XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

 XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
Сабақтың мақсаты: XIX ғ. өнер туындыларының қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайды танып білудегі орнын анықтау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Өткен материалды еске түсіру.
Суретпен жұмыс. «Үздіксіз сөйлеу»
Оқушыларға музыкалық аспаптарға қатысты суреттер топтамасы ұсынылады. Оқушылар кезек-кезек тақтаға шақырылып, өздеріне түскен музыкалық аспап туралы баяндауын қажет. Оқушылар өздеріне түскен музыкалық аспап туралы «Үздіксіз сөйлеу» тапсырмасын орындауы үшін белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз сөйлеп, білімін көрсетеді.
Ұсынылған музыкалық аспаптар:
 Домбыра
 Қобыз
 Сырнай
 Жетіген
 Адырна
 Асатаяқ
 Тұяқтас
Дескриптор:
-Музыкалық аспаптың атауын атап, құрылымын сипаттап шығады;
- Музыкалық аспаптың ерекшелігі мен оған қатысты тарихи әңгімені әңгімелейді
Ой шақыру.
БЫМ Оқушылар келмей тұрып сыныптың қабырғаларына XIX ғ . өмір сүрген өнер тұлғаларының суреттері, олардың шығармалары туралы ақпарат пен қысқаша өмірбаяндар жазылған парақтар ілінеді. /Бұл көрнекіліктер сабақ барысында тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылады/
Сынып бөлмесіндегі мәліметтерге сүйене отырып, оқушылардан сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкіндігі сұралады.
- Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?
-Суреттер мен мәтіндер мазмұнына қарап бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел
Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?
Зерттеу мен талдау
(Т) 1-тапсырма. Ұғымдармен жұмыс.
Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері жазылған карточкалар ілінеді. Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылып, олардың мазмұнын оқып шығуға мүмкіндік беріледі. Мұғалім сонан соң оқушылардан тақтадағы жаңа ұғымдардың атаулары карточкадағы сөздердің қайсысымен сәйкес келетіндігі туралы сұрайды. Жаңа сөздердің мағынасын «дұрыс» таптым деген оқушы жауабын оқиды, егер ол жауап дұрыс болған жағдайда (мұғалім жауаптардың дұрыс/бұрысын тыңдап тұрады) тақтадағы жаңа ұғымдардың біріне сәйкесінше орналастырады. Немесе слайдта дайындалған ақпараттар негізінде жұмыстануға болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 728



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі