👈 қаріп өлшемі 👉

Жылымық кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

 Жылымық кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы 1-сабақ  (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Хрущевтық «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар)
Сабақтың тақырыбы: Жылымық кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы 1-сабақ «Жылымық кезеңі»қоғамға қандай өзгеріс әкелді?
Оқыту мақсаттары: 9.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау
Сабақтың мақсаты: Хрущевтық «Жылымық» кезеңіндегі қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіну.
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, олардың назарын пәнге аудару, топтастыру, кабинет мүлкін, құрал жабдықтарды жинақы, ұқыпты ұстау қажеттігін ескерту.
Өткенді еске түсіру:(Б) Оқушылар осыған дейінгі білімдеріне естеріне түсіп, репрессиялардың себептері мен салдарларын. Репрессияға ұшыраған топтарды атайды (зиялылар, орта тап, депортацияланған халықтар, тұтқында болған әскери адамдар және т.б. әлеуметтік топтар)

БЫМ: Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеу туралы Хрущевтің ХХ съезде сөйлеген сөзінен бейнероликтен үзінді көрсетіледі.
(Т) Бейне материал:

КОКП ОК-нің «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» (маусым, 1956 жыл) қаулысы
Оқушылар бейне материалды тыңдай отырып келесі тапсырмаларды орындайды:
Дескрипторлар:
1. Қаулы не себепті қабылданғанын біледі
2. Бұл қаулының жариялануы мемлекет пен қоғамда қандай өзгерістер әкелгенін біледі.
3. Не себепті бұл қаулы сол кезде құпия сақталып, 33 жылдан кейін ғана жарияланғанын біледі.
Зерттеу жұмысы
Зерттеу сұрағы:
Жылымық кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы қалай болды?

(Т/Ж) «Жылымық кезеңі»қоғамға қандай өзгеріс әкелді?

Оқиға/өзгерістер тізбегі бойынша сынып талқылауын ұйымдастырып, өзгерістердің маңыздылығын анықтап «маңыздылық деңгейі» бойынша орналастырады.

Мұғалімнің бағалауы мен кері байланысы.
Үй тапсырмасы: Оқушылар
тақырып бойынша бір деректі фильм қарап немесе бір дереккөзбен танысып келіп, келесі сабақта «Н.С. Хрущев» тақырыбына топтастыру тапсырмасын орындау барысындағы тың мәліметтерімен бөліседі. Қолданған дереккөздің құндылығын бағалайды. «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» қаулы.....

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы