Географиялық қабықтың заңдылықтары №1 (8 сынып, III тоқсан)

 Географиялық қабықтың заңдылықтары №1 (8 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Географиялық қабықтың заңдылықтары №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.5.2.- географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын түсіндіреді
Сабақтың мақсаты: Оқушылар :
• Географиялық қабық заңдылықтарын анықтап, маңыздылығын түсіндіреді.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
2. Тақтаға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары көрсетіледі.
3. Идеялар кілемшесі әдісі арқылы «Заңдылық» ұғымын қалай түсіндіресіз? Сұрағына жауап алу.
4. Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі.
Географиялық қабық құрамдас бөліктерден тұрғанымен біртұтас жүйені құрайды. Географиялық қабықтың әр компоненті өз заңдылықтары бойынша дамиды. Себебі бір құрамдас бөлік өзгеріске ұшыраса, қалған басқа компоненттердің өзгеруіне, дамуына кедергі келтіреді. Сонымен қатар Жердің өз білігінен айналуы есебінен Жердегі температура және ылғалдылық тәуліктік ауытқуы байқалып, жануарлар дүниесі және адамзат өз тіршілік ету уақытын реттейтін тәуліктік ырғақтылық байқалады. Ал Жердің Күнді айнала қозғалу себебінен жыл мезгілдері өзгеріп, табиғи процестердің жылдық ырғағын туғызады. Сонымен қатар Жерге Күннің түсу бұрышына сәйкес, экватордан полюстерге қарай жылу мен жарықтың әркелкі таралуына байланысты географиялық қабықтың зоналылық қаңдылығына байланысты табиғат зоналары бірін- бірі алмастырады.
5.(Т/Ж) Галерея әдісі арқылы әр топ өзіне жүктелген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау шартымен таныстыру.
Әр топ жанындағы мәліметтерден ақпарат жинау арқылы суреттермен географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы, дәлелдер ұсыну ырғақтылық заңдылығы, дәлелдер ұсыну, зоналылық заңдылығы, дәлелдер ұсыну арқылы постер дайындайды.
Әр топ сабақтың мақсатына жетуге бағытталған тапсырмаларды орындайды.
1. I топ. Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығын анықтайды, дәлелдейді
II топ. Географиялық қабықтың ырғақтылық заңдылығын анықтайды, дәлелдейді
III топ. Географиялық қабықтың зоналылық заңдылығын анықтайды, дәлелдейді
Дескриптор Оқушылар
 географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығын сипаттайды.
 географиялық қабықтың ырғақтылық заңдылығын сипаттайды
 географиялық қабықтың зоналылық заңдылығын сипаттайды.
Оқушылар бірін- бірі бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы
Қосу (+) Алу (-) Қызықты
6. Қорытынды.
Оқушылар тақырыпқа сәйкес қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 868



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі