Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Бұрғы ережесі. 2-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

 Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Бұрғы ережесі. 2-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Бұрғы ережесі. 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.4.1.1 – өткізгіштердің магнит өрісін сипаттайтын шаманы түсіндіру;
Сабақтың мақсаттары: Магнит өрісінің күштік сипаттамасын біледі;
Көпшілігі:
Қоршаған орта туралы жаратылыстану білімдерін қалыптастыруды жалғастырады, ток өтіп жатқан өткізгіш пен қозғалыстағы зарядқа магнит өрісі тарапынан әрекет ететін күштің пайда болу себебін түсіндіреді.
Кейбіреуі:
Магнит өрісінің бағытын үшөлшемді кеңістік тұрғысында елестетіп бағдарлай алады.

Сабақтың мақсатын анықтау.
Күтілетін нәтижелер белгілеу.
Ой қозғау (презентация)
Магнит өрісі туралы төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіру.
Магнит өрісі
Бұл шын мәнінде де қозғалыстағы зарядталған бөлшектердің арасында жүзеге асатын өзара әрекеттесу барысында көрініс беретін материяның айрықша түрі.
Магнит өрісінің күштік сипаттамасы болатын физикалық векторлық шама магнит индукция векторы В деп аталады.
Магнит өрісінің күш сызықтары – өрістің кез-келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін көрнекі сызықтар (1 - сурет).
(1 - сурет)
Магнит өрісінің күш сызықтары еш жерде үзілмейтін тұйық сызықтар болғандықтан магнит өрісін құйынды өріс деп атайды. Бұл магнит өрісінің көзі магнит зарядтары болмайды дегенді білдіреді.
Индукция векторының оң бағытына магнит өрісінде S оңтүстік полюстен N солтүстік полюске (2 - сурет) еркін бағдарланатын магнит тілшесінің бағыты қабылданған.
(2 - сурет)
Магнит индукция сызықтарының бағыты – бұрғы ережесі немесе оң қол ережесімен анықталады.
Оң бұрғы ережесі: егер бұрғының ілгерілемелі қозғалысы токтың бағытымен сәйкес келсе, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді. (3 - сурет)
(3 - сурет)
Оң қол ережесі (негізінен соленоид ішіндегі магнит өрісі сызықтарының бағытын анықтау үшін):
Егер оң қол бас бармағын өткізгіштегі токтың бағытымен бағыттаса, онда өткізгішті орай ұстаған төрт саусақтың бағыты магнит өрісі күш сызықтарының бағытын көрсетеді (4 - сурет).
(4 - сурет)
Біртекті магнит өрісі - бұл магнит өрісінің индукция векторы өрістің кез келген нүктесінде шамасы мен бағыты бойынша тұрақты болып қалатын өріс. Мысалы, жазық конденсатор пластиналарының арасындағы өрістен, соленоид ішіндегі өрістен (егер оның диаметрі ұзындығынан өте кіші болса) немесе жалпақ магниттің ішінде өрістен бақыланады.
Магнит өрісінің қасиеттері
1) Магнит өрісі тогы бар өткізгіштегі қозғалыстағы зарядталған бөлшектер, тұрақты магниттер маңайында көрініс береді;
2) Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған;
3) Магнит өрісі құйынды өріс, демек магнит өрісінің көзі магнит зарядтары болмайды.
1820 жылы дат физигі Эрстед тәжірибе жүзінде электр тогының магнит тілшеге әрекет ететінін байқаған. Осыдан тогы бар өткізгіш маңайында магнит өрісі пайда болады деген тұжырым жасаған.
Эрстедтің тәжірибесінен шығатын қорытындылар:
а) Магнит өрісін бақылаушыға қатысты қозғалыста болатын заряд тудырады және ол тек токқа немесе қозғалыстағы зарядқа әрекет етеді.
ә) Магнит өрісі тогы бар өткізгішке тек күшпен ғана әрекет етпейді, ол сонымен қатар магнит өрісінің күш сызықтарына қатысты оның бағытын да өзгертуге тырысады.
б) Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы, магнит өрісі құйынды, тұйық өріс......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 762



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?