👈 қаріп өлшемі 👉

Жүйелеудің маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

 Жүйелеудің маңызы  (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзаларды жүйелеу Тірі ағзалардың көп түрлілігі
Сабақ тақырыбы: Жүйелеудің маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Жүйелеудің маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Жүйелеу/систематика ұғымын біледі, анықтама бере алады;
Берілген жануарды және өсімдікті жүйелеу арқылы жіктей алады;
Таксономиялық иеарархияның ретімен айта алады.

(Тж) Оқушыларға түрлі ағзалардың суреттерін таратып беріңіз, (суреттің атауы үштілде берілді)оларды сыртқы ерекшеліктеріне қарай топтастырып, сұрыптауын сұраңыз.(екі топқа екі түрлі суреттер беруге болады)
(Тж) Сыныппен бөлінген ағзалардың әр түрлі топтарын талқылаңыз. Бөлуді барлығы бірдей жүзеге асырдыма? Топтар бір-бірінің орындаған жұмысын тексереді, егер олардың ойынша қате болса, оны түзеп береді.

(С) Оқушылармен бірге систематика/жүйелеу ғылымы туралы түсінігін беріңіз. Бірінші тапсырманың А бөлімін орындау. Оқушыларға жұмыс парағы бойынша бағалау критерийлері мен дескриптерді беріңіз

(С) Оқушыларға «Classification of living things» - «Тірі ағзалардың классификациясы» атты бейнежазба көрсетіңіз, қосымша осы бейнежазбаны көрер алдында оқушыларға сөздік таратып беріп, 3 минут жеке немесе жұпта талдауын сұраңыз.


(Жж) Оқушылар жұптық жұмыс кезіңде бейнежазбаны сұрақтар қоя отырып талқылаңыз. Бейнежазба бойынша сұрақтар конферткесалып, оқушыларға таратып беріңіз. Сол сұрақтарға оқушылар кезектесіп жауап береді.Оқушылар жауап бергенде бірін- бірі толықтыруды сұраңыз.
Бұл тапсырмаойын сұхбатретінде қарастырылады.
1-ші сұрақ Неліктен тоғайды жүйелеудің/систематиканың бірінші кезеңінде алып тастады?
2-ші сұрақ Қай жануардың осы бейнежазбада омыртқасы болған жоқ? Омыртқасыз жануарлардың өкілдерін атап көріңіз
3-ші сұрақ Балық пен арыстанның негізгі айырмашылығы неде?
4-ші сұрақ Арыстан мен бүркіт екеуі де жыртқыш (етқоректі) жануарлар, бірақ неге бүркіт арыстан отрядына жатпайды?
5-шы сұрақ Тұқымдас деген сөзді қалай түсінесіз, мысал келтіріңіз
6-ші сұрақ Туыс деген сөзге анықтама беріңіз
7-ші сұрақ Таксономия ұғымын түсіндіріңіз


(ҚБ) Тапсырма В және С бөлімінде оқушыларға толық таксономиялық тәртіпті көрсету үшін бір ағзаны пайдаланыңыз. Олармен ағзаларды кіші топшаларға топтастыру қажеттігін талқылаңыз. Егер оқушы тапсырманы орындап болса, қосымша тапсырманы орыңдауға болады.........

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы