тақырыбы мен сабақтың оқу мақсаттарын таныстырады..
2.Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың басында қойылған сұрақтарға жауап береді және алдыңғы білімді еске түсіреді
1.Күн жүйесінің құрамы
2.Планеталардың конфигурациялары.

1.Сыныппен жұмыс.Бейнематериал
Тихо Браге, Иоганн Кеплер және ғаламшарлар қозғалысы

2.Топтық жұмыс.
Әр топқа Кеплердің үш заңынна постер жасауға тапсырма беру. Кеплер заңдарын топта талқылау
Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық ғаламшарлар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.
Кеплердің үшінші заңы – ғаламшарлардың Күнді жұлдыздық айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.

3.Жұптық жұмыс.
Марстың үлкен жарты осі 1,5 а.б. Күнді айнала қозғалысының жұлдыздық айналу периодын анықтаңыз.

4.Жеке жұмыс.Есеп шығару
1.Ғаламшардың синодтық периоды 500 тәулік.Оның орбитасының үлкен жарты осін және жұлдыздық айналыс периодын анықтаңдар.
2.Қайсы бір ғаламшардың қарсы тұруы 2 жыл сайын қайталанады.Оның орбитасының үлкен жарты осі неге тең?...........

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы