Болашақтағы сәулет өнері 1-сабақ (Көркем еңбек, 4 сынып, IV тоқсан)

 Болашақтағы сәулет өнері 1-сабақ (Көркем еңбек, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат
Сабақ тақырыбы: Болашақтағы сәулет өнері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.4.1 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді әртүрлі жұмыс техникаларын қиыстыра отырып, жеткізу.
4.2.2.1 Анағұрлым күрделі әртүрлі әдістер мен тәсілдерді сенімді түрде пайдаланып, өздігінен таңдаған құралдар және материалдармен эксперимент жүргізіп, қолдану.
4.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: • Өткен сабақтағы жұмыстарын қарастыру- болашақтағы ғимарат;
• Ғимараттың кинетикалық моделін қарастыру;
• Ғимараттардың суреттерін салыстыру;
• Болашақтағы ғимаратты жасау үшін материалдарды қолдану;
• Құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

1 Ұйымдастыру. Сабаққа материалдарды дайындау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:
• Өткен сабақтағы жұмыстарын қарастыру- болашақтағы ғимарат;
• Ғимараттың кинетикалық моделін қарастыру;
• Ғимараттардың суреттерін салыстыру;
• Болашақтағы ғимаратты жасау үшін материалдарды қолдану;
• Құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
2 Өткен сабақта орындалған жұмыстарын қарау:
А) Жұмыстарымен ауысу. Дескрипторлар бойынша өзара бағалау:
- болашақтағы ғимаратты бейнеледі;
- шабыт алу үшін … пішінді, … затын қолданды;
- жұмысы әсерлі шықты.
Б) Жұмыстарын тақтаға қою;
С) «Екі жұлдыз, бір тілек»
Кері байланыс. Өздеріңіздің ғимараттарыңызды жасау үшін сіздер қоршаған ортадағы білімдерді қолдандыңыздар. Сіздерге осы тәжірибе пайдалы болды ма?

3 Балалар қазір біз сіздермен болашақтағы сәулет өнері- болашақтың кинетикалық модельдері туралы қызықты видеоролик қараймыз.
А) Видеороликті қарау;
Б) сұрақтарға жауап беріңіз:
- Берілген модельдің артықшылықтары туралы айтып беріңіз?
С) Қолда бар материалдарды қолдана отырып берілген модельді қалай жасауға болатындығы туралы мұғалімнің көрсетілімі.
Кері байланыс. Бүгін сіздер өздеріңіздің ғимараттарыңызды жасау үшін қажетті материалды таңдайсыздар.
Ғимараттың кинетикалық моделін жасау үшін қандай материалды және қалай қолданатындығыңыз туралы ойланыңыздар.

4 Практикалық жұмыс.
А) Ғимаратты салыстыру үшін тапсырманы орындау;
Б) Жұмыстың басында оқушыларға қайшы мен ыстық желіммен жұмыс істеу туралы қауіпсіздік ережесін ескерту:
1. Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;
2. Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;
3. Еріген желім өте ыстық болғандықтан 5 минуттан кейін ғана ұстау керек;........


0 + 0 -

Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала ашылудa...